«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Сөйлеген сөздер

01 ақпан 2017

Президент бизнесмендерді, бұл салаға жауапты шенеуніктерге қарағанда жақынырақ және жақсырақ білетініне және түсінетініне әлденеше рет көзім жетті

Азат Перуашев, ОКҚ баспасөз маслихатындағы сөзі,

2017 жылдың 31 қаңтары

 

 

Құрметті әріптестер!

Ең алдымен «Ақ жол» демократиялық партиясы бүгінгі Мемлекет басшысының жолдауында берген тапсырмаларын қолдайтынын атап өту қажет деп санаймын.

Бизнес партиясы болғандықтан, әрине кәсіпкерлікті қолдау мен экономика саласындағы Президент бастамалары біз үшін ең өзекті болып табылады.

Бұл туралы толығырақ айтып кетуге тура келеді.

Бүгінгі күні алдымызға қойылған міндет Қазақстанның үшінші жаңғыруы мен оның басымдықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Мәселен, цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету туралы тапсырма берілген. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.

Бұл талаптар «Ақ жол» партиясының ұстанымымен үндес:Осыдан бір апта бұрын ғана, 25 қаңтарда біздің Парламенттегі фракциямыз венчурлық қорлар жүйесі арқылы инновациялар мен стартаптарды қолдау саласының жай-күйі туралы Үкіметке депутаттық сауал жолдады.

Біздің ойымызша, мемлекеттік қаржыны қолдану тұрғысынан да, экономиканың инновациялық және технологиялық сипатына ықпал ету тұрғысынан да, іскерлік белсенділік көзқарасы тұрғысынан да, бұл бағыт біздің даму үрдісімізге сәйкес емес, сол себепті оны жандандыру керек.

Президент Жолдауын орындау аясында бұл іс тек венчурлық қаржыландыруда ғана емес, жалпы технологиялық және инновациялық секторларды мемлекеттік қолдауда алға жылжиды деген ойдамыз.

 

Екінші кешенді міндет – жаңа индустриялар құрумен қатар Қазақстан экономикасының дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру.

Мұнда  Мемлекет Басшысы еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруды талап етеді, негізгі фактор етіп қазіргі заманғы технология мен автоматтандыруды енгізу болуы тиіс.

Үкіметке бизнеспен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу тапсырылды.

Осыған орай, кәсіпорындарды модернизациядан өткізіп қана қоймай, индустриаландыру бағдарламасы аясында жүргізіліп отырған жаңа жобаларға қолданылатын тәсілдерді өзгерту қажеттігін атап өту керек. Елбасы желтоқсандағы Индустриализация күнінде мемлекеттік қаржы жұмсалып, кәсіпорындар ашылып жатқанын, ал  олардың шығарған өнімдері қажетсіз болып қалатынын сынға алды.

Мәселе мынада, бұл кәсіпорын технологиялық жағынан алдыңғы қатарда ма, оның жабдықтары мен өндірістік процестері халықаралық стандарттарға сай келе ме? – деген сұрақтарды ешкім қадағаламайды.

Нәтижесінде, басқа мемлекеттерде өндірістен шығарылған, артта қалған технологиялармен жасалған бұрын қолданыста болған жабдықтарды әкеліп, оларды көпшілікке таныстырған жағдайлар болған.

Сол себептен, мемлекеттік қолдау көрсетілетін жобалардағы қолданылуға жоспарланған технологиялардың және технологиялық регламеттердің озық әлемдік тенденцияларға сәйкестігін анықтайтын бағалау енгізу кажет.

Мұндай тәсіл біздің өнімнің экспорттық потенциалын да арттырады.

Президенттің индустрияландыруды  бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытумен байланыстырып, сонымен қатар Үкімет алдында 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндетін қойғаны кездейсоқ емес.

Бұл үшін оларға экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру, Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды және бірыңғай экспорттық стратегия жасауды тапсырды.

Нұрсұлтан Әбішұлы, прагматик және реалист ретінде, велосипед ойлап табуды емес, тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуді ұсынып отыр. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн.

Бұл шынында да прогрессивтік және тиімді тапсырма.

Мемлекеттің кез келген жобаны, кез келген бизнесті, соның ішінде сапасы күмәнді өнімдерді шығаратын кәсіпорынды қолдаған кезеңі болған.

Іс жүзінде, Президент парадигманы өзгертуді: өнімі жоғары талаптарға сай болатын адал және сапалы бизнесті қолдауды айтып отыр.

Бұл жерде қолданыстағы халықаралық желілер және өндіріс пен өнімдерді өткізу жүйелеріне ену қағидасы маңызды.

Әрине, трансұлттық корпорациялар ірі бизнеске бағытталған.

Бірақ та, қолданыстағы жүйелерді қарастырсақ, шағын және орта бизнес үшін де халықаралық франчайзинг құралдары арқылы жүйеге кіретін жақын механизмдер бар, яғни алдыңғы қатарлы әлемдік компаниялар жергілікті кәсіпкерлерге өз технологиялары мен процестерін ұсынады, сондай-ақ  оларды өзінің өнімді сататын глобалдық жүйесіне қосады.

Осындай бастамалардың бәрін қажетті қаржыландыру мен инвестициясыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Сондықтан да, Президенттің инвестициялық стратегияны әзірлеу тапсырмасы оны жүзеге асыру құралы ретінде аса маңызды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының»  рөлін де осы тұрғыдан қараған жөн.

Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясы сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвесторларды тарту мәселесінде біздің ұлттық экономикалық мүдделерімізді қорғау қажеттілігі туралы бірнеше рет пікірін айтты.

Бұл тақырып бойынша біздің фракция бұрында әлденеше рет депутаттық сауалдар мен ұсыныстар айтқаны туралы еске түсірейік, мысалы 2012 жылдың 5 желтоқсанында, 2013 жылдың 30 сәуірінде, 9 қазанында, 6 қарашасында, 18 желтоқсанында, 2014 жылдың 24 маусымында, 1 қазанында, 19 және 26 қарашаларында, 2015 жылдың 11 ақпанында, 13 мамырында, 16 қазанында, 11 қарашасында, 2016 жылғы 27 сәуірі және т.б.

Сондықтан да, Президенттің Халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді ілгерілету және қорғау қажеттілігі туралы тапсырмасын біз Жолдаудағы негізгі қағиданың бірі деп есептейміз.

 

Мысалы, өткен жылдың 19 қазанында «Ақ жол» фракциясы ресейлік тауарларға басымдық беретін РФ қаулысынан қазақстандық бизнес мүдделеріне біртұтас ЕАЭО нарығында қысым жасалғаны туралы үкіметке сауалын жолдады.

Біздің үкімет жауабы бұл мәселенің барын растады, бірақ та оның шешімі әлі табылған жоқ.

Келесі мысал: ЕАЭО-ның көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру шешімі бойынша Қазақстан мен Белоруссия белгісіз себептермен 2014 жылдан бастап жаңа жобалар жасаудан бас тартуға міндетті екен, ал Ресей, бәріміз сияқты тең құқылы серіктес болғандығына қарамастан, одан бас тартпайды.

Қытайлық серіктестермен өткен кездесулерде «Ақ жол» депутаттары ҚХР инвесторларының қатысумен құрылған компанияларда қазақстандық жұмысшылардың, қызмет көрсетуші және мердігерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін әрдайым көтеруде.

Мұндай дауласудын мысалдары аз емес. Бұл артық эмоциясыз және саясиландырусыз жүретін қалыпты жұмыс, бірақ оның маңызы зор.

 Ұлттық экономикалық мүдделерді ілгерілету және қорғау – кез келген мемлекет пен Үкіметтің тек құқығы ғана емес, тікелей міндеттемесі болып табылатынына сенімдіміз.

Бұл мәселеге ерекше көңіл аударатын Елбасымыз, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ақ жол» партиясы ризашылығын білдіреді.

Экономиканың басым бағыттары - тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендерінде шикізатты қайта өңдеуге көшу, ал аграрлық секторда экологиялық таза өнімдерді шығаруға сүйеніп, қазақстандық тауарлардың ұлттық брендіне айналдыру тапсырмаларын сөзсіз қолдаймыз.

Көліктік-логистикалық және құрылыс салаларынан қайтарымын көбейту туралы, әрине, жоғары талаптар қойылған, бірақ олардың отандық экономикадағы рөлі мен мемлекеттің әрдайым беретін қаржылық қолдауын ескеретін болсақ, бұл дұрыс қойылған талап.

«Ақ жол» партиясы үшін Мемлекет басшысының бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту бастамалары ең жақыны.

Біздің негізгі стратегиялық мақсатымыз болып елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

Бұл үшін, Үкімет Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті. Оған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің шығынын азайту жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге, Президент энергетика және логистикадағы қызмет көрсету құнындағы шығындарды төмендетуге назар аударды.

Бұл өте ауыр мәселе. Біздің фракцияға кәсіпкерлер үнемі газ немесе  жылуға, электр қуатына монополистердің тарифтерімен шектен шыққандары туралы айтып жүгінеді. Біресе қақаған қыстың ортасында жылыжайды өшіреміз деп, біресе ешқандай негізсіз тарифті екі есе көтеріп, миллиардтаған техникалық шарттар ұсынады, және тура сол жерден осы мәселені «бейресми түрде шешу жолдарын ұсынатын қайдағы бір адамдар табыла кетеді».

Үкімет осы мәселені ретке келтірсе, мыңдаған кәсіпкерлер бірден жеңілдік сезінетінетіндеріне  нық сенімдімін.

Бүгінгі Жолдауда Президент біздің бизнесіміздің жанды нүктелерін дәл белгіледі. Бұл – реттеуші жүктеменің көтеріліп,  экономиканы мемлекет және осымен байланысты квазимемлекеттік секторда корпоративті жемқорлық жүйесінің дамуы.

«Ақ жол» партиясы «Yellow Pages» адал бәсекелестік қағидаттарына сай келмейтін мемлекет меншігіндегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе жою керектігін; сонымен қатар, әрбір бағдарламаға орай заңды тұлғалар құру тәжірибесін тоқтату талабын қолдаймыз.

Еске сала кетсек, «Ақ жол» партиясы  депутатары 2014 жылдың  2 сәуірінде үкіметке жолданған депутаттық сауалында  мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар құруға қатысты мораторий енгізу туралы сұраған болатын. Бірақ та, бізді үкімет естімеді.

«Самұрық-Қазына» қорын,  «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін қайта құруды қолдаймыз, және олар жеке бизнеске залал келтірмей тиімді түрде мемлекеттің және экономиканың мүддесіне сай жұмыс жасай алады және жасауы тиіс.

Мемлекет басшысының квазимемлекеттік сектордағы, яғни ұлттық компаниялар мен холдингтардағы сатып алуды өткізудегі тәсілдемелерін түбегейлі қайта қарау талабы ерекше қанағаттандырады. «Ақ жол» әрдайым осы саладағы проблемелер мен теріс пайдаланушылық туралы айтқан, бірақ әрдайым мемлекеттік органдар бізге «Бағдадта бәрі тыныш» деп жауап беретін. Бірақ та, біз әрқашан олардан кейін қылмыстық іс қозғауға болатындай дәлелдер келтіріп отыратынбыз.

Өзінің Жолдауында Мемлекет Басшысы Ұлттық банктің инфляция ғана емес, сонымен қатар экономиканың өсуі үшін де жауаптылығын нақты атап өтті. Сонымен қатар, ол Ұлттық банк  және Үкіметке тенгеде орташа және ұзақ мерзімді қорландыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.

Бұл кәсіпкерлер үшін маңызды, өйткені «Ақ жол» фракциясы теңгелік инвестициялық несиелеудің жоқтығы туралы сауалын Ұлттық банк алдында тек өткен кезең ішінде кем дегенде үш рет қойды. Бізге, бұл Ұлттық банктің міндеті емес деген жауаптар келген.

Президент бизнесмендерді, бұл салаға жауапты шенеуніктерге қарағанда, жақынырақ және жақсырақ білетініне және түсінетініне  әлденеше рет көзім жетті.

Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыстық криминалдық сипаттан арылту туралы да біздің фракцияның бірқатар ұсыныстары жиналып қалды.

Бұл шаралардың барлығын Президент белгілген саяси жүйе реформасының контекстінде, қарау және қабылдау қажет, оның аясында Үкімет пен Парламенттің өкілеттіктері күшейтетін болады.

Осылайша, бізге, парламеттік партия өкілдеріне Жолдауды бағалау ғана емес, оны жүзеге асыруға тікелей қатысуымызға мүмкіндік беріледі.

Бүгін хабарланған Қазақстанның үшінші жаңғыруына «Ақ жол» партиясы ерекше мүдделілікпен  қатысатынын сенімділікпен айтамыз.

 

Рахмет.


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс