«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Конкурс

11 апреля 2019

«Ақ жол» партиясы 2019 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауын жариялайды

 

 

Назар аударыңыз!

«Ақ жол» демократиялық партиясы 2019 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауын жариялайды

 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ»

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.

Байқауға Алаш қозғалысы тақырыбында зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жұмыстарымен (алғашқы үш номинация – авторлық мақала немесе эссе, төртінші номинация – БАҚ өнімі)  қатыса алады.

Байқау жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқау келесі төрт номинация бойынша өткізіледі:

1.     Алаш қайраткерлерінің мемлекеттілік туралы идеяларының қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы:

-          Алаш және парламентаризм;

-          Алаш және дипломатия;

-          Алаш және саяси партиялар;

-          Алаш және мемлекетті басқару формасы;

-          Алаш және демократиялық құндылықтар,

-          Алаш және құқықтық сана, т.б.

2.      Алаш ұстанымы және бүгінгі ұлттық экономика мен әлеуметтік саланы жетілдіру мәселелері:

-          Алаш қайраткерлерінің көшпелі және отырықшы шаруашылық туралы пікірталастары;

-          Қазақстанның шикізат қоры және өнеркәсіпті дамыту;

-          Алаш және еңбек қоғамын қалыптасыру;

-          Алаш және нарық;

-          Алаш және салық мәселесі, т.б.

3.      Ұлы Дала жетістіктерін зерделеудегі Алаштың рухани мұрасының орны:

-          Алаш қайраткерлерінің түркі әлемінің генезисі туралы зерттеулері;

-          Алаш қаламгерлері шығармашылындағы «Алтай», «Түркістан», т.б. киелі ұғымдардың бейнесі;

-          Алаш және мәдени код;

-          Алаш идеялары және ұлттық бренд, т.б.

БАҚ журналистері үшін арнайы номинация

4.     Бүгінгі заман контексіндегі Алаш:

-          Публицистік мақалалар;

-          Деректі фильмдер;

-          Хабарлар;

-          Репортаждар;

-          Журналистік зерттеулер;

-          Сұхбаттар;

-          Ток-шоу шығарылымы.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

1-кезеңде  Байқауға келіп түскен жұмыстарға қазылар алқасы сараптама жасап, іріктеуден өткізеді. Әр номинация бойынша үздік 10 (барлығы – 40) жұмыс екінші кезеңге жіберіледі.

2-кезеңде  үздік 40 жұмыстың авторлары тақырыбы бойынша баяндама жасап, өз номинациясындағы қарсылас үміткерлермен пікірталасқа түседі. Сұрақ-жауап және талқылау түрінде болатын бұл кезең  «Ақ жол» ҚДП   белгілеген қалада өткізіліп, әр номинциядан үздік үш (барлығы 12) қатысушы ақтық сынға жолдама алады. 

3-кезең Алашорда үкіметінің құрылған күні қарсаңында, желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Байқаудың ақтық сынына қатысушылар өз жұмыстарын қорғап, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Байқау шарттары:

1.     Жұмыс бір адамның (жеке үміткердің) атынан  және өзі көрсеткен номинация бойынша ұсынылады;

2.     Жұмыста Алаш қайраткерлері көзқарастарының бүгінгі дәуірмен сабақтастығы міндетті түрде қамтылуы тиіс;

3.     Плагиатқа (басқа авторлардың дайын жұмыстарын көшіріп ұсынуға) жол берілмейді;

4.     Шығарма бастақырыбының оның мазмұнына сәйкес келгені және тапқыр да жинақы қойылғаны мақұлданады;

5.     Жұмыста сілтеме жасалған дереккөздер дәл, нақты және шынайы болуы қажет;

6.     Талапқа сай безендірілмеген және мерзімінен кеш жолданған жұмыстар қабылданбайды.

7.      Осыған дейінгі жеңімпаздар Байқауға қатыса алмайды.  

Мақаланы (эссені) рәсімдеу талаптары (алғашқы үш номинация үшін):

Мәтін 14 өлшемді Times New Roman қарпімен теріледі; жоларалық интервал – 1; абзац шегінісі – 1,25 см; беттің оң жағынан – 3 см, үстіңгі және астыңғы жағынан –  2 см, сол жағынан 1,5 см кеңістік қалдырылады.

Байқауға қатысу туралы өтініште жұмыс авторының толық аты-жөні, туған жылы, тұрғылықты мекен-жайы, қызмет (оқу) орны, ғылыми дәрежесі (бар болса), ұялы байланыс телефоны мен электронды поштасы толық көрсетіледі.   

Мақаланың (эссенің) көлемі 10 беттен аспауы тиіс.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар  2019 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.

Байқаудың жүлде қоры – 4 миллион теңге. Ол келесі тәртіп бойынша бөлінеді:

2-кезеңге жолдама алған үміткерлердің әрқайсысына (ақтық сынға өтетін 12 қатысушыдан басқасына) 25 мың теңгеден қаржылай сыйлық беріледі.

Ақтық сайыс қорытындысы бойынша номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін қаржылай сыйлық көлемі:

Бірінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

Екінші орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

Үшінші орын – 100 000 (жүз мың) теңге.

Жеңімпаздар  мен жүлдегерлерге Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі табысталады. 

Байқау жеңімпаздары (1-орын) мен жүлдегерлерінің (2,3-орындар) мақалалары жеке жинақ түрінде жарық көреді.

Байқаудың 2 және 3-кезеңдеріне қатысушылардың іссапар және жатын орын шығындары «Ақ жол» ҚДП  тарапынан төленеді.

Байқау жұмыстары «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына (Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел, 30, «Ақ жол» ҚДП кеңсесіне) немесе alash_akzhol@mail.ruakzholpress@mail.ru электрондық поштасына жолданады.

 

 

 

Жаңалықтар легі

Видео

22 апреля 2019
22.04.2019. Талғат Ерғалиевтің жолдаған бейнеүндеуі.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс