«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттық сауалдар

07 декабря 2016

Қазақ ауылдарындағы бүгінгі күн көрістің көзі болып отырған жылқы мен ірі қараға бөлінетін субсидияның күрт төмендеуін қалай түсінуге болады?

2016 жылдың 7 желтоқсанында жарияланды

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Б. Ә. Сағынтаевқа
 

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қызу талқыдан өтіп жатыр.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының ішінде мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, өндіріс көлемін, экспорттық әлеуеттікті көтеру бар екендігін атап өту қажет. Алайда осы бағдарламаның мазмұнына үңілетін болсақ, бірқатар сұрақтар туындап отыр.

Мысалы, құс етін өндіруді субсидиялау 9 млрд. теңгеден 13,5 млрд. теңгеге, яғни 1,5 есе өссе, сонымен қатар ірі қараның етін өндіруге берілетін субсидия 10 млрд. теңгеден 7 млрд. теңгеге, яғни дәл сол 1,5 есеге кеміген.

 

Асыл тұқымды шошқа сатып алуды субсидиялау 16,5 миллионнан 315 миллион теңгеге, яғни 19 есеге артып отыр, ал асыл тұқымды жылқы сатып алуды субсидиялау 387 миллионнан 126 миллион теңгеге дейін, яғни 3 есе кеміген.

 

Сонымен қатар, ірі қара бағытындағы асыл тұқымды малды импорттау, сүт бағытындағы ірі қараның бұқаларын жеке шаруашылықта ұстау, бірінші деңгейлі мал бордақысына өгіздерді өткізу, мал азығын арзандату үшін мемлекеттік қолдау көрсетуден, яғни субсидиялаудан мүлдем бас тарту жоспарланып отыр. Бұл қалай? Бұл кімге қарсы жасалған шара? Ауылдағы қарапайым халыққа ма?

Күні кеше ғана Индустрияландыру күнінде Елбасымыз шет елден асыл тұқымды қара малды алып келудің аса қажеттігін атап өтті. 

 

Оның үстіне, жеріміздің 70 пайызы жайылым бола тұра, халкымыздын 43 пайызы ауылда тұрса да , тауық қора мен шошқа қораны неге айналып шыга алмай журміз, онын артында кім тұр? Мүмкин бұл саланы да қолдау керек шығар.  Бірақ атадан қалған кәсіпті - дәстүрлі мал шаруашылығын одан кем қоймауымыз керек.  Қашаннан бері қазақтың дастарханы үшін тауық, қазы қартадан артық болып еді

Төрт түлік малды бағудан, өсіруден қазақтан асқан маман жоқ.

 

Қазақ ауылдарындағы бүгінгі күн көрістің көзі болып отырған, төрт түліктің негізі – жылқы мен ірі қараға бөлінетін субсидияның күрт төмендеуін қалай түсінуге болады?

Облыс орталықтарында шоғырланған ірі құс өндіретін фабрикалар, ірі шошқа фермалары, астық шаруашылығы қанша маңызды болса, шалғай ауылдарды, еліміздің асырап отырған мал шаруашылықтарының да әлеуметтік-экономикалық, керек десеңіз саяси маңызы өте үлкен деп санаймыз.

Осыған байланысты, болашақта іске асатын бағдарлама жобасында ауыл шаруашылығының барлық салаларына тең жағдай жасап, қазақи дәстүрлі мал шаруашылығын қолдауды төмендетпеуді сұраймыз.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттары 

 

 Жауап 06.01.2017, 11-21/4030

 

Жаңалықтар легі

Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс