«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Депутаттық сауалдар

12 қазан 2016

"Ақ жол " Алаш үкіметінің 100 жылдығын кең көлемде атап өтуді сұрап депутаттық сауал жолдады

2016 жылдың 12 қазанында жарияланды

Қазақста Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә.Сағынтаевқа

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 

Алдағы, 2017 жылы – Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100  жыл толады.  Бұл – ұлттық-демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Алаш қозғалысының ұстанымдары қазақ мемлекеттігін мақсат етті. Бірақ, Азаттықтың жаршысы болған Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлеріне көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік болмады. Алаш арыстарының ең басты еңбегі - олар заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне атсалысып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол жолда олар қанын да, жанын да аяған жоқ.

Дегенмен, бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары  бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел. Алаш қайраткерлерінің тәжірибесі Елбасы айқындап берген «Мәңгілік Ел» патриоттық актысымен үндесіп жатыр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінің «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында «ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп көрсеткен болатын.

Ендеше, «Алаштың» 100 жылдығын  ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, жас ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп санап, оның дайындығына Үкіметті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды қазірден кірісуге шақырамыз.

Оны өткізуді салмақты әрі сапалы дайындықпен жоспарлау қажет деп санаймыз. «Ақ жол» фракциясы Қазақстан Республикасы Үкіметіне, қазақ халқының бостандығы үшін аянбай еңбек еткен Алаш қайраткерлерін лайықты ұлықтауға арналған танымдық іс-шаралар белгілеп, іске асыруды ұсынады.

Осы ұсынысымызды ескере отырып, көтерілген мәселеге орай Үкімет тарапынан  қабылданатын шаралар жөнінде хабардар етуіңізді сұраймыз.

 

Құрметпен,

 

«Ақ жол» ҚДП парламенттік

фракциясының депутаттары

 

А.Перуашев

Е.Барлыбаев

Е.Никитинская

К.Абсатиров

Б.Дүйсенбинов

Д.Еспаева

М.Қазбекова

 


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс