«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Алаш аманаты

17 қазан 2016

Әлихан Бөкейханның құрметіне шыққан монета ресми таныстырылады


Ертең Алаш көсемі, Әлихан Бөкейханның  құрметіне арналған салтанатты шараның бірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мерейтойлық естелік монетаның салтанатты таныстырылым рәсімі өтеді. Алаштанушы-ғалымдар мен «Ақ жол» ҚДП, ҚР Ұлттық Банкінің ұйымдастыруымен өтетін айтулы шара 18 қазан күні  сағат 12.00-де Астана қаласындағы Сарайшық көшесі №5 үйде өтеді.
Монета Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай естелік ретінде шығарылған.
«Бұл таныстырылым шарасы – Әлихан Бөкейханның тұлғалық қасиетін айқындау ісіне қосылған үлкен үлес. Қазақ айтады: «Тасқа басылған таңба ешқашан өшпейді» деп. Әлихан Бөкейханның тұлғалық қыры енді міне ұлттық банктің мерекелік монетасына бейнеленіп отыр. Бұл дегеніңіз – болашақ күндері ұлттық музейлер мен көрмелерге қойылып, өзінің тарихи құнын арттыратын, сапалы әрі құнды, қымбатты экспонат болары хақ. Монетаға Әлиханның тұлғалық келбетін бейнелеу дегеніміз – оның тұлғалық қырын жастар мен жасөспірімдерге насихаттау, таныту деген сөз. Қазақ еліне шет елден келетін қонақтар, туристер ұлттық банктің шығарып отырған бұл монетасын өздеріне кәдесый ретінде сатып алып, Қазақ елінен әкелген тәберігіміз деп ұрпақтарына айта жүрері анық» – дейді ұйымдастырушылардың бірі, алаштанушы Елдос Тоқтарбай.

Дерек көзі - egemen.kz


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс