«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

07 ақпан 2017

«Ақ жол» партиясы Президенттің жалған кәсіпкерлік мәселесін шешу бойынша тапсырмасын құптайды

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2017 жылдың 7 ақпаны

«Ақ жол» партиясы Президенттің жалған кәсіпкерлік мәселесін шешу бойынша тапсырмасын құптайды – бұл туралы партия жетекшісі Азат Перуашев Орал қаласындағы кәсіпкерлермен кездесуінде мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 3 ақпанда Мемлекет басшысы Үкімет отырысында жалған кәсіпкерлік жағдайына байланысты алаңдаушылық білдірді, адал «бизнесмендер, алаяқтардың кесірінен, айыппұлдар мен өсімді қоса алғанда, қаржылық жауапкершілік ауыртпалығын көтеріп» зардап шегеді. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жетекшісі К.Қожахамжаров «жалған кәсіпорын  лауазымды тұлғалармен бюджеттен қаражат ұрлаған жағдайда қолданылатынын» айта кетті.

Жауап ретінде Президент осы лауазымды тұлғалармен жұмыс жасауды, ал бизнесті адал емес шенеуніктерден қорғауды тапсырды: «Осы лауазымды тұлғалармен жұмыс жаса. Бизнес жүргізетіндермен емес ».

Еске сала кетсек, жалған кәсіпкерлік үшін заңсыз ықпалшара мәселелерін «Ақ жол» партиясы парламентте 2012 жылдың 17 және 25 мамырында, 7 қыркүйегінде; 2013 жылдың 13 наурыз және 25 сәуірінде, 9 қазанында; 2014 жылдың 6 қарашасында; 2016 жылдың 7 қыркүйегінде, 6 қазаны және 18 қарашасында, а.ж. 16 қаңтарында көтерген болатын. 2012 жылдың қыркүйек айында «Ақ жол»  партиясының талабымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары ондаған жалған кәсіпорындарға астыртын дем берушілік деген айыпталуына байланысты оның төрағасы жұмыстан шығарылды. Кейінірек салық қызмет басшыларының осындай «қол астында ұстау» фактілері   Көкшетау, Алматы және басқа да аймақтарда анықталған.

2016 жылдың 7 қыркүйегінде  «Ақ жол»  фракциясының атынан Азат Перуашев ҚР Қылмыстық кодексінен «жалған кәсіпкерлік» бабын алып тастау және олардың контр-серіктестеріне санкцияларын салудан бас тарту туралы    кезекті  сауалын жолдаған болатын.

2017 жылдың 16 қаңтарында қаржы министрлігімен өткен үкімет сағатында депутат Перуашев тағы да мемлекеттік кірістер Комитетінің жалған кәсіпкерлік бабын қылмыстық сипаттан арылтудағы жартыкеш тәсілдемелерін сынға алды: «жалған кәсіпкерлік үшін бапты қылмыстық сипаттан арылту туралы талаптар «Атамекен» одағымен, және   «Ақ жол» партиясымен соңғы 10 жыл бойы әрдайым қойылып келгенін, - еске сала кетті. – Сондықтан, біз жалған кәсіпкерлік туралы баянсыз бапты – нақты қылмыс құрамы бар баппен ауыстыру туралы  идеяны құптаймыз.

Бірақ та мені мемлекеттік кірістер комитетінің жалған кәсіпорын контр-агентерімен «мәселенің басын ашу»  деп  айтылған ниеттері алаңдатты: заңды біреуі бұзады, ал олардың салық берешектері, айыппұлдары және өсімді адал кәсіпкерлерге есептейді! 5 жыл талап қою мерзімі  барысында ірі сома жиналады – нәтижесінде заңды бизнес қомақты  шығындарға ұшырайды немесе мүлде күйрейді».

«Ақ жол» фракциясы жалған кәсіпкерлік туралы заңды қылмыстық сипаттан арылту міндеті – сұрқиялар мен алаяқтарды жазаға тарту, бюджет шығындарын  заңды бұзбаған және оны ешқандай сот кінәлі деп танымағандарға таға салу тәжірибесінен бас тарту».

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне осы пікірталас туралы еске сала кетіп, Азат Перуашев «Қазақстанның үшінші модернизациясы» атты Президент Жолдауын жариялағаннан кейін  ОКҚ баспасөз маслихатындағы сөйлеген сөзін қайталай кетті: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерді, бұл салаға жауапты шенеуніктерге қарағанда, жақынырақ және жақсырақ білетініне және түсінетініне  әлденеше рет көзім жетті.»


Видео

16 ақпан 2017
А.Перуашев Қазақстанда франчайзинг жүйесін дамытуды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс