«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Сөйлеген сөздер

15 желтоксан 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы туралы «Ақ жол» демократиялық партиясының МӘЛІМДЕМЕСІ
 
«Ақ жол» демократиялық партиясы барша қазақстандықтарды еліміз үшін ең маңызды мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтайды.
Осыдан 100 жыл бұрын қазақ халқының азаттығы үшін күрескен Алаш арыстары айтқанындай "мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық". Еліміздің сан ғасырлар бойғы үмітін, қолжетпестей сағымды арманын - 25 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастауымен  қазақ халқы шынайы өмірге айналдырды.
 
Бұл жетістік аспаннан тегін түскен олжа емес. Осы  ширек ғасыр ішінде еліміздің басынан қандай ғана ғаламдық қиыншылықтар мен дағдарыстар өткен жоқ. Оған қарамастан қазақ тәуелсіздігі кез-келген сынаққа төтеп беріп, барлық қиыншылықты қара нардай көтере білді. Оның үстіне біз заманауи, мықты, прогресшіл мемлекет құрдық.
Өз тарапынан «Ақ жол» партиясы Тәуелсіздігімізді баянды етіп, оның іргесін бекіте түсу, елді өркендету, халықтың әл-ауқатын көтеру, мемлекеттікті нығайту, Қазақстанның демократиялық дамуы және ұлтымызды жаhандық экономикалық тайталасқа дайын болуына қызмет етуді басты мақсаты деп санайды.
 
Осыған байланысты «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының Орталық кеңесі: Қазақ  елін осы ұлы мерекесімен тағы да құттықтай отырып, төмендегіні мәлімдейді.
1) Тәуелсіздік ешбір дүниемен, әлеуметтік-материалдық игіліктермен өлшенбейтін теңдессіз басты байлығымыз, баламасыз бақытымыз, ең басты құндылығымыз. Батыр бабаларымыз өсиет еткендей, Тәуелсіздігіміздің жолында мал да, жан да құрбан.
2) Еліміздің барлық саяси күштерін, азаматтарын, барша отандастарымызды ең басты құндылығымыз - Тәуелсіздігімізді қастерлеп, құрметтеуге, одан әрі нығайту жолында атсалысуға шақырамыз.
Еліміздін Тәуелсіздігі 25-жылдықтан Мәңгілік елге ұлассын!
 
 
 
 
 


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс