«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттық сауалдар

28 марта 2018

Азат Перуашев: Азаматтардың қауіпсіздігі туралы қамқорлықты заңның және күнделікті тәжірибенің қатарына енгізуге тиіспіз – депутаттық сауал

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 

2018 жылғы 28 наурыз

 

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Өздеріңізге белгілі, бұл күндері мыңдаған қазақстандықтар Ресейдің ондаған азаматтарының, соның ішінде басым бөлігі балалардың өмірін жалмаған Кемерово қаласындағы өрт апатында қаза болған құрбандардың туған-туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, көңіл айтуда. Осыған байланысты бүгін Ресейде жалпыұлттық Аза тұту күні жарияланды.

«Ақ жол» фракциясы зардап шеккендердің отбасына көңіл айтып, көршілес елдің қайғысына ортақтасады. Орны толмас қайғыға душар болған сіздерді жұбатуға біздің қауқарымыз жетпес, дегенмен мұндай қаралы күнде сіздермен біргеміз.

Сонымен қатар, сайып келгенде біз де бұл оқыс оқиғадан сабақ алуымыз керек деп есептейміз. Себебі біздің елде де осындай қайғылы жағдайлар орын алады.

Осыдан екі жыл бұрын, 2016 жылғы 30 қыркүйекте «Ақ жол» фракциясының депутаттары биік ғимараттардағы өрт қауіпсіздігінің сақталмай жатқаны туралы дабыл қағып, Ішкі істер министрлігіне арнайы хат жолдаған болатын.

ҚР ІІМ-нің 24 қазандағы берген ресми жауабында, атап айтқанда, былай делінген, дәйексөз келтіремін: «...өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы талаптарды талдау Сіздер атаған олқылықтардың бар екенін көрсетті...», «Мұндай орын алған кемшіліктерді уақытылы анықтамау азаматтық қорғаныс органдарының кейбір өкілеттіктерін алып тастауға әкеліп соғады...ал оны өз кезегінде ниеттері түзу емес кәсіпкерлер пайдаланып қалуға тырысады...» және т.б.

«Қауіп-қатерлерді бағалаудың жаңа жүйесін енгізуімізге байланысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын нысандар саны 140 мыңнан 29 мыңға дейін азайған», - деген мәліметтер келтірілген.

Басқаша айтқанда, бүгінде бұқара халық көп жиналатын 110 мыңнан астам ғимараттар өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес мүлдем тексерілмейді.

Сол өзара жазысқан хаттан кейін екі апта өткенде, яғни 2016 жылғы
6 қарашада «Алматы Тауэрс» батуттан секіру орталығында өрт шығып, нәтижесінде 6 студент жігіт қаза тапты.

Біз Үкімет пен Алматы қаласының әкіміне ең ірі сауда орталықтары және балаларға арналған мекемелерді жоспардан тыс кенеттен тексеру жұмыстарын жүргізу туралы кешегі берген тапсырмасына алғысымызды білдіреміз. Бұл шаралар азаматтардың дәлелге негізделген қорқыныштарын жоюға және қолданыстағы қауіпсіздік қатерлерін болдырмауға бағытталған.

Сонымен қатар, біз бұл мәселенің әлдеқайда ауқымды екеніне назар аударғымыз келеді. Қазір кез-келген біреуіміз тек қана ірі сауда орталықтарының емес, сондай-ақ мыңдаған адамдар өмір сүретін және жұмыс істейтін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың өрт жағдайында шығатын жолымен түсіп көрсеңіз, көбінің дерлік сол ғимараттардың апаттық шығу есіктері не жабық болады немесе мүлдем тас-түйін бекітілген болып шығады.

Өрт сөндіруде сигнал беру жүйесінің жұмысы, автоматты өрт сөндіру, түтін шығару, өртке қарсы жиынтық жабдықтар, қорғаныс және құтқару құралдары туралы сөз қозғаудың өзі артық сияқты бұл жерде.

Бұл жерде әңгіме тек сауда орталықтарында емес, жалпы еліміздегі 140 мың ғимарат жайында болып отырғанын қайталаймын. Сондықтан да «Ақ жол» фракциясы әлеуметтік желілердегі сауда орталықтарына бойкот жариялау туралы кейбір шағымдарды айыптайды.

Кеше ғана бірқатар ниеті адал кәсіпкерлер өздерінің нысандарын жоспардан тыс тексеру жөнінде бастама көтеріп, қазіргі уақытта қолданыстағы пайдасыз әрі тиімсіз нормалардың щеңберінен тыс оларды жиі бақылап, тексеріс жүргізуге дайын екендігін мәлімдеді.

Ең маңыздысы – тексерудің басты мақсаты қорқытып-үркітіп, бопсалаушылық жасау емес, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бизнеске жәрдемдесу болса игі еді.

Және де бұл іс-шаралар келесі бір қайғылы оқиға орын алғанға дейін бір айдан соң сол күйі ұмытылып, науқандық қана дүниеге айналып кетпеуі қажет.

Азаматтардың қауіпсіздігі жөнінде қамқорлық көрсетуді заңның және күнделікті тәжірибенің қатарына енгізуге тиіспіз.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжілістің Экономикалық реформа жөніндегі комитеті осындай ұсыныстарды мемлекеттік органдарға 2014 жылдың басында жолдаған болатын. Өткен жылғы 13 желтоқсанда стандарттау бойынша заң жобаларын талқылау және ағымдағы жылдың 14 ақпанында кәсіпкерлік қызмет жағдайын жақсарту туралы заң жобаларын талқылау барысында депутаттар мен Мәжіліс спикері осы мәселелерді көрсетті. Дәл сол кезде біз кәсіпкерлік еркіндіктер қауіпсіздікпен және өнім сапасының артуымен бірге сүйемелденуі тиіс деп талап еткен едік. Сол кезде депутаттар бассыздық пен әділетсіз бәсекелестікті ынталандыруға жол ашатын қауіпсіздік критерийлерін төмендетуді қатаң сынға алды.

Өйткені, өрттен қорғанудан басқа, қаншама адамдардың өмірін жалмаған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, балалар ойыншықтары, жабдықтар, ғимараттар, элеваторлар, сұлулық салондары, стоматологиялық кабинеттер туралы да сөз болып отыр. Жуырда ғана тас жолда автобус ішінде тірідей жанып кеткен Өзбекстан елінен келген елу екі жолаушылардың апаттан қаза болу оқиғасы баршаңызға белгілі.

Талқылаудың нәтижесінде, ағымдағы жылдың басында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметке тауарлар мен қызмет көрсетулерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын күшейту туралы заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныс жасады.Үкіметтің және депутаттардың қатысуымен бірқатар кездесулер өткізілді.Үкіметтің басшылығымен Техникалық реттеу комитетіне өкілетті орган ретінде тиісті тапсырмалар берілді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сондай-ақ бұл түйткілді мәселенің өзектілігіне байланысты «Ақ жол» фракциясы Үкіметтен аталған заң жобасын әзірлеуді тездетуін сұрайды. Әзірлеу және оны қарап тексеруге, талқылауға белсенді түрде атсалысуға дайын екенімізді мәлімдейміз.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

Жаңалықтар легі

Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс