«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттық сауалдар

03 октября 2018

Көршілес мемлекеттің бақылаушы органдарының қисынсыз әрекеттері қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындарға материалдық зиян келтіруде – депутаттық сауал

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

Ө.Е. Шөкеевке

Құрметті Өмірзақ Естайұлы! 

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өз өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттау кезінде олардың құқықтарының бұзылуына байланысты «Ақ жол» фракциясының депутаттарына өтінішпен жүгінді.

           

Мәселен, Новосибирскі облыс аралық ветеринарлық зертханасы Батыс Қазақстан облысының «Кублей» ЖШС өндірген ет консервісі өнімінің сапасына күмән келтірген.

Алайда, бұл кәсіпорын – тәуелсіз Қазақстанмен бірге жасап келе жатқан, бүгінгі күні малды союдан бастап өндіруге дейін толық циклде жұмыс істеп тұрған Қазақстанның ең ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі болып саналады. Кәсіпорынның аттестациядан өткен өзінің өндірістік зертханасы шикізат пен дайын өнімнің сапасының көрсеткіштерін бақылауды қамтамасыз етіп отыр.

Өтініште тиісінше көрсетілгендей, мәселенің мәнісі «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген (ТР ТС 021/2011) уытты элементтерге жол берілу көрсеткіштерімен айла-шарғы жасауында болып тұр.

Консервілердің заттаңбасында кәсіпорынның деректемелері мен ингредиенттердің құрамы орыс тілінде айқын жазылып тұрғанына қарамастан, Ресей лабораториясының мамандары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сауда желісінде қазақстандық өнімдерді сатуды шектей отырып, консерві өнімдерінің өзге түрлеріне қатысты мүлдем басқа рұқсат етілген деңгейлерді пайдаланған.

Көршілес мемлекеттің бақылаушы органдарының істеп отырған қисынсыз әрекеттері өзара бәсекелестікті дамытуда қолдан жасалған жасанды тосқауыл жасап, кәсіпорынға материалдық зиян келтіреді. Бұдан басқа, мұндай әрекеттер ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақтың) шекарасынан тыс елдерде беделге ие компанияның имиджіне айтарлықтай нұқсан келтіреді.

Жоғарыда айтылғанды назарға ала отырып, құрметті Өмірзақ Естайұлы, «Ақ жол» фракциясы:

1. Тексеруді – Кеден Одағының Техникалық регламентін бұзушылық шын мәнінде орын алған ба?

2. Ресей Федерациясының уәкілетті органдары тарапынан жасалған қисынсыз әрекеттер анықталған жағдайда ала алмай қалған пайдасын қоса алғанда, қазақстандық экспорттаушылардың кеткен шығындарының орнын толтыру мәселені көтеруге бастамашылық жасауды ұсынады.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

Жаңалықтар легі

Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс