«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Конкурс

01 наурыз 2017

Назар аударыңыз!

«Ақ жол» демократиялық партиясы 2017 жылғы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының басталғанын жариялайды

            Байқау Алаш қозғалысының: Алаш ұлттық автономиясының, «Алаш» партиясының және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналады. Байқаудың қорытындылары атаулы датаның қарсаңында, ағымдағы жылдың 5-13 желтоқсан аралығында шығарылады, бұл күндері осыдан 100 жыл бұрын Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өткен.

Байқаудың жүлделік қоры 4 миллион теңгені құрайды.

Төменде 2017 жылғы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының жаңартылған  шарттары келтіріледі.

 

«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

    Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату.

    Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шет елдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады.

   Байқау жұмыстары қазақ, орыс және Қазақстанның басқа этностарының тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді.

    Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі.

Номинациялар:

 1. Конституциялық реформа және Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектеріндегі мемлекеттік құрылыс, демократиялық құндылықтар мәселелері.

2. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың мәселелері және осы идеяларды қазіргі заманғы  Қазақстанда дамыту;

3. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның рухани-мәдени жаңғыруы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі. 

4. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер;

Кезеңдер:
         1 кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу. Байқау жұмыстары 2017 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс

    Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша түскен материалдардың саны мен сапасына орай 10 үміткерге дейін іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады. 


        2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін екі аптаның ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.

    Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 3 үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынады. 

    3 кезең: Алаш қозғалысының 100 жылдығы қарсаңында 5-13 желтоқсан аралығында «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі. 2-ші кезеңнің жеңімпаздары баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлерін арнайы қазылар алқасы анықтайды.

    Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.


Жалпыұлттық Байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:

 - 1-ші кезеңде Байқаудың екінші кезеңінің қатысушылары анықталады;

-   2-ші кезеңде Байқаудың финалына – 3-ші кезеңге өткен қатысушылар анықталады (әр номинация бойынша 3 үміткер). Жазба жұмыстары авторларының (әр номинация бойынша 7 адамға дейін, келесі кезеңге өткендерден басқасы) әрқайсысы – 25 мың теңгемен марапатталады.

-  3-ші финалдық кезеңде 4 номинацияның әрқайсысы бойынша жүлделік орындарды бөлу жүргізіледі. Оларға келесі сыйақылар беріледі:

Бірінші орын – 300 мың теңге;

Екінші орын – 200 мың теңге;

Үшінші орын – 100 мың теңге.

Байқаудың барлық қатысушылары грамоталар мен алғыс хаттармен аталып өтеді.

Әр номинация бойынша 1-ші орынды иеленген жеңімпаздарға Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі табысталады. 

  Байқаудың бетпе-бет пікірсайыстар кезеңдерінің (2-ші, 3-ші кезеңдер) қатысушыларының іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді. 

     1-ші кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстары ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, Сарыайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына немесе alash_akzhol@mail.ru; akzholpress@mail.ru электрондық поштамен жолданады.

Жаңалықтар легі

Видео

16 ақпан 2017
А.Перуашев Қазақстанда франчайзинг жүйесін дамытуды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс