«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттық сауалдар

21 қыркүйек 2016

Қолданыстағы Аграрлық несиелік корпорациясының несиені өтеу кестесі ауыл тұрғындарының мүдделеріне тікелей нұқсан келтіреді - "Ақ жол" ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілірдің мүддесін қорғап сөз сөйледі
Премьер-министрдің орынбасары,
Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылығы министрі
А. И. Мырзахметовке
 
Депутаттық сауал
 
Құрметті Асқар Исабекұлы!
 
Елбасының2010 жылғы  29 қаңтардағыЖолдауында «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп атап өтілгендей, «... әртараптандырудың маңызды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады».
 
Жыл сайын «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ  көктемгі-дала және күзгі жиын-терін жұмыстарын қаржыландырады. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 60 млрд. теңге бөлінді.
 
Қаржыландыру ережелеріне сәйкес, несиелер жылдық 5%  мөлшерлеме бойынша, екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерімен, сондай-ақ жылдық сыйақы мөлшерлемесі 9%-ға дейін несиелік серіктестер жүйесі арқылы, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепілі арқылы беріледі.
Бір қарағанда  мөлшерлемесі 5%-дық төмен несие өте тартымды, бірақ несиені 1 желтоқсанға дейін міндетті түрде қайтару мерзімі, оны тиімсіз және ішінара залалды етеді, өйткені ауыл шаруашылығындағы өнімдердің маусымдық айналымын ескермейді.
 
Мәселен, астық жинау қыркүйекте аяқталады, ал майлы дақылдарды жинау тіпті қарашаға дейін созылуы мүмкін, ал кредитті қайтару мерзіміне бір айдан да аз уақыт қалады.
Ал, бұл өнімді өткізу үшін оны өңдеу қажет: элеваторларғажеткізу, тазарту, кептіру, сертификаттар және басқа да құжаттаманыресімдеу керек.
Бұл ретте, нарықтағы шамадан тыс ұсыныстарға және вагондарды беру мен басқа да көлік мәселелеріне байланысты, күзгі кезеңде осы тауар бағасының күрт төмендеуі орын алады.
Осылайша, қолданыстағы Аграрлық несиелік корпорациясының несиені өтеу кестесі ауыл тұрғындарының мүдделеріне тікелей нұқсан келтіреді.
Несие берушімен уақтылы есеп айырысу үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері осындай еңбегімен өсірілген және жиналған өнімді, нарық конъюнктурасының қолайсыз жағдайларында,  саналы түрде  пайдасыз және  тікелей шығындарға батып, төмендетілген бағамен сатуға мәжбүр болып отыр.
Бұл тәртіп алыпсатарлар үшін тиімді, бірақ өндірушілердің өздері үшін өте залалды, олардың ауыр еңбегінің арқасында басқалар табыс табады.
 
Шын мәнінде, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуды қыс, әсіресе көктемгі кезеңде, әлдеқайда тиімді болар еді,  нарықтағы жағдай тұрақталып және тұтынушыларға дейін өнімді тасымалдау үшін вагон паркі босатылғаны, алыпсатарлардың бағалармен айла-шарғы жасау мүмкіндіктерін шектейді. 
 
Бірақ бұл үшін Аграрлық несиелік корпорациясының несие өтеу мерзімдерін тиісті маусымға ауыстыру қажет, кем дегенде - келесі жылдың 1 наурызына дейін. Бұл ретте, несие беруші ештеңе жоғалтпайды, өйткені кредиттер бойынша пайыздар, сондай-ақ ұзарту кезеңіне есептелетін болады, бұл корпорация және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тиімді болады.   
 
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, құрметті Асқар Исабекұлы, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Аграрлық несиелік корпорациясының несиелері бойынша кезекті жылдың 1 наурызына дейін төлемдер мерзімдерін ұлғайту мүмкіндігін қарауды сұрайды.
 
 
 
Құрметпен,
«Ак жол» ҚДП фракция депутаттары
 
 


Видео

23 сәуір 2017
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс