«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партия туралы

Қазақстанның «Ақжол» демократиялықпартиясы Ақжол» ҚДП) – Қазақстандағы саяси партия, өзін «сындарлы оппозиция», бизнес партиясы және ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасары деген ұстанымын айқындаған.

«Ақ жол» демократиялық партиясы әділет органдарында 2002 жылы 3 сәуірде тіркелген.

«Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің тең төрағалары болып Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов сайланды.  

2003 жылдың 09 қарашасында «Ақ жол» ҚДП III съезінде «Ақ жол» партиясының тең төрағалары саны 5 адамға дейін жеткізілді. «Ақ жол» ҚДП тең төрағалары болып қосымша Людмила Жуланова мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сайланды.  

2005 жылдың 13 наурызында «Ақ жол» ҚДП Y съезі «Ақ жолдың» тең төрағалар институтын жою туралы қаулы қабылданды, ал партияның бірыңғай төрағасы болып Әлихан Бәйменов сайланды.

Партия 2004 жылғы Мәжіліске сайлауда ресми деректер бойынша 12,04 % дауыс жинады және 1 депутаттық мандат алды.

Партия 2007 жылғы Мәжіліске сайлауда 3,09 % дауыс жинады және парламентке өтпей қалды.

2011 жылы 2 маусымда партияның Астанада өткен съезінде «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының басшысы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы бірауыздан сайланды. Перуашев Азат Тұрлыбекұлының келуімен партия өз қызметінің ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық, зияткерлік негізіне түбегейлі өзгерістерді іске асырды және өзінің дамуының сапалы жаңа деңгейіне шықты. «Ақ жол» партиясына бизнес өкілдері белсенді кіре бастады.

2012 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракция болып есептелініп,  Мәжілісте депутаттық фракциясы бар.  

2012 жылдың сайлау қорытындысы бойынша партия сайлаушылардың 7,47 % дауысын жинады және 8 депутаттық мандатқа ие болды.

2016 жылдың сайлау қорытындысы бойынша партия 7 мандат алды.

«Ақ жол» ҚДП-ның  облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында 16 филиалы жұмыс істейді,  Жезқазған, Семей, Түркістан қалаларында 3 өкілдіктері бар.
 

Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2016ж. желтоқсан айына), олардың ішінде – 167 014 ер адам, 88 786 әйел адам.

«Ақ жол» Демократиялық партиясының негізгі мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуына, оның құқықтары және бостандықтарының сақталуына, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының ұдайы көтерілуіне, сондай-ақ қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуіне жету үшін  қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

«Ақ жол» партиясы Қазақстанда бәсекелестікке қабілетті және нарықтық экономика құрудың, жеке, ең әуелі, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың табанды жақтаушысы ретінде танылды.

Партия өзін ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың іргелі негіздерін қалаған,  ұлттық мүдделерімізді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде, қазақ қоғамын еуропалық жолмен  жаңғыртуды өзінің мақсаты еткен «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасары деп жариялап, арнайы бағдарлама қабылдап, Алаш мұрасын, идеяларын көпке тарату бағытында жүйелі іс-шаралар атқарып келеді.

«Ақ жол» партиясының әлеуметтік тірегіқалыптасқан және дербес орта тап, оның ұйытқысы отандық зиялы қауым және кәсіпкерлер.

«Ақ жол» демократиялық партиясы қоғам және экономиканы алға бастырудың  ең өзекті міндеттерін қойып және сол міндеттердің тиімді шешімдерін табуға қабілетті жекеменшік иелерінің, басқарушылар мен интеллектуалдар табы ретінде ұлттық бизнестің, техникалық және шығармашылық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жәрдемдесуді өзінің тарихи миссиясыдеп санайды.

Жаңалықтар легі

Видео

12 сентября 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс