«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттық сауалдар

05 апреля 2017

Батырға деген бүгінгі құрмет, ертең елі үшін атқа қонатын ұрпаққа өнеге болуы тиіс

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Сағынтаевқа

 

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 

Халқымыздың қайсарлығы мен ерен ерлігінің үлгісіне айналған Ұлы Женіс күніне тура бір ай уақыт қалды. Еліміздің тәуелсіздігінің кепілі, қирамас қалқаны болып табылатын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына да мерейлі жиырма бес жыл толып отыр. Бұл ширек ғасыр өткенімізге ой жіберіп, болашақты пайымдайтын уақыт. Еліміз қай кезде де қол бастаған батырларға, халқы үшін жанын қиған қаһарманға кенде болған емес. Бүгінгі депутаттық сауал халық қаһармандары тұралы болмақ.

 Батырға деген бүгінгі құрмет, ертең елі үшін атқа қонатын ұрпаққа өнеге болуы тиіс.

«Халық қаһарманы» атанған батырларымыздың қазіргі қоғамда алып отырған орыны мен насихатталуы және оларға қөрсетілетін сый-құрмет көптеген сұрақтар туғызуда.

   Батырларымыз жанқияр ерлікті жеңілдік, я болмаса өтемақы алу үшін жасаған жоқ.  Тіпті арамызда жүрген аз ғана қаһармандарымыздың өздері бұл туралы әңгіме қозғағанды намыс санайтыны анық. Батырлық пен қарапайымдылық қатар жүретіні белгілі. Олардың ерлігін ұрпаққа паш етіп, лайықты бағасын беру елдігімізге сын.

Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан тусын! Елбасымыздың ең алғашқы Жарлықтарымен халқымыздың батыр ұлдары, аттары аңызға айналған Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевтардың осы атақтың алғашқы иегерлері атанғаны осы сөзіміздің дәлелі. 

Сонымен қатар, бейбіт күнде ерлік көрсеткен бірталай азаматтарымыз да осы марапатқа лайық деп танылды. Алғашқы ғарышкерлеріміз – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтар, кешегі Айдын Айымбетов, ауған соғысының батыры, қазір арамызда отырған Бақытжан Ертаев ағаларымыз – біздің мақтаныштарымыз.

Сол сияқты 2011 жылы Таразда, террористерден адамдарды құтқару жолында ерлікпен қаза тапқан Байтасов Ғазизды қалай ғана қаһарман демеске?

Жас ұрпаққа идеал болатын, Отан қорғау, патриотизм деген қасиетті ұғымдарды паш ететін дәл осы қаһармандарымыз екені анық. Жасыратыны жоқ, тізімдегі отыз батырымыздың біразының есімін бүгінгі ұрпақ білмейді.

 Мектеп түлектерінің тест сұрақтарында біркүндік шоу-бизнес өкілдерінің аттарының орнына, соғыста көзсіз ерлік көрсетіп, бейбіт күнде ең басты құндылық-адам өміріне араша түсіп, жандарын шүберекке түйген ерлердің есімі неге тұрмасқа? Ерлікке сусындап өскен ұрпақ та намысын қолдан бермейтін азамат болып өспей ме? 

Олар жайында оқулықтарда мүлдем айтылмайды деуге болады. «Халық қаһарманы» атағы тиісті әлеуметтік статусымен аса бектітілмеген.

Ал,  көрші мемлекетте «Герой России» атағына ие болған қандасымыз Серік Сұлтанғабиевтің ерлігіне ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіліп жатқандығын өз көзімізбен көріп отырмыз. Мысалы басқа да әлеуметтік көмектерден тыс, олар 75 000 мың рубль ай сайын жәрдем ақы алады. Жарақаттарына қарамастан, ерліктің символы ретінде әскер қатарында қалдырылып, әскери бөлімге командир болып тағайындалды.

Ресейде ондай батырлардың саны 1,5 мыңнан астам болса да, оларға бөлінетін қаржыны ешкім бюджетке артық жүк деп санамайды.

 

Ал біздің бейбіт елде, соғыс Каһармандарының саны саусақпен санарлық болса да, оларға мемлекет көрсететін шығындары бюджетке қымбат түседі деп қорқып отырмыз.

Заңнамада белгіленген Халық қаһармандарына берілетін жеңілдіктердің ішінде 20 шаршы метр қосымша баспана мен тегін қабір тасын ғана атап өтуге болады. Бұндай көзқарас біздің жауынгерлерімізді қандай ерлік жасауға итермелейді? Отан үшін ерлік жасап мүгедек болса, оның отбасы қайырымдылыққа ғана қарап отыра ма? 

 

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП  «Халық қаһарманы» иегерлерінің ерліктерін бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында келесі шараларды жүзеге асыру керек деп санаймыз:

1) «Халық қаһарманы» атағы иелеріне Үкімет қаулысымен лайықты мәртебе беру;

2) Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында «Халық қаһармандары» аллеясын ашу және елді мекендердегі әлеуметтік объектілер мен көшелерге олардың аттарын беру;

3) Батырлардың өмірбаяны, ерлік жолдарын жеке жинақ қылып шығарып, мектеп бағдарламасына енгізу және де Ерлік сабағын дәстүрге айналдыру.

 

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депуттары

Жаңалықтар легі

Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс