10 ақпан 2017
Дәрігерлер Елбасы Жолдауына қолдау білдірді |
«Ақ жол» ҚДП-ның Ақмола облыстық филиалы, 2017 жылдың 10 ақпаны Депутат Меруерт Қазбекова Зеренді аудандық ауруханасында болып, оның ұжымымен кездесу өткізді. Ол дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің қызметтік және тұрмыстық жағдайын сұрап білді. Ауруханадағы медициналық құрал-жабдықтармен жарақтану мәселесіне де назар аударды. Халық қалаулысы Елбасы Жолдауының басты талаптары жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Бұл құжаттың қазіргі жаһандық дағдарыс кезіндегі маңызды сипаттарын айта келе, ел экономикасын көтеру арқылы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жол ашылатынын атап көрсетті. Биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап күшіне енетін міндетті медициналық сақтандыру заңына да тоқталып өтті. Бұл медицина мекемелерін қаржыландыру мен осы заманғы құралдармен қамтамасыз етуде мәселені шешуге ықпал ететінін тілге тиек етті. Ең бастысы, адамдар сапалы ем алып, тегін қызметтерге ие болады. Еліміздің фармацевттік қызмет көрсету бағытында мемлекеттік реттеуші кәсіпорын дәрі-дәрмекті сырттан қымбат бағаға тасып, жеке бастың қамын ойлағанын, жақында осы мекеменің басшылары Елбасы тапсырмасымен қызметтен қуылғанын да еске салып өтті. Енді жаңаша өмір сүрудің талаптарын барлық салада енгізу талап етіледі. Дәрігер мамандардың жетіспеушілігін жою және оларды тұрғын үйлермен қамтып, әлеуметтік қолдау жасаудың түбегейлі шешілетініне сенім білдірді. Меруерт Қазбекова осы жолғы сапарында өзіне көп ұсыныс-тілектерді арқалап кетті. Оны жоғары жерде көтеру өзінің сайлаушылар алдындағы басты міндеті екенін де атап өтті.
|
Видео
19 сәуір 2018
|
Жаңалықтар мұрағаты
2011
2012
2013
2014
2015
2016
янв
фев
мар
апр
май
июн
июл
авг
сен
окт
ноя
дек
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс