«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

06 ақпан 2017

Ақтөбедегі қытайлық компанияның қазақстандық қызметкерлерді жұмыстан босатумен байланысты кезекті жанжалдан кейін «Ақ жол» партиясы шетелдік инвесторлардың Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтау міндеттерін бекітуді ұсынды

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2017 жылдың 6 ақпаны.

Ақтөбедегі қытайлық компанияның қазақстандық қызметкерлерді жұмыстан босатумен байланысты кезекті жанжалдан кейін «Ақ жол» партиясы шетелдік инвесторлардың Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтау міндеттерін бекітуді ұсынды -  бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында үкіметке жолдаған депутаттық сауалында ҚДП жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді.

Ол «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Президент Жолдауының аясында Мемлекет басшысының Үкіметке берген тапсырмасынан дәйексөз келтірді: «халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы Экономикалық белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты».

Біздің ел беріп отырған мүмкіндіктері пайдаланып, әрбір бизнес барынша пайда табуға қызығушылық білдіретіні түсінікті. Бірақ, «Ақ жол» депутаттары  Қазақстан үшін өзара тиімділік шетелдік инвесторлардың алдына қойылған міндетті талап болуы керек,сондай-ақ олар біздің ұлттық мүдделерге нұқсан келтірмеуі керек деп санайды.

Азат Перуашев шетелдік «рақымшылық жасаушылар» өзінің мақсаты етіп теңқұқықты тиімді ынтымақтастық емес, керісінше өзге ресурстарды пайдаланып, серіктестерін экономикалық тәуелділікке тарту сияқты шетелдік тәжірибенің мысалдары аз еместігін атап өтті. Мұндай «инвестициялардан» шетелдік компаниялардың өздері ғана пайда табады, жергілікті бизнесті тіпті мердігерлік жұмыстарға араластырмай, ол үшін өз мемлекетінің кәсіпорындарын және жұмысшы күшін жұмылдырады.

Тасып шығарылған табиғи ресурстардың орнына не жұмыс орындарын, не технологияларды, не жөнді салық түсімдерін алмаған, айтарлықтай ресурстарға ие мемлекеттер де бар деді «Ақ жол» көшбасшысы.

Депутат мұндай тәуекелділіктер біздің ел үшін де болуы мүмкін деп пайымдап, оған бір күн бұрын болған, жүздеген қазақстандық қызметкерлерді жұмыстан босатуды тоқтату туралы «Великая стена» қытайлық компаниясына Ақтөбе облысының басшылығының кезекті талаптарын мысал ретінде келтірді.

Сонымен қатар, ол қызмет көрсету, тауарларды жеткізу мен тағы басқа жұмыстарға келісім-шарттарды қайткен күнде де өз елінен келген жеткізушілерге тапсыратын шетелдік инвесторлар туралы отандық кәсіпкерлерден «Ақ жол» партиясына дабылдар қабылдап, тұрақты түрде түсіп жататынын  де қоса айтты.

Азат Перуашев фракция депутаттары үнемі  көтеретін интеграциялық бірлестіктердегі әділ бәсекені бұзатын, соның ішінде ЕАЭО-да біртұтас нарық ішінде біздің сыртқы әріптестер тарапынан қазақстандық бизнеске қойылатын кедергілер жиі жасалатыны туралы тағы да бір мәселелер жиынтығын атап көрсетті.

«Ресейде шығарылған тауарларға басымдылық туралы» РФ үкіметінің қаулысынан ЕАЭО-да біртұтас нарық ішінде отандық кәсіпкерлердің мүдделеріне қысым жасалып отырғаны туралы өткен жылдың 19 қазанындағы өз сауалы жайында «Ақ жол» партиясының жетекшісі еске түсірді. «Біздің үкімет бұл мәселенің барын растады, бірақ та оның шешімі әлі табылған жоқ, жаңа шаралар да қабылданып жатқан жоқ. Мұндай мысалдар аз емес» - деді А.Перуашев. Ол «сондықтан да, қытайлық және ресейлік әріптестермен кездесулерде, күнделікті біздің парламент жұмысында «Ақ жол» депутаттары отандық бизнесті қорғау жөніндегі мәселелерді үнемі қозғап отыратынын» баса айтты. Бұл қалыпты жұмыс,  ешбір артық әсірелеусіз немесе саясаттандырусыз, алайда оның принциптік мәні бар.

Қазақстандық демократтардың ойынша, ұлттық экономикалық мүдделерге жасалған қысымдар арнайы зерттеуді және тиісті жүйелік шараларды жасауды қажет етеді. «Ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау - кез келген мемлекеттің және Үкіметтің құқығы ғана емес, бұл оның тікелей міндеті деп білеміз» – мәлімдеді Азат Перуашев.

Осыған байланысты ол «Ақ жол» фрациясының атынан Үкіметке Қазақстанның ұлттық мүдделердің басымдылығына ден қоя отырып, сыртқы экономикалық серіктестермен өзара іс-қимыл сәйкес келуі тиіс бірыңғай талаптарды қалыптастыратын құжат ретінде Ұлттық экономикалық мүдделерді (экономикалық қауіпсіздікті) қорғау тұжырымдамасын әзірлеу туралы ұсынысымен жүгінді.

Сенбі күні белгілі болғандай, премьер-министр  Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында "Арселор Миттал" сияқты және т.б. ірі шетел инвесторларымен қазақстандық өнімді сатып алуды өзінің жеке  қадағалауына алатыны белгілі болды.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық мүдделерді қорғауды және отандық бизнесті қолдау бойынша жұмысын жалғастыра береді.


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс