«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның жаңа бағдарламасы

Қазақстаннның «Ақ жол» Демократиялық партиясының жаңа бағдарламасы


Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының

                        САЯСИ БАҒДАРЛАМАСЫ                           

 
                 «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ЖӘНЕ ЕЛДЕГІ АХУАЛ      

      Ұлттық тәуелсіздік – басты құндылық 
             және Қазақстанның прогрессивті дамуының шарты 

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қазіргі әлемде лайықты орнын алып, толыққанды егемен мемлекет ретінде танылды. Осы уақыттың ішінде елде өмір сапасын айтарлықтай көтеретін, Қазақстандық экономиканың келбетін өзгертетін, оның шикізат ресурстарын экспорттауға тәуелділігін азайтатын, отандық өндірістің және жоғары технологиялық секторлардың үлесін арттырудың  мемлекеттік бағдарламалары қабылданды және іске асырылуда. Экономиканың және тұрғындар өмірі деңгейінің алға бағытталған өсуі қамтамасыз етілді.

 Адам капиталының сапалық жағынан өсуі Қазақстанды дамытудағы  жоғары басымдылық ретінде ресми деңгейде жарияланды. Әлеуметтік жаңғырту саясатын қабылдау республика азаматтарының әл-ауқатын және әлеуметтік көңіл-күйін жақсартудың ұзақмерзімді стратегиялық трендін қалыптастырады.

 «Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекетті дамытудың осы стратегиялық бағытын қолдайды, өйткені біз Қазақстанның басты құндылығы  мұнай мен металдар емес, біздің талантты халқымыз деп есептейміз.

Еліміздің тәуелсіздік алуы қазақ халқының тілін, мәдениетін және  рухани құндылықтарын ығыстырудан құтқарды, оларды біздің еліміздің барлық этностарының тілі және төл мәдениетін сақтай отырып, әрбір қазақстандықтың игілігіне айналдыруға мүмкіндік берді. 

Сыртқы әлемге ашықтығымыздың арқасында Қазақстан азаматтары жалпы әлемдік құндылықтарға, ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерге барған сайын көбірек араласа бастады. 

Жеке тұлғаның кәсіби, шығармашылық, рухани дамуына ел ішіндегі  саяси тұрақтылық, ұлтаралық, дінаралық келісім қолайлы жағдайлар жасауда.

 Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасуымыздың, салмақты сыртқы саяси бағытымыздың арқасында Қазақстан халықаралық қатынастарда  беделді қатысушыға айналды. Еліміздің Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі, сондай-ақ Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары Кеңесінің (АӨСШК) құрылуы Қазақстанды әлемдік деңгейде мойындаудың жарқын көріністері болып табылады. 

Қазіргі заманның негізгі сын-қатерлері мен қарама-қайшылықтары 

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің көптеген басқа да мемлекеттері сияқты қаржы-экономикалық дағдарысы мен өткір геосаяси қарама-қайшылықтардың  салдарынан қазіргі заманның сын-қатерлерімен бетпе бет келіп отыр.

ХХ1 ғасырдағы үдей түскен жаһандану әлемдегі әр түрлі елдердің өзара әрекеттестігіне ықпал ететін шешуші факторға айнала бастағаны анық. Кейінгі жылдары бірталай мемлекеттер ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс тудырған әлеуметтік-экономикалық және саяси күйзелістерге өздерінің дәрменсіздіктерін және осалдықтарын көрсетті. 

Бұл дағдарыс ел экономикасына мемлекеттің қатысуының өсуін ынталандырды. Дағдарысқа қарсы шаралардың жасалуының және жүзеге асуының, оған қоса қаржылық секторға, кәсіпкерлікке және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетудің арқасында, Қазақстан ғаламдық сынақтардың соққыларына төтеп бере алды.

Дегенмен, байқалып отырған мемлекеттік кәсіпорындардың құрылуының жандана түсуі бәсекелестік ортаны едәуір қысқартады және экономиканың жеке секторын дамытуды жолдың жиегіне ығыстырып тастайды. Қатаң қазыналық режімді қоса алғанда, әр түрлі әкімшілік тосқауылдар әрекет етуін және көбеюін жалғастыруда. Бұл азаматтық және кәсіпкерлік бастамашылдықты қатты тежейді. Жастар өкілдерінің көпшілігінің  бүгінде өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруын немесе жеке бизнесін құруды емес, министрліктегі шенеуніктік мансап немесе ұлттық компаниядағы менеджерлікті армандауын кездейсоқтыққа жатқызуға болмайды. 

Ұлттық мемлекеттерді  саяси және экономикалық одақтарға біріктіру жолымен аймақтандыру беталысы сыртқы күштердің ықпал ету сипатына ие.Қазақстанның Кеден одағының және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен интеграциясы ғаламдық сын-қатерлерге бірігіп қарсы тұру үшін осы елдердің әлеуетін біріктіруі тиіс.

Сонымен қатар осы бірігудің аясында Қазақстан серіктес-елдердің ішкі нарықтарына кіруде кедергілерге, өзіне қатысты әр түрлі мемлекетаралық келісімдердің орындалмай жатқанына тап болуда. Келіссөздер процесінде қазақстандық шенеуніктер тарапынан бастамашылдық ұстанымның болмауы жағдайды ушықтыра түседі. Отандық бизнес үкімет тарапынан бара-бар және уақытылы артықшылықтар (преференциялар) алмайды, мемлекеттік органдардың бизнесті қолдау жөніндегі шаралары көбіне кешігушілік және екіұштылық сипатқа ие. Мұның барлығы біздің еліміздің экономикасына зиян келтіреді.  

Осының фонында КО-ЕАЭО бойынша серіктестер тарапынан тәуелсіздігімізге және мемлекеттік шешімдерді дербес қабылдауға қауіп тудыратын ұлтүсті парламент және өзге құрылымдар құрудың қажеттілігі туралы жол беруге болмайтын мәлімдемелер де оқтын-оқтын жасалып қалуда. 

Жаhандық сын-қатерлер жағдайларында Қазақстанда кейінгі жылдары сондай-ақ басқа да проблемалар және сын-қатерлер туындап қалып отыр.

Қазақстандық қоғамның табыс және әл-ауқат деңгейі бойынша жіктелуінің жоғары деңгейі сақталуда. Кедейлер мен байлардың арасының алшақтығының артуы әлеуметтік теңсіздікті тудыруға, еңбекпен келген табыстардың және әлеуметтік әділеттілік ұстанымдардың беделін түсіреді. Баспанамен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері өте ширығып тұр. Бұқаралық әлеуметтік сатылар жоқ, қоғамның аз қамтамасыз етілген топтарындағы жастар үшін анық еңбек және өмір жолына үміттендіретін келешек жоқ. 

Еліміздің экономикасында квазимемлекеттік сектордың шамадан тыс өсу үдерістері жүруде. Негізгі салаларда мемлекет бақылауындағы холдингтер мен компаниялар үстемдік танытуда. Жекеменшікті қорғаудың абсолюттік құқықтық кепілдіктері мен тетіктері жасалмаған, ол рейдерлік және бизнесті тартып алу фактілеріне жол ашады. Осының барлығы бәсекелестік ортаны бұзады, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес еркіндігіне қауіп төндіреді, ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін төмендетуге әкеледі. 

Республика өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі алшақтық тереңдеп барады. Еліміздің көптеген ауылдарында, селоларында және шағын қалаларында халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының жағдайы төмен. Осыған орай тұрғындардың қалаларға көшуінің өсуі орын алуда. Ең жоғары деңгейдегі жалақысы бар мұнай өндіретін өңірлерде, оны алатындар негізінен шетелдік мамандар болып қалып отыр. Ал дәл осы облыстардың жергілікті тұрғындарының арасында, керісінше, кедейлік пен жұмыссыздық ең жоғары деңгейде.

Азаматтардың санасына материалдық игілікке деген табынушылықты күшейтетін, рухани құндылықтардың рөлін төмендететін, өндірімді іс-әрекетті және адал еңбек табыстарының беделін түсіретін тұтынушылық ойлау жүйесі жағымсыз әсерін тигізуде.

Халықтың әлеуметтік көңіл күйі әлсін-әлсін нашарлауда. Бюджеттің аса зор шығындарына қарамастан, елде тұрғын үй проблемасы шешілген жоқ, зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақыны есептеулер тәртібі мен мөлшерлері күдіктер және өткір пікір-таластар тудырады. Денсаулық сақтау жүйесі қымбат тұратын жабдықтармен сығылысып жатыр, бірақ біліктілік пен адамгершіліктен барған сайын алыстап барады. Қатардағы дәрігерлердің еңбегі мен кәсібилігі басшылықтың сайма-сай бағасын алмайды. Білім беру саласы таусылмайтын эксперименттер үшін сынақ алаңына айналды. Оқулықтар сапасы және білім деңгейі құлдилап кері кетті.

Қазақстаннан әр түрлі жолдармен, оффшорлық аймақтарды қоса алғанда, шет елдерге «откаттар», тендер кезіндегі бағаларды көтеру және т.б. түрде бюджеттік қаражаттардың аса зор сомалары шығарылып жатыр. Сондықтан да ресми табыс жан басына шаққанда шығысеуропалық елдердің деңгейінде деген кезде, қатардағы қазақстандықтың өмірін «еуропалық» деп атау мүмкін емес.

Пайда болуы күмәнді табыстарға өмір сүретіндердің жағымсыз кейпі қарапайым адамдардың көбінің түңілу және алданып қалу сезімдерін өршітеді, әлеуметтік шиеленісуді қалыптастырады, ал мұның өзі, басқаны айтпағанда, этникалық және діни ағымдарды саясаттандыруға жетелейді. Республиканың тұрақты дамуы және ұлттық қауіпсіздік үшін терроризм мен экстремизмнің көрініс табуы айтарлықтай сын-қатерге айналды.

Осындай жүйелі проблемалардың басты көзі сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралуы болып табылады. Жемқор шенеуніктердің арасында ашық іріткі салушылық және бопсалаушылық, қабылданатын шешімдердің мөлдір еместігі және әділетсіздігі, қарапайым азаматтарға немқұрайдылық пен құрметтемеу, таяз кәсіби біліксіздік жиі кездесетінін байқауға болады.

Экономикалық либерализм және саяси бостандықтар  - бір медалдің екі жағы, бұл өзара байланысты және өзара толықтырушы үдерістер. Экономикадағы жекеменшік секторының қысқартылуы, тұтастай салаларды және салттарды мемлекеттік меншікке алу, кәсіпкерлік бастамалардың төмендеуі азаматтық қоғамның өсе түскен енжарлығы мен жігерсіздігінің, мінез-құлықтың тұтынушылық және патерналистік үлгісінің дамуының, көптеген адамдардың мемлекет тағдырына және тіпті өзінің отбасы үшін жауапкершілік алуға моралдық жағынан дайын еместігінің айна-қатесіз көрінісін бейнелейді.      

Кәсіпкерлік сектордағы ахуал да осыған ұқсас, мемлекеттік әлеуметтік және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар арқылы азаматтық қоғам институттарының саясаты мен білдіретін ұстанымдары «мемлекеттік меншікке алынды», бұқаралық ақпарат құралдарында өз-өзіне цензура енгізу және тынышталу беталысы байқалады.

Сонымен бірге елімізде өздеріне не қажет екенін анық білетін, өз тағдырларына өздері еге, өмірлік және азаматтық көзқарасын белсенді түрде білдіре алатын, өз отандастарын жан-жақты қолдайтын және қоғамның дамуына өзінің лайықты жеке үлесін қосып жүрген адамдардың саны да жеткілікті. Олар өз отбасының немесе аймағының деңгейіндегі, сондай-ақ бүкіл елдегі көптеген мәселелерді шешуге дайын.  

Осындай азаматтардың күш-жігерін және әлеуетін біріктіру арқылы жағымсыз тенденцияларды жоюға және Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа кезеңге өтуге қол жеткізуіміз керек. Бұл жаңа кезең тәуелсіздігімізді алған сәттен бергі қол жеткізген табыстарымызды баянды етіп, мемлекетті одан әрі нығайту, әрбір азаматтың мүмкіндіктерінің өсуін, өнімді және бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканың дамуын, біздің қоғамның ұлттық мүдделерін іске асыру үшін алғышарттар жасауы тиіс. 

             «Ақ жол» партиясының қазіргі замандағы рөлі мен орыны 

«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен ұсынылған жаңа саяси бағыт партияның келешектегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарларын белгілеуді анықтады. Сонымен бірге, өзінің саяси ұстанымдарына сәйкес, ұлттық мүдделерге және прагматизмге сүйене отырып, «Ақ жол» партиясы ортақ мақсаттардың орындалуына қол жеткізу үшін шаралар кешенін ұсынады.     

 «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының негізгі мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуына, оның құқықтары және бостандықтарының сақталуына, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының ұдайы көтерілуіне, сондай-ақ қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуіне жету үшін  қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Біздің партия ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың іргелі негіздерін қалаған,  ұлттық мүдделерімізді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде, қазақ қоғамын еуропалық жолмен  жаңғыртуды өзінің мақсаты еткен «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасары болып табылады.  «Алаш» қозғалысының базалық құндылықтары – ұлттық дербестік, либерализм, демократия, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, өнімді нарықты экономика, этностар мен діндердің теңқұқықтылығы - біздің бағдарларымыз болып  қызмет етуін жалғастырады. 

«Ақ жол» партиясы ұлттық мүдделерді ілгері жылжытады және қорғайды, өзінің іс-әрекетін қоғам мен мемлекеттің дамуының барынша жоғары деңгейіне шығуына жәрдемдесуге бағыттайды, олардың рухани және материалдық құндылықтарын қорғайды. Ұлттық мүдделер өзіңнің мемлекетің мен халқыңды, еліміздегі қазақ және басқа халықтардың өкілдерінің тілі, мәдениеті және дәстүрлерін құрметтеуге, Қазақстан аумағының және конституциялық құрылысының бұлжымастығын тануға, табиғи байлықтарын және өндірістік әлеуетін пайдаланудағы экономикалық ұлтшылдыққа сүйенуге тиіс.

«Ақ жол» партиясының әлеуметтік тірегі – қалыптасқан және дербес орта тап, оның ұйытқысы отандық зиялы қауым және кәсіпкерлер.Олар мемлекеттің рақымын күтіп отыра бермейді, өздеріне жасалған мүмкіндіктерді бастамашылдықпен пайдаланады, рухани және материалдық игіліктерді жасап, өзінің және жалпыға бірдей әл-ауқатты арттыра отырып, өз өмірлерін өздері құрады. Орта таптың өкілдері – жекеменшік иелері және менеджерлер, инженерлер мен заңгерлер, дәрігерлер мен педагогтар – экономиканың барлық секторларында, интелектуалдық және әлеуметтік салаларда ұлттық әл-ауқаттылықты жасауға қатысады.

«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы қоғам және экономиканы алға бастырудың  ең өзекті міндеттерін қойып және сол міндеттердің тиімді шешімдерін табуға қабілетті жекеменшік иелерінің, басқарушылар мен интеллектуалдар табы ретінде ұлттық бизнестің, техникалық және шығармашылық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жәрдемдесуді өзінің тарихи миссиясы деп санайды.

Экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жеткенде, қоғам мен саясаттағы тиісті өзгерістерсіз жаңа сапалық өзгерістерге қол жеткізу мүмкін емес.

Бұған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының қазіргі деңгейін тірек етіп алып, біздің қоғам әлеуметтік-экономикалық жаңғыруға және оны кеңейтіп жатқан саяси және мемлекеттік құрылыс  салаларындағы үдерістерге сүйенетін жаңа реформаторлық парадигмалар үшін пісіп жетілді деп санайды.

Мұндай парадигма мемлекеттің нығаюына, парламентаризм принциптерінің күшеюіне, үкіметтің қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге, сөз еркіндігі және бірігу еркіндігін қоса алғанда, кәсіпкерлік еркіндікті және азаматтық бостандықты кеңейтуге байланысты болуы тиіс.

Елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықты сақтау жауапкершілігін бөлісе отырып, «Ақ жол» партиясы бұл міндеттерді шешу үшін барлық қоғамдық күштермен теңқұқықты үнқатысуға ашық екенін білдіреді.
                                       САЯСИ ЖАҢҒЫРТУ:

ШАРАЛАР, ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ 

                 Мемлекеттік билік және басқару жүйесін жаңғырту 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі және басқару жүйесі билік тармақтарының бір-бірінен шынайы ажыратылуының және өзара тиімді іс-қимылының, парламентаризм принциптерінің басымдығының, барынша транспаренттік және мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығының негізінде басқарудың суперпрезиденттік жүйесін президенттік-парламенттік басқаруға кезең-кезеңмен қайта құру арқылы қызмет етуі тиіс.
 

1. Көппартиялық Парламентті нығайту мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды  қажет деп санайды:

* саяси партиялар үшін сайлау шегін 7-ден 5 %-ке дейін қысқарту;

* Қазақстан Республикасы Парламентіндегі саяси партиялардың депутаттық

фракциясының мәртебесін және құқықтарын реттейтін және қорғайтын заң қабылдау;

*Парламенттік партиялардың мәртебесі және өкілеттіліктеріндегі, мемлекеттік

қаржыландыру және мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануды қоса алғанда, шынайы теңдікті қамтамасыз ету; сондай-ақ оларға келесі құқықтар берілуі керек:

- заң жобаларын, үкімет енгізген заңдарға баламалы жобаларды қоса алғанда, дайындап Мәжілістің қарауына ұсыну;

- орталық атқарушы органдардың жасаған заң жобаларына Үкімет ресми түрде бекітпей тұрып және одан кейінгі Парламент Мәжілісіне енгізгенге дейін міндетті түрде алдын ала сараптама жасау.

*Парламент Мәжілісіне республика Үкіметін қалыптастыруда негізгі рөлді беру және оған:

*Үкімет құрылымын бекіту;

- Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелерін, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Уәкілді және Бизнес-омбудсменді сайлау;

- Үкіметке сенімсіздік білдіруге, сондай оның жекелеген мүшелеріне сенімсіздік білдіре отырып, оларды одан әрі атқарып отырған қызметінен босату туралы Президенттің алдына мәселе қоюға бастамашылдық жасау. 

2.  Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында «Ақ жол» партиясы талап ететін болады:

*мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және олардың лауазым

иелерінің іс-әрекеттерін азаматтарға және жеке заңды тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуге мейлінше бағдарлауды қамтамасыз ету;

*заманауи мемлекеттік менеджменттің және корпоративтік басқарудың,

шетелдік тәжірибені ескере отырып, алдыңғы қатарлы және тиімді стандарттарын, құралдарын және технологияларын енгізу;

*мемлекеттік органдар мен мемлекеттің қатысуымен коммерсиялық ұйымдардың

қызметтерін айқын бөліп көрсету;

*министрліктер мен ведомстволармен жаңа квазимемлекеттік құрылымдар құруға

мораторий енгізу, сонымен бір мезетте мемлекеттің қатысуымен қазіргі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кем дегенде 70 пайызынан мемлекеттің шығуы;

*Үкімет уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарға ұлттық компанияларға, РМК

және тиісті экономикалық секторларға қатысты барлық реттеуші функцияларды шоғырландыру;

*ұлттық компаниялардың бюджеттерін Парламентпен бекітуді, ұзақмерзімді

бағдарламаларды іске асыруға ұлттық кампаниялармен және мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындармен алынған мемлекеттік қаржыларды қайтару тәртібін заңнамалық тұрғыда нақтылауды қамтамасыз ету;

бюджеттің шынайы транспаренттілігіне қол жеткізу. Бюджетте жекелеген іс-шаралар, бағдарламалардың нысандары және әкімшіліктері бойынша шығындар бөлімін нақтылайтын тараудың міндетті түрде болуын заңды түрде белгілеу.

Мұнайлық емес түсімдердің (экономиканы индустрияландыру және әртараптандыру есебінен) тұрақты өсуін, сондай-ақ мұнайлық емес тапшылық деңгейінің  3 пайыздан жоғары болмауына бақылауды қамтамасыз ету;

 -Ұлттық қордың қаржыларын негізгі капиталдан және ағымдағы түсімдерден жұмсаудан бас тартып, тек инвестициялық кірістің жыл сайынғы пайдасы бөлігінен бюджеттің ағымдағы мақсаттарына пайдалану тәртібін заңмен бекіту;

- Бірыңғай жинақтық зейнеткерлік қор қаржыларының сақталуына және өсуіне  экономиканың нақты секторына инвестициялау есебінен қол жеткізу және тәуекелділіктегі қаржылық инструменттерге салудан бас тарту.  

3. Үкімет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында мыналар мақсатқа сай деп пайымдаймыз:

*Үкіметке және Премьер-Министрге республиканың әлеуметтік-экономикалық

саясатына және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына байланысты толық жауапкершілік жүктеу;

*Үкіметтің Парламент Мәжілісі алдындағы өз жұмысының тиімділігі және қабылданған

шешімдерінің негізділігі үшін ұжымдық жауапкершілігін және оның әрбір мүшесінің дербес жауапкершілігін қамтамасыз ету;

*Үкімет мүшелерінің дербес жауапкершілігіне мемлекеттің қатысуымен ұлттық

компаниялардағы, ұйымдардағы және кәсіпорындардағы мемлекеттік активтерді басқаруын және олардың басшыларын тағайындауды енгізу.         

                 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірумемлекеттік билік жүйесін орталықсыздандыруға бағытталуы тиіс, өкілеттіктердің көбін жергілікті мемлекеттік басқару органдарына және өзін-өзі басқаруға беру, жергілікті маңызға ие істерді басқару процесіне азаматтардың және жергілікті қауымдастықтың қатысуын кеңейту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың жетекші институттары ретінде облыстық, аудандық, және қалалық мәслихаттардың позициясын күшейту керек.  

1. «Ақ жол» партиясының пікірінше, мәслихаттардың ролін арттыру мақсатында мыналар қажет:

*облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттары депутаттарының  50%-ын  партиялық тізім бойынша сайлау рәсімін енгізу; 

*тұрақты түрде жұмыс істейтін мәслихат төрағасының лауазымын енгізу; 

*тексеру комиссиялары мүшелерінің қызметін және мәслихаттың тұрақты комиссияларының басшыларын тұрақты негізге көшіру;

*тұрақты түрде жұмыс жасайтын мәслихат депутаттарына депутаттық қолсұқпаушылық құқық беру;

*мәслихаттарға жергілікті бюджеттің орындалуын және жергілікті атқарушы органдардың қызметін қадағалау тетіктерін беру;

*әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес аумақтағы коммуналдық қызметтің тарифтерін бекітуді мәслихаттардың құзіретіне енгізу;

*мәслихаттардың тұрақты комиссияларына  осы комиссияның құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды тыңдау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның лауазым иелерін шақыру құқын беру;

*мәслихаттарға әкім орынбасарларын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын лауазымдарынан босатылуына қол жеткізетін құқық беру;

*аудандық мәслихаттардың депутаттарымен сайланатын аудандық маңызға ие қалалардың, поселкалардың, ауылдардың (село) және ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің осы мәслихаттар  алдында есеп беруінің тәртібін және  тетігін заң жүзінде бекіту;

*мәслихаттардағы саяси партиялардың депутаттық фракцияларының құқықтары мен өкілеттіктерін тұрақты комиссиялармен  теңестіру;

*барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының өз сайлаушыларының алдында олардың атқарған жұмыстары бойынша міндетті есеп беруінің тәртібі мен тетіктерін заңмен белгілеу;

*облыстардың, Алматы және Астана қалаларының тәртіптік кеңестерін  тиісті мәслихаттардың алдында есеп беруін қамтамасыз ету;

2.Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мақсатында мыналар қажет: 

*аудандық маңызға ие қалалардағы, поселоктарда, ауылдарда (селолар) және ауылдық (селолық) округтардағы жергілікті тұрғындардың жиындары мен жиналыстары атынан  өзін-өзі басқарудың қоғамдық институттарының мәртебесі мен өкілеттіліктерін кеңейту, оларға жергілікті әкімдердің қызметіне қоғамдық бақылау тетіктерін беру;

*жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру және пайдаланудың тәртібін нақты регламенттеу;

*аудандық маңызға ие қалалардың, поселоктардың, ауылдардың (селолар) және ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша   қызметін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен реттеу. 

Азаматтық қоғам мен оның институттарын дамыту

Азаматтық қоғамның қарышты дамуын қамтамасыз ету,  сондай-ақ оны мен мемлекет арасындағы қатынастарда серіктестік пен сындарлылық мүдделеріне сай кешенді шаралар қабылдануы тиіс. 

1. «Ақ жол» партиясының пікірі бойынша, Мемлекет және азаматтық қоғам мен оның институттарының арасындағы өзара қарым-қатынастарының келесі принциптерін заңнамамен бекіту орынды және шын мәнінде іске асыру қажет.

*мемлекет азаматтық қоғамның толыққанды дамуы және оның институттарының жұмыс істеуі үшін, соның ішінде олардың қызметіне толыққанды бақылауды жүзеге асыра отырып, қажетті құқықтық жағдайлар жасайды; 

*мемлекетке тек заңда белгіленгендерді жасауға, ал азаматтарға - заңмен тыйым салмағандардың  барлығын жасауға рұқсат берілген; 

*республиканың дамуының өзекті мәселелерін шешу мақсатында азаматтық қоғам мен мемлекет бір-бірімен серіктестік, теңқұқықтық, сындарлылық, ашықтық, келісушілік, өзара түсіністік, өзара құрметтеу, өзара жауапкершілік негізінде өзара әрекеттестік етеді;  

*Мемлекет азаматтық бастамалардың өсуін және жүзеге асуын ынталандырады, сондай-ақ объективті, адал, ашық және теңқұқықты байқаулардың шеңберіндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қоғамдық маңызды және пайдалы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға азаматтық қоғамның институттарына қаржылай көмек береді. 

2. Азаматтардың бірігу құқын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар қажет:

*саяси партияларды, кәсіби одақтарды және өзге де қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары және өкілдіктерін) әділет органдарында тіркеу және қайта тіркеу рәсімдерін жүргізуді барынша жеңілдету және оған тіркеу сипатын беру;

*кез келген партияның міндетті мүшелер санын 40 мыңнан 10 мың адамға, ал аймақтық филиалдар немесе өкілдіктерде – 700-ден 200-ге адамға дейін қысқарту;

*тіркеу жиынының мөлшерін қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар үшін 6,5 АЕК-тен 3-ке дейін, ал саяси партиялар үшін 14 АЕК-тен 7-ге дейін қысқарту;

*көрсетілген қоғамдық ұйымдардың заңды тұлға болып табылмайтын  филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу жиынын төлетпей-ақ есептік тіркеу және  қайта тіркеу;

3. Саяси партиялардың республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін күшейту мақсатында мыналар қажет:

*олардың өкілдеріне учаскелік, аумақтық және округтық сайлау комиссияларының жұмысына қатысуды қамтамасыз ету;

*оларға мемлекеттік БАҚ-ына тең қолжетімділікпен шығу құқын беру; 

*саяси партияларды жабу рәсімін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шешімі бойынша жүзеге асыру;

*саяси партиялар мен басқада қоғамдық ұйымдар өкілдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жанындағы сарапшылар кеңестерінің, жұмыс топтарының қызметіне қатысу практикасын кеңейту; олардың пікірлерін тиісті мемлекеттік органдардың, заң жобаларын қоса алғанда, нормативті құжаттар әзірлеу кезінде есепке алуға кепіл болу.

*Парламенттік көпшіліктің саясатымен пікірталастарға түсетін саяси партиялардың және депутаттардың құқықтарын қорғайтын заң қабылдау.  

                               АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ
САПАСЫН ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ 

Қазақстан дамуының аса маңызды мақсаты оның азаматтарының әл-ауқатының өсуі және әлеуметтік көңіл күйі болуы тиіс. Бұған тек кедейлер мен байлардың арасындағы алшақтықты азайту, бүкіл қоғамды өнімді еңбекке тарту, ашық әлеуметтік және экономикалық саясат құру, әр адам үшін нақты мүмкіндіктер және өмірлік перспективалар жасау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Осыған байланысты мемлекеттің бизнес қауымдастықпен және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы қызметіндегі аса маңызды бағыт  жұмысқа орналастыруды ынталандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру желілері бойынша сапалы қызмет көрсету арқылы адамдардың өз ойларын іске асыра білуі, шығармашылық дамуы және жоғары өнімді еңбегін қолдау үшін мүмкіндіктерін кеңейту болуы тиіс.

Адам капиталын қалыптастырудың негізі тәсілдемелерінің бірі ізгілікті және салауатты қоршаған ортаны, «жасыл» және энергия үнемдеу экономикасын дамытуды, сондай-ақ белсенді экологиялық қызметті қамтамасыз ету болып табылады. 

Еңбек ресурстарын  арттыру және нығайту 

Халықты жұмысқа орналастырудың, еңбек жағдайларын жақсарту және меншіктің кез келген түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарды әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін барынша жасау мақсатында «Ақ жол» ҚДП мыналарды  қажет деп пайымдайды:

*мемлекеттің халықты жұмысқа орналастыру бағдарламасын іске асыру шығыстарының үлесін елдің ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін көтеру;

*жұмыссыздықты жою: Қазақстанда әрбір еңбекке қабілетті азаматты жұмыспен және еңбек табыстарымен  қамтамасыз етуге жеткілікті экономикалық әлеует бар;

*мемлекетпен төленетін қоғамдық жұмыстар практикасын кеңейту;

*жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі қызметін мемлекет тарапынан ынталандыруды қамтамасыз ету;

*мемлекеттік гранттар бойынша оқыған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бітірушілерін жұмысқа орналастыруды заңнамамен мемлекетке міндеттеу;

*өзара байланыстылықтағы білім беру және кәсіптік стандарттарды әзірлеу арқылы білім мен еңбек нарығы жүйелерінің өзара байланысын қамтамасыз ету;

*еңбек мигранттарының нарығын қоса алғанда, еңбек нарығын жария ету үшін қосымша ынталандырулар жасау;

*«өзін-өзі жұмыспен қамтыған» деген аталыммен нақты жұмыссыздықты жасыруды тоқтату, оларға мемлекет тарапынан құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беруді қамтамасыз ету;

*Шетелдік жұмыс күшін тартудың республиканың еңбек нарығындағы ахуалға сәйкес мемлекеттік квотасын берудің икемді жүйесін енгізу;

*Шет ел капиталы қатыстырылатын кәсіпорындарда, жоғары еңбек ақыны қоса алғанда,  қазақстандық  жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығын қамтамасыз ету;

*Тұтыну қоржынының құнының өсуіне сәйкес ең төменгі жалақының көлемін жүйелі түрде арттыру;

*бюджет саласы қызметкерлерінің, мұғалімдерді, дәрігерлерді, ғылым және мәдениет қызметкерлерін қоса алғанда, лайықты деңгейге дейін еңбек ақысын арттыру.Жұмыс істеп жүрген адам кедей болуға тиіс емес! 

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту 

Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды мақсатқа сай деп есептейміз:

*әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін халықаралық стандарттарға  сәйкес нақты ең төменгі күнкөріс деңгейі негізінде есептеу;

*әлеуметтік қорғау шараларымен, зейнетақылармен және жәрдемақылармен

оларды қажет ететін барлық санаттағы азаматтарды толық қамту;

*тұрғындарды әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту;

*ең аз күнкөрістік шаманың шынайы көлемін есепке ала отырып, кедейлікті

еңсеру жөнінде нақты шаралар жасау;

*зейнетақылық жүйенің барлық түрлері үшін еңбекақының  кем дегенде 60 пайыз

мөлшеріндегі зейнетақының әділетті деңгейімен қамтамасыз ету; осындай ұстанымды (ең аз күнкөрістік шаманың 60 пайызы) жасы бойынша базалық жәрдемақы үшін де белгілеу;

*жалдамалы жұмысшыларды және «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» азаматтарды

жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық қамтуды қамтамасыз ету;

*«Ардагерлер туралы» заң қабылдап, аталған санаттағы тұрғындардың заңдық

мәртебесін және әлеуметтік кепілдіктерін анықтау;

*баланы күтіп-бағу жөніндегі ай сайынғы жәрдемақыны (орташа жалақы мөлшерінде), олар үш жасқа толғанға дейін төлеу;

*республикалық бюджеттен жүктілігі және бала тууы бойынша және баласын күтіп-бағу бойынша демалыста отырған әйелдердің жинақтаушы зейнетақылық шотына қаражат аудару;

*Мүмкіндіктері шектеулі (мүгедектер) адамдардың лайықты өмір сүруін,

мүгедектер үшін ашылған жұмыс орындарын мемлекеттік субсидиялауды, сондай-ақ мүгедектік мәртебесін алу және қайта куәландыру рәсімдерін оңтайландыруды қоса алғанда, қамтамасыз ету. 

Халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту


Табыс деңгейі әртүрлі адамдарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту мақсатында, біздің пікіріміз бойынша, мыналар қажет:

*мемлекеттік тұрғын үй саясатында тұрғын үйді коммерциялық сатып алудан  халықтың күнкөрісі төмен топтары және жас отбасылар үшін  мемлекеттік тұрғын үй-құрылысы кәсіпорындарымен және мемлекеттік тапсырыс бойынша әлеуметтік тұрғын үйлер салуға көшу. Мұндай тұрғын үйлер өзіндік құнымен, мұрагерлік құқықпен өмірлік жалға, бірақ жекешелендіру құқынсыз немесе мұндайды шектеумен,  берілуі тиіс.

*құрылыс салушыларға элиталық тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлген кезде табыс деңгейі жоғары емес азаматтар үшін соған ұқсас әлеуметтік тұрғын үй алаңдарын салу міндетін жүктеу;

*құрылыс салушылардың дәрменсіздігі себебімен ықтимал тәуекелдіктерге сақтандыру енгізуді қоса алғанда, үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін жасау;

*ипотекалық несиелермен тұрғын үй сатып алған азаматтардың құқықтары мен меншігін теріс пиғылды жосықсыз банктердің озбырлығынан қорғау;

*республиканың әрбір өңірінде тұрғын үй қорының жай-күйі мен коммуналдық қызмет инфраструктураларының ұдайы жаңартылып тұратын мәліметтер базасын құру;

*тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) инфраструктураларын жаңғырту жөніндегі жобаларға мемлекетпен мақсатты займдар және инвестициялар берілуін қамтамасыз ету;  

*тұрғын үй қорын басқару мен оған қызмет көрсету саласында монополизациясыздандыру және нақты бәсекелестік үшін жағдайлар жасау;

*табиғи монополиялар субъектілерінің нормадан тыс шығындарын жоюға және нормалық шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеудің тиімділік деңгейін көтеру;

*коммуналдық сектор кәсіпорындарына қазіргі заманғы технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;

*азаматтардың тұрғын үйін күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу шығындарының, егер бұлар отбасының жиынтық табысының 10%-нан асып кеткен жағдайда, орнын толтыруды мемлекеттің міндетіне жатқызуды заңнамамен бекіту;

*пәтерлердің иелері кооперативтері (ПИК) жұмысының барынша ашықтығын және олардың меншік иелері мен тұрғын үй, басқа да үй-жайларды  жалдаушылар алдында олардан алынған ақша қаражатының жұмсалуы жөнінде мерзімділікпен есеп беруін қамтамасыз ету.

                      Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту

Азаматтардың қазіргі заманғы, сапалы медициналық көмек алуы және денсаулығын нығайту мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды ұсынады:

*барлық санаттағы азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесінің пациенттерге ізгілікті қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

*медициналық қызметтер сапасының халықаралық стандарттарын енгізу;

*16 жасқа дейінгі балаларды және зейнеткерлерді мемлекетпен кепілдік берілген шеңберде тегін медициналық көмекпен медициналық қызметтің бүкіл спектрімен қамтамасыз ету;

*Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының негізгі көрсеткіштері (төсек айналымы, стационарда болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділігін халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету;

*мемлекеттік және жеке меншік, сондай-аққалалық және ауылдық медициналық мекемелерде медициналық көмек көрсету сапасының бірыңғай стандарттарымен қамтамасыз ету;

*профилактиканы және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуді қоса алғанда, мемлекетпен кепілдік берілетін қазіргі заманғы медициналық стандарттарды және тегін медициналық көмек көлемдерін ұлғайту;

*тегін медициналық көмектің  кепілдендірілген көлемінің (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтердің жеке жеткізушілерінің үлесін 20 пайызға дейін жеткізу;

*ТМККК шеңберінде медициналық көмек алуда республика азаматтары үшін  тұрғылықты жеріне қарамастан тең жағдайлар жасау;

*ТМККК қызметінің жеткізушілері үшін меншік түрлеріне қарамастан мемлекеттік-жекелік серіктестік негізінде қолайлы бәсекелестік орта жасау;

*ТМККК шеңберінде медициналық дәрілік құралдар және бұйымдармен қамтамасыз етудің тиімді жүйесін енгізу;

*міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу;

*пациенттердің тұрғылықты жерлерінің қашықтығының халықаралық стандарттарына сай медициналық мекемелер желісін, әсіресе ауылдық жерлерде, кеңейту;

*медициналық мекемелердің және медициналық құрамның жауапсыз медициналық көмегі және пациенттерге ізгілікті емес қарым-қатынасы үшін жауапкершілігін күшейту;

*дәрігерлерді және басқа медициналық қызметкерлерді даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың сапасын жақсарту;

*өз денсаулығы үшін азаматтардың ынтымақты ортақ жауапкершілігін арттырудың жаңа тетіктерін енгізу;

*қоғамда салауатты өмір салты идеологиясын қалыптастыру және алға жылжыту;

Осы және басқа да шаралар іске асыру арқылы күткендегідей халықтың өмір жасының ұзақтығын арттыру, ана мен бала өлімін екі есеге азайту, сондай-ақ туберкулезге шалдығу 20 пайызға төмендеуі мүмкін.

                                   Білім және ғылымды дамыту 

Азаматтардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету және республиканың ғылыми әлеуетін нығайту мақсатында мыналар маңызды деп есептейміз:

*мемлекеттің білім және ғылымға жұмсалатын шығыстарын елдің ЖІӨ-нің

3 пайызына дейін арттыру;

*мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшалармен қалаларда да, сондай-ақ

ауылдық жерлерде де  толық қамтылуын  қамтамасыз ету;

*аз қамтамасыз етілген отбасылар және тәуекелдік топтарына кірушілердің

денсаулығы бұзылған балалары үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

*еңбек нарығының және әлемдік білім кеңістігіне интеграциялау талаптарына

сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің тиімді жүйесін құру;

*ішкі және сыртқы еңбек нарықтарымен танылатын Ұлттық біліктілік жүйесін

енгізу;

*бизнес бірлестіктерін стандарттарды әзірлеуге, білім беру мекемелерін

аккредиттеуге және емтихандар өткізуге тарту;

*Бітірушінің өзінің таңдауы бойынша Бірыңғай ұлттық тестілеуді (БҰТ) емтиханмен

айырбастау мүмкіндігін қоса алғанда, Бірыңғай ұлттық тестілеуді жүргізудің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету; 

*Қазақстанның жоғары білімі сапасының білім саласындағы озық әлемдік

тәжірибелерімен сәйкестігін қамтамасыз ету;

*барлық деңгейдегі және кез келген меншіктегі білім беру мекемелеріндегі

жемқорлықтың алдын алу және қарсы тұру жөніндегі шараларды кеңейту;

*инновациялық зерттемелерді енгізу және коммерциализациялау үшін жағдайлар

жасаудың есебінен ғылымның практикалық тартымдылығын арттыру;

*ғылыми қызметкерлердің, жастарды ғылымға тартудың, ғылыми-техникалық

қызметтің және ғалымдар мен инженерлер мамандықтарының рөлін арттырып, көпшілікке тарату үшін материалдық және шығармашылық ынталандыру жүйесін құру.

 

                    Ауылды және ауыл шаруашылығын көтеру

 

Республика халқының жартысына жуығы ауылда өмір сүреді. Сондықтан да Қазақстанның табысты дамуы ауылдар және селолардағы тұрғындардың тіршілік әрекеттері үшін қолайлы жағдайлар жасалмайынша мүмкін емес, ол үшін «Ақ жол» партиясы мыналарды талап етеді:

*барлық ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымдарының,

жолдарды, мектептерді, медициналық мекемелерді, спорт залдарын, моншаларды, ауыз сумен қамтамасыз етуді, отынды, электр энергиясын, байланысты және т.б. қоса алғанда, толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;

*шығындарды қисынсыз көбейтуге әкелетін жеке-жеке және сән-салтанатты

ғимараттар салу тәжірибесінен бас тарту; мектеп, пошта бөлімшесі, медициналық пункт, ауыл әкімдігі және т.б. селодағы қызметтерді қатар қолданатын бәріне бірдей типтік ғимаратта орналастыруға көшу;

*ауылдарды аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын қазіргі

автомобиль жолдарын реконструкциялау және жаңа жолдар салу;

*экологиялық жағдайы қолайсыз ауылдық аудандарды қолдау бағдарламасын

әзірлеу және іске асыру;

*ауыл тұрғындарын, әсіресе жастарды және жас мамандарды «Қолжетімді үй»

бағдарламасына енгізу, бұл үшін мемлекеттік құрылыс компанияларының келешегі бар ауылдық елді мекендерде жаңа тұрғын үй салуын қамтамасыз ету.

 

Қазақстанның ұлттық экономикасының аграрлық секторын қарышты дамыту мақсатында мыналар қажет:

*«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің бюджетін және оның орындалуының есептерін

Парламентпен бекітуге қол жеткізу; ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуына парламенттік мониторинг жүргізу;

*ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 4 есе арттыруға қол жеткізу;

*ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығын жүргізу ісімен

айналысатын ауыл тұрғындарына басымдық беріп, тек қана Қазақстан азаматтарына беруді қамтамасыз ету;

*тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді алу және ауыл шаруашылығы айналымына қайтару жөнінде шаралар қабылдау;

*ауылдық елді мекендердің тұрғындарына ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде жер, мал, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар, тұқым, тыңайтқыштар және т.б. сатып алу үшін жеңілдетілген ұзақмерзімді кредиттер беру;

*сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауды және жаңа құрылғылар салуды қоса алғанда, жергілікті шаруашылықтарды суармалы желімен қамтамасыз ету;

*ауыл шаруашылығына мемлекеттік субсидияларды, осы бюджеттік қаржыларды тікелей фермерлер мен шаруаларға бере отырып, көбейту;

*ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жанар-жағар май материалдарына тұрақты және оңтайлы бағалар белгілеу;

*ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін әділ бағалармен мемлекеттік сатып алу көлемін ұлғайту;

*ауылдық жерлерде тұтыну кооперациясы жүйесін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. 

                    Бизнес ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау 

«Ақ жол» партиясы Қазақстанда бәсекелестікке қабілетті және нарықтық экономика құрудың, жеке, ең әуелі, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың табанды жақтаушысы болады. Әрбір қазақстандықты мұнайшы немесе банкир жасау мүмкін емес. Бірақ бұқаралық шағын және орта бизнес экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы ірі корпорациялардың табыстарын қайта бөлудің тиімді арнасы болуға, әрбір қазақстандық отбасын ұлттық экономиканың ғаламдық жетістігіне араластыруға қабілетті. Бұл стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін келесі шаралар кешенін іске асыру қажет:

*үдемелі индустриялдық-инновациялық даму Бағдарламасы жобаларының табысты іс жүзіне асырылуына, оларға салынған мемлекеттік қаражаттың тиімділігіне және іске қосылатын кәсіпорындардың шын мәнінде жұмыс істеуіне қол жеткізу;

*ҮИЖДБ жобаларына ғылымды көп қажет ететін, технологиялық, экологиялық және энергияны үнемдеу критерийлеріне сәйкес міндетті инновациялық құрамдас бөлікті енгізу;

*Қазақстанның транзиттік әлеуетін, Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасының экономикалық басымдылықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

*«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының іске асырылуын, оның барлық буындарының қызметінің тиімділігін, бөлінген қаражаттың нақты кәсіпорындарға жеткізілуін қамтамасыз ету;

*жеке меншік бизнесті қолдау жөніндегі ұлттық даму институттарының қызметіне парламенттік мониторинг енгізу, олардың кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету;

*тұтынушылар үшін бәсекелестікті күшейту және бағаны төмендету  мақсатында табиғи монополиялардың бірқатар секторларын монополиясыздандыруды жүргізу; 

Жеке кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін ынталандыру және оның экономиканы және әлеуметтік салаларды дамыту үдерісіндегі мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мыналар қажет:

*жеке меншік бизнестің сауда-делдалдық саладан экономиканың нақты саласына қарай бет бұруын ынталандыруға жағдай жасау, бұл мақсатта қайта өңдеу өнеркәсібіндегі орта кәсіпорындар үшін нақты артықшылықтар беруге қол жеткізу;

*азық-түліктік және тұтынушылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, күш-жігерді тамақ өнімдері саласын қолдауға және сапалы тағамдар  және халық тұтынатын тауарлар өндірісін ұлттық және мемлекетаралық стандарттарға сай болуына бағыттау;

*кәсіпорын құрылған кезден бастап үш жыл бойы шағын және орта бизнесті ҚҚС-және КТС төлеуінен босату;

*салық әкімшілігі және есептілік рәсімдерін оңайлату;

*жеке кәсіпкерлер үшін салық есептілігі жөніндегі, егер олардың бұл есептілік аясындағы бұзушылықтары мемлекеттік бюджетке тікелей залал келтірмесе, айыппұлдарын жою;

*шотқа тыйым салудан, коммерциялық құрылымдардың шығыс операцияларын тоқтатудан бас тарту;

*салық есептілігі және салықтық тексерулер бойынша өткен кезеңдер үшін талап қою мерзімін бес жылдан үш жылға дейін қысқарту;

*лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату;

*басым салалар үшін (ауыл шаруашылығы және жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау) ҚҚС-ның сараланған төмен ставкаларын енгізу;

*бәсекелестікті күшейту және тұтынушылар үшін тиісті тауарлар және қызмет көрсетуге бағаны төмендету мақсатында табиғи монополияның бірқатар секторларына іс жүзінде демонополизациялау жүргізу;

*квазимемлекеттік сектордың экономикаға араласуын азайту, экономиканың бәсекелестік секторларында мемлекет қатысатын рентабельді емес кәсіпорындарды жою немесе жекешелендіру; мемлекет қатысатын кәсіпорындардың 70 пайызын мемлекет иелігінен алуды жүргізу;

*тиісті рәсімдердің барынша ашықтығын қамтамасыз етуді және белгілі бір тауарлар өндірушілер мен қызметтер көрсетушілерге тікелей шығуды қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру;

*жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау үшін реттеушілік ықпалды талдау әдістемесін дайындау және енгізу; 

*республиканың ішкі нарығында, оның ішінде ұлттық компаниялардың сатып алу жүйесінде, отандық өндірушілердің басымдығын қамтамасыз ету және шетелдік компаниялар тарапынан жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу;

*еліміздің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 60 пайызға дейін жеткізу.

 

Экономикалық дамудың және шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды тірегі ресурстық ұлтшылдық саясаты болуы тиіс. Табиғи ресурстар мен жер қойнауларын пайдалану ең алдымен Қазақстан халқының мүдделеріне қызмет етуі тиіс. «Ақ жол» партиясы инвестициялар тартуды және инвесторлар үшін, келісім-шарттардың тұрақтылығын қоса алғанда, қолайлы жағдайлар жасауды қолдайды.

Сонымен қатар, шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар қызметіндегі қазақстандық құрамның үлесін 50 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету қажет деп есептейміз. Бұдан басқа, норвегтік тәжірибе бойынша, жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтін ірі инвесторлар қазақстандық (не бірлескен) кәсіпорындарға қолданып жатқан жабдықтардың, оның жинақтамаларының технологиясын және өндірісін береді; сондай-ақ осындай жабдықтарды сатып алуға, қазақстандық сервис компанияларының қызметіне тапсырыс беруге, азық-түлік өнімдерін, арнайы киімдерді және т.б. сатып алуға міндеттенеді. Сонымен, табиғи ресурстарды пайдалану өзінің соңынан  экономиканың аралас секторларында шағын және орта бизнесті дамытуға себін тигізуге қабілетті болады.

Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы «Офсеттік саясат туралы» және «Ұлттық компаниялардың, мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындардың және ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіндегі сатып алулар туралы» заңдарының тезірек қабылдануына және іске асырылуына қол жеткізетін болады.

 

 «Ақ жол» ҚДП-ның адал бизнесті қолдайтындығын, қоғам, мемлекет және адал бәсекелестіктің мүдделерін белден басатын «жылпостарға» төзімсіз болатынын ерекше атап өтуді қажет деп санаймыз.

Коммерциялық пайда табудан тыс, бизнес бүкіл қоғам өмірінің сапасын жақсартуға, және ең ақырында – байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталуы тиіс.   

ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІК ҚҰРУЫН ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН

                                       ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 

Республика азаматтарының коституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын толыққанды және тиімді қамтамасыз ету үшін және заңның үстемдік құруы үшін тиісті құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық тетіктерді жетілдіруге, тәуелсіз және әділетті сот төрелігін дамытуға, құқық қорғау органдарының қызметіне парламенттік және қоғамдық бақылауды күшейтуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсылықты күшейтуге  бағытталған  кешенді шаралар қабылдау қажет. 

1. Мемлекетпен барлық азаматтардың әлеуметтік, лауазымдық және өзге де жағдайларына қарамастан заң алдында тең болуын қамтамасыз ету мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды ұсынады:

*2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында қарастырылған шараларды жан-жақты және жүйелі түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

*Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасын Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактімен және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар  туралы Халықаралық пактімен сәйкестендіру;

*азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелерін реттейтін  заңнамалық актілер мен ведомстволық құжаттар арасындағы барлық қарама-қайшылықтарды анықтау және жою;

*әкімшілік заңнамасына тиісті ережелерді енгізуді қоса алғанда, жеке өмірді және азаматтардың дербес мәліметтерін қорғаудың құқықтық тәсілдерін және тетіктерін көбейту;   

*ел халқын құқықтық ағартушылықтың түрлері мен тетіктерін кеңейту;

*кінәсіздік презумпция принциптерін декларативті емес, шын мәнінде іске асыруды; ашық, сатылмайтын және әділетті сотты, азаматтардың құқықтарын сотқа дейінгі іс-шараларда, сот процесінде, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында қорғауды қамтамасыз ету;

*негізгі жазаларды экономикалық арнаға ауыстыру есебінен, бас бостандығынан айыруға байланысты үкімдердің санын кем дегенде екі есеге қысқартуға қол жеткізу;

*сот шешімдерін, ең алдымен шаруашылық және азаматтық даулар бойынша орындалуын түбегейлі арттыру;

*зардап шегушілерге келтірілген залалдарды кінәлі тараптың есебінен де, және арнайы өтем қоры есебінен де толық өтеуді қамтамасыз ету. 

2. Жеке меншік құқын іске асыру және қорғау мақсатында мыналар қажет деп санаймыз:

*азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жекеменшік мүліктері мен басқа да нысандарына қол сұқпаушылыққа, жекеменшікті қорғау құқығын қоса алғанда, байыпты мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін «Қазақстан Республикасындағы жекеменшік туралы» заң қабылдау;

*Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында жекеменшік иесінің құқығының басымдығы принципін  белгілеу керек, оған сәйкес жекеменшік құқығын жүзеге асыруға байланысты туындайтын заңнамадағы барлық жойылмай тұрған қарама-қайшылықтар мен айқын емес көмескіліктер жекеменшік иесінің пайдасына түсіндірілуі тиіс;

*Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін жекеменшік құқына заңсыз қолсұғушылық пен рейдерлік басып алудан қорғаудың және өзін-өзі қорғаудың барлық жол беруге болатын ұйғарынды тәсілдері көрсетілген ережелермен толықтыру;

*қолданыстағы заңнамадағы азаматтардан олардың мүліктерін мәжбүрлеп иеліктен алуға қатысты «мемлекеттік қажеттіліктер» және «ерекше жағдай» деген ұғымдарын Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларын және Қазақстанның адам құқығы мен бостандықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін еске ала отырып анық белгілеу және нақтылау;

*мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлі түрде иеліктен айырған жағдайларда мемлекеттің азаматтарға өтейтін сомасын анықтаудың тәртібін бірегейлендіру;

*азаматтардың мүліктерін кедендік рәсімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және жалпы жұрт таныған халықаралық стандарттармен сәйкестікке келтіру. 

3. Республиканың қылмыстық саясаты мен қылмыстық заңнамасын ізгілендіру мақсатында мыналар қажет:

*қылмыстық жазалаудың ең жоғары түрі ретінде өлім жазасынан, оны өмір бойына қамауға алуға ауыстыра отырып,  бас тарту; өлім жазасын айрықша жағдайларда, ерекше мән-жайларда өлім жазасын қолдану туралы мәселе оны қоғамда кеңінен талқылау жолымен шешілуі тиіс;

*азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қатер төндірмеген бірқатар құқықбұзушылықтарды қылмыстандырусыздықты қамтамасыз ету;

*қылмыстық процесте кінәсіздік презумпция принципін сақтауды қамтамасыз ету;

*қылмыстық істер бойынша анықтау, тергеу және соттағы істі қарау процесінде жан-жақтылықты, толықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету;

*қылмыс істеушілікке күдікті азаматтарға тұтқынға алу түріндегі жол кесу шарасына тек тиісті қылмыстың ауырлық деңгейі сай болғанда ғана қолдануды белгілеу;   

*жұртшылық өкілдерінің  қатысуымен азаптауды және басқа қатыгез, адамгершілікке жат немесе абыройын қорлайтын қатынастар мен жазаларды болдырмауға бағытталған ұлттық алдын алу шараларының тетіктерін қалыптастыру;

*соттармен қылмыстық жазалаудың, қоғамдық жұмыстар және материалдық шығынды өтеуді қоса алғанда, бас бостандығынан айыру түріне баламалы тәжірибелерді қолдануды кеңейту үшін ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар құру;

*бас бостандығынан айырылып сотталған азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауына, туған-туыстарына өзінің жағдайы туралы хабар беру құқығына, заманауи медициналық көмекке, білікті заңдық көмек алуына жағдай туғызудың шарттары мен тетіктерін кеңейту;

*уақытша ұстау изоляторларына және түзету мекемелеріне қатысты, құқық қорғау және өзге де мүдделілік танытқан қоғамдық ұйымдар мен БАҚ тарапынан қоғамдық бақылау жасауды қоса алғанда, қылмыстық-түзету жүйесі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;

*Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген, жеке тұлғалардың өзге де негізгі құқықтарын жүзеге асыруына қол жеткізу. 

Сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күрес 

Жемқорлық бизнеске және азаматтарға заңсыз қосымша салық салудың түріне айналды, ал өзінің қылмысты және барабар емес кірістерімен ол қарапайым адамдар мен қатардағы кәсіпкерлердің адал еңбегін сенімсіздендіреді.

Қоғамда жемқорлықты қабылдамайтын және оған төзбейтін ахуалды қалыптастыру және оның кез келген көріністеріне қарсы әрекеттерді қүшейту  мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды талап етеді: 

*азаматтардың табыстары мен шығыстарын жаппай декларациялауды, оның ашық және бюрократтық емес сипатын қамтамасыз ете отырып, енгізу;

*Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары атқарушы органдар дайындаған заң жобаларын Парламентке тапсырмай тұрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу тәжірибесін енгізу;

*барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және олардың лауазым иелерінің жұмыстарын, аса маңызды мемлекеттік органдарда (сот мәжілістерінің залдарында, тендерлік комиссиялардың, кедендік бақылаулардың өтетін жерлерінде, парламенттің жұмысшы топтарында және т.б.) веб-камералар орнатып, ғаламтор арқылы тікелей трансляция жасауды қоса алғанда,  барынша ашық деңгейге көтеруді қамтамасыз ету; 

*мемлекеттік сатып алу жүйесін, тиісті рәсімдерді барынша ашық жүргізуді қамтамасыз ету,  барлық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің қатысы бар басқа да құрылымдардың қызметін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалармен реттеу және олардың делдалдарға емес, белгілі бір тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге тікелей шығуын қамтамасыз ете отырып, түбегейлі реформалау;   

*ұлттық экономикаға оффшорсыздандыру жүргізу;  заңсыз жолмен алынған қаржыларды шет елдерге шығаруға заң жүзінде тосқауылдар қою;

*Үкімет мүшелері, ұлттық компаниялардың жетекшілері үшін  шетелдік банктерде және оффшорлық аймақтарда жеке банктік есеп шоттар иемденуіне тыйым салу;

*сыбайлас жемқорлықпен күрес процесінде және жемқорлық құқықбұзушылықтар жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тартуда Қазақстан мен жақын және алыс шет елдердің құқық қорғау органдарының ынтымақтастық тетіктерін кеңейту; 

*Қазақстанның жемқорлықпен күрес саласында маңызды халықаралық-құқықтық актілерге қосылу саясатын, содан соңғы республиканың жемқорлыққа қарсы заңнамасына халықаралық нормаларды толыққанды енгізумен жандандыру;   

*жұртшылық және үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.  

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ 

Ұрпақтардың рухани-мәдени тәжірибесінің сабақтастығы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудың басты негіздерінің бірі болып табылады. Ұлттық тарихымызды, өзіміздің төл бастауларымызды, қайнар көздерімізді, ерекшеліктерімізді ұғыну қоғамды рухани және идеялық біріктіруге қызмет етеді.

 «Ақ жол» партиясы мыналар қажет деп есептейді:

*Қазақстанның барлық этностарының ұлттық мұрасын сақтау мен көбейтуді,   барлық тілдерді және ұлттық мәдениеттерді теңқұқықты дамуын, Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігі және келісімін сақтауды қамтамасыз ету. Біздің елде «келімсектер» немесе «қонақ» халықтар жоқ, барлық ұлттардың өкілдері біздің біртұтас отанымыздың толыққұқылы азаматтары болып табылады.

*рухани саланы «қалдықты» қаржыландыру принципін еңсеру, мәдениетті, өнерді, халық шығармашылығын дамытуға бюджеттік шығыстарды 50 пайызға ұлғайту;

*мәдени-көпшілік іс-шараларының репертуарларында қазақстандық авторлардың шығармаларының қамтылуын арттыру;

*мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы мен іс жүзіндегі нәтижелілігіне кепілдік беру;

*жас ұрпақты тәрбиелеу ісін Қазақстанның ұлттық тарихына, қазақ тіліне және қазақ мәдениетіне, сол сияқты басқа этностардың, оның ішінде орыс, украин, өзбек, неміс, корей және ондаған басқалары бар, тарихына, мәдениеті мен тіліне де құрметпен қарау рухында жүргізу;

*Қазақстанның табиғи-мәдени объектілерін ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы объектілерінің тізіміне кіргізу жөніндегі жұмысты жандандыру (Жібек жолы, Отырар оазисіндегі археологиялық объектілер, Ұлытау мәдени ландшафы, Ақсу-Жабағылы, Солтүстік Тянь-Шань және т.б.);

*Қазақ халқы ХХ ғасырда өзінің басына төнген қанды репрессияның, жаппай аштықтың қайғылы қасабынан, тұтастай аудандардың құрып кетуінен және көптеген отандастарымыздың елінен қашып, бас сауғалауға мәжбүр болуынан, ана тілі мен мәдениетінен айырылудың қауіп-қатерлерінен туындаған рухани жұтауы мен шығындарын толық жоюды және орнын толтыруды қамтамасыз етуі тиіс, ол үшін: Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуды және біздің халқымыздың рухани байлығын жандануын қарастыратын «Мәңгілік ел» бағдарламасын толық іске асыруға қол жеткізу; 

*қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың санын 2020 жылға қарай 30 пайызға арттыру;

*қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану салаларын, шетелдік компанияларды қоса алғанда, алдымен экономика мен бизнесте кеңейту; мемлекеттік тілді 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызының білуі мен қолдануы стратегиялық мақсатына қол жеткізетін шаралар ретінде ««ҚР мемлекеттік тіл туралы» заңында тиісті нормаларды қарастыру;

*қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыруға жәрдемдесу;

*тұрақтанған халықаралық және шетел сөздері мен аталымдарды қазақ тіліне аудару туралы мәселені түпкілікті шешіп, қазақ тілін жаңғыртуды жүргізу;

*мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжаттардың ара салмағын 2020 жылға

қарай 80 пайызға көбейту;

*телерадиоарналардағы, олардың қандай меншік түріне жататынына қарамастан,

телерадиобағдарламалардың мемлекеттік тілдегі уақытының көлемін 2020 жылға қарай 70 пайызға дейін арттыру;

*ұлттық фильмдер өндірісін қаржыландыруды 50 пайызға және шетелдік

фильмдерді кинотеатрларда көрсету үшін қазақ тіліне аударуды қаржыландыруды көбейту;

*«Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерделеу және

көпшілікке, соның ішінде орыстілді аудиторияларға да тарату және олардың ХХ1 ғасырда, әсіресе қазақстандық қоғамды еуропалық жолмен әлеуметтік, саяси және экономикалық жаңғырту бөлігінде қажеттілігі жөнінде бағдарлама қабылдау;

*отандастарымызды тарихи отанына қайтару жөніндегі көші-қон саясатын күшейту, бұл орайда экономиканың қажетсінуіне, өндіргіш күштердің орналастырылу сипатына және Индустрияландыру бағдарламасына сәйкес қоныстандыруға ынталандырудың теңдестірілген көзқарасын қамтамасыз ету;

*Қазақстан Республикасының азаматтығын қазақ тілін, ҚР Конституциясын және Қазақстан тарихын білуі жөнінен емтихан тапсырғаннан кейін беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту.

*Қазақстан халқының дәстүрлі діндерін (ең алдымен ислам және христиан) қолдау, қоғамның рухани саласын жат секталардың және ағымдардың ықпалынан қорғау, діни, этникалық және кез-келген басқа негізде экстремизм және терроризмге шақыруларға қарсы әрекет етеді. 

СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК 

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметі еліміздің ұлттық мүдделерін ескеру, оларды ілгері бастырудың және қорғаудың пәрменді тетіктерін құру, егемендігімізді, тәуелсіздігімізді және республикамыздың аумақтық тұтастығын нығайту негізінде жүргізілуі тиіс. 

1. Сыртқы саясат саласына мыналар қажет:

*республиканың дамуы үшін қолайлы сыртқы саяси жағдайлар қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы саяси серіктестермен тең құқыққа, сенімге, өзара құрметке, өзара түсінушілікке, ашықтыққа, тату көршілік қатынасқа, өзара тиімді серіктестікке және дипломатиялық сыпайгершілікке негізделген қарым-қатынас құруды қамтамасыз ету;

*Қазақстанның кез келген интеграциялық үдерістерге қатысуын тек қана экономикалық ынтымақтастық аясында және мемлекеттік Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес жүзеге асыру;

*серіктес-елдермен келіссөздер үдерісінде отандық бизнестің мүдделерін қорғау  жөніндегі Қазақстан позициясын батыл күшейту;

*Қазақстанның КО-ЕАЭО бойынша серіктес-елдер нарығындағы қазақстандық өнімдерді қолдаушылық саясатын және қолдауды қамтамасыз ету.

*көрсетілген интеграциялық құрылымдарда қатысушы елдерге қатысты саяси өкілеттіктерді атқаруға үміттенетін ұлтүсті органдарын құруға жол бермеу;

*еуразиялық үдерістер жөніндегі серіктестермен, Ресеймен және ТМД елдерімен өзара әрекеттестіктермен қатар Қытаймен, Еуроодақпен, АҚШ және ислам әлемімен ынтымақтастықты қарышты дамыту арқылы Қазақстанның сыртқы экономикалық және сыртқы саяси мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;

*еуропалық елдермен және Еуропалық одақпен серіктестікті белгілеу, сондай-ақ Қазақстан дамуының басым бағыттарының бірі ретінде саясатқа, экономикаға және әлеуметтік салаға еуропалық стандарттарды енгізу; 

*Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) ұлттық мүдделермен жүру шарттарымен  кіруін қамтамасыз ету;

*Қазақстанның ДСҰ-на қатысуы аясында халыққа қолжетімді бағалар бойынша ең жақсы тауарлар мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; елімізді өмір сапасының озық стандарттарына қосу;

*Қазақстанның кез келген интеграциялық құрылымдарға және халықаралық ұйымдарға қатысуын (мүшелігін), егер бұл қатысу (мүшелігі) елдің Тәуелсіздігіне және Қазақстан халқының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, дереу тоқтатуға қол жеткізу;

*Сыртқы істер министрлігі шеңберінде шетелдердегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін жасау. 

1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мыналар қажет: 

- респубиканың қорғанысқа қабілеттілігін нығайту, терроризмге, экстремизмге, трансұлттық қылмысқа, заңсыз көші-қонға, есірткі бизнесіне және ұлттық қауіпсіздікке төнген басқа да қауіп-қатерлерге қарсы күресу мүдделері үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

- Республиканың Қарулы күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға және нығайтуға,  жеке құрамның жауынгерлік дайындығын жетілдіруді қоса алғанда, бағытталған кешенді шаралар қабылдау;

-   еліміздің Қарулы күштеріне, арнайы қызметтерге және құқық қорғау органдарына бөлінген қаржыларды мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

- терроризмнің және экстремизмнің көріністерін, олардың әлеуметтік алғышарттарының: жұмыссыздық, әділетсіздік, жастардың баспанасының және жеке перспективаларының жоқтығы түріндегі өзекті проблемаларын шешу жолымен алдын алу; сондай-ақ республика халқының әр түрлі буындары мен топтарындағы өкілдерімен алдын алу жұмыстарын кеңінен жүргізу;

- экстремистік сипаттағы құқық бұзушылыққа қылмыстық жауапкершілікті күшейту, тиісті насихат жүргізу және осы қызметке азаматтарды, әсіресе жастарды тарту.

    Мемлекет пен оның уәкілетті органдарының тиісті қызметі мемлекеттің әр түрлі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғай алатын қабілеттілігіне қазақстандықтардың сенімділігін туғызуы тиіс. 

СЫНДАРЛЫ ОППОНЕНТТІК СТРАТЕГИЯ 

«Ақ жол» партиясы Қазақстанның жаңа даму кезеңінде аталған проблемалар, қарама-қайшылықтар мен сын-қатерлер жағдайларында  саяси пікірталастардың өзегі - қоғамдық-саяси тепе-теңдікті сақтау болатындығын алға тартады.

Бұл пікірталастарда «Ақ Жол» партиясы  қалыптасу үстіндегі қазақстандық орта таптың ұстанымы мен мүдделері еліміздің барлық саяси күштерімен естілуіне және шешім қабылдау кезінде ескерілуіне бар күшін салады. 

«Ақ Жол» Демократиялық партиясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуге және қысым жасауға, қоғам мен мемлекет өмірінің  әртүрлі салаларындағы төзбеушіліктің, заңсыздықтың, сыбайлас жемқорлықтың және экстремизмнің кез келген көріністеріне, республиканың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, оның халықаралық қауымдастықтағы абыройына нұқсан келтіретін әрекеттерге батыл қарсы тұрады.

Өмір көрсеткендей, «Ақ жол» партиясы азшылықта болғанның өзінде, саяси оппоненттерімен және міндетіне салақ қарайтын шенеуніктермен таласта ұлттық мүдделерді, кәсіпкерлердің құқықтарын және қарапайым адамдардың адамгершілік абыройларын қорғауға қабілетті. Сонымен қатар, біздің партия саяси оппоненттікті заңдардың негізінде, барлық парасатты азаматтарды біріктіру және демократиялық конституциялық құрылысты нығайту мақсатында жүзеге асырады.  

 «Ақ Жол» партиясы одан әрі де маңызды саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру процесіне белсенді түрде қатысуға және бұл процеске өзінің бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін кез келген заңды формалармен барлық деңгейлерде ықпал еуге ниетті. 

Тиісті қызметін, билікке араласу мүмкіндігін қоса алғанда, партия қара бастың қамы емес, оны өзінің еліне және өзінің халқына тиімді қызмет етудің құралы ретінде қарастырады. 

*  *  *

«Ақ жол» партиясы қоғамға жаңарған саяси бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының  жоғары серпінін сақтауды көздейді.

Еліміздің алдында тұрған сын-қатерлер барлық сындарлы саяси күштердің, барлық отанымыздың тағдырына немқұрайдылық танытпайтын азаматтардың топтасуын талап етеді.

Партия аға буынға жүгінеді, олардың тәжірибесі мен кәсібилігі ХХ1 ғасырдағы Қазақстанды құруда  бұрынғыдан да өте қажет.

Партия қоғамның ең бастамашыл және белсенді бөлігімен, Қазақстанның бизнесте, саясатта, ғылымда және мәдениетте болашақ келбетін анықтайтын адамдармен бірлесетінін атап көрсетеді.

Партия ең жақын келешекте еліміздің дамуына өз үлесін қосатын жастарға үміт артып, сөзін арнайды.

Партия ұсынып отырған бағдарлама, бұл реалистердің бағдарламасы. Істің нақты жағдайын білетін, еліміз үшін тәуекелдіктер мен мүмкіндіктерді түсінетін, және Қазақстанның игілігі мен өркендеуіне әрекет ететін адамдардың бағдарламасы!

 

 

 

Жаңалықтар легі

Видео

16 ақпан 2017
А.Перуашев Қазақстанда франчайзинг жүйесін дамытуды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс