«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Конкурс

07 декабря 2015

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 2016 жылғы ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының басталғанын жариялайды.

Байқау қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналады, Оның қорытындысы 2016 жылдың 5 наурызында – Ә.Бөкейханның туған күнінде шығарылады. Байқаудың жүлделік қоры 1 миллион теңгеге ұлғайтылып, 4 миллион теңгені құрайды.

Төменде 2016 жылғы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының жаңартылған шарттары келтіріледі.


«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату.

Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шет елдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады.

Байқау жұмыстары қазақ, орыс және Қазақстанның басқа этностарының тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді.

Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі.

Номинациялар:

1. Әлихан Бөкейханның мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;

2. Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;

3. Әлихан Бөкейхан жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жаңғыруы, еуропалық жолмен дамуы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі. 

4. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер;

Кезеңдер:
1 кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу. Байқау жұмыстары 2016 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс

Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша түскен материалдардың саны мен сапасына орай 10 үміткерге дейін іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады. 


2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін екі аптаның ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.

Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 3 үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынады. 

3 кезең: Әлихан Бөкейханның туған күні 2016 жылдың 5 наурыз күні «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі. 2-ші кезеңнің жеңімпаздары баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлерін арнайы қазылар алқасы анықтайды.

Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.

Байқаудың жүлделік қоры 4 млн. теңгені құрайды.
Жалпыұлттық Байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:

 - 1-ші кезеңде Байқаудың екінші кезеңінің қатысушылары анықталады;

- 2-ші кезеңде Байқаудың финалына – 3-ші кезеңге өткен қатысушылар анықталады (әр номинация бойынша 3 үміткер). Жазба жұмыстары авторларының (әр номинация бойынша 7 адамға дейін, келесі кезеңге өткендерден басқасы) әрқайсысы – 25 мың теңгемен марапатталады.

- 3-ші финалдық кезеңде 4 номинацияның әрқайсысы бойынша жүлделік орындарды бөлу жүргізіледі. Байқау жеңімпаздарына арнайы естелік белгілер мен келесі сыйақылар беріледі:

Бірінші орын – 300 мың теңге;

Екінші орын – 200 мың теңге;

Үшінші орын – 100 мың теңге.

Байқаудың барлық қатысушылары грамоталар мен алғыс хаттармен аталып өтеді.

  Байқаудың бетпе-бет пікірсайыстар кезеңдерінің (2; 3 кезеңдер) қатысушыларының іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді. 

1-ші кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстары ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, Сарыайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына немесе alash_akzhol@mail.rupress-akzhol@mail.ru , тел. (87172) 602 682, 602 688, 602 673

 

Жаңалықтар легі

Видео

16 февраля 2017
А.Перуашев Қазақстанда франчайзинг жүйесін дамытуды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс