«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

13 ақпан 2017

Жас ғалымдар клубында өзекті мәселелер көтерілді
        «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2017 жылдың 13 ақпаны
Ақпан айының 11 жұлдызында «Ақ жол» ҚДП жанынан құрылған жас зерттеушілердің «Алаштың Ақ жолы» интеллектуалдық, ғылыми-танымдық клубы өзінің алғашқы отырысын өткізді.


      «Ақ жол» ҚДП ОК хатшысы Сәбит Байдалының жүргізуімен басталған пікірталас алаңына қатысқан белгілі алаштанушы-ғалымдар, ақын-жазушылар және жас зерттеушілер  «Конституциялық реформа және Алаш қайраткерлері еңбектеріндегі парламентаризм мәселелері» тақырыбын талқылап, бүгінгі саяси жүйені реформалау туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үндеуінде айтылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде сөз қозғалды. Үндеудегі негізгі мәселелермен жіті танысып шыққан жас ғалымдар  қазіргі заманғы саяси жүйе реформасын Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектеріндегі мемлекеттік құрылыс, демократиялық құндылықтар мәселелері бойынша салыстырып қарауды жөн санап, алғашқы отырыстың күнтәртібіне осы мәселені белгілеген екен.

 
Партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Т.Перуашев сөзінде: «Жалпы Қазақстан өз тәуелсіздігін алған 25 жыл ішінде тарихи реформалар жасалды. Сол реформалардың негізінде «біріншіден, экономика, екіншіден, саясат» деген нақты қағидат жатты. Осы негізде экономикамыз нарықтық форматқа көшті, бизнестің дамуына қолайлы мүмкіндіктер жасалды. Жаңа кәсіпорындар, өндірістер пайда болды. Әлеуметтік салаларда да реформалар жүзеге асты.
Енді міне экономикалық реформалармен қоса саяси өзгерістерді іске асыратын кез келді.
Егер, Конституцияны қоғам мен мемлекет арасындағы келісім деп түсінсек, біздің бұл Ата Заңымыз мемле­кетте орын алған қарым-қатынастардан асып та, кейін қалып та кетпеуі керек. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайы мемлекеттік саяси институт­тар­дың соған сай болуын талап етеді. Қысқаша айтқанда, бізге Президент қағидатын сақтай отырып, ашық, есепті Үкімет, беделді Парламент және әділетті Сот билігі қажет.
Елбасының Үндеуіне сәйкес 40-қа жуық Президент өкілеттіктері Парламент пен Үкіметке беріледі.
Жобаға сәйкес Парламент өкілет­тік­терін күшейту арқылы оның жауапкер­шілігі өседі. Парламенттің Үкіметті тағайындау және есеп берудегі  рөлі күшейетін болады. Осыған Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия шешуші  түрде ықпал етеді. Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру ережесі де жеңілдетіледі. Үкіметтің депутаттар алдындағы есептілігін және атқарушы органдарға парламенттік бақылауды күшейту - Қазақстанның болашағының прогрессивті бастамалары деп санаймыз.
      Елбасының өз билігінің елеулі бөлігін Парламентке өз еркімен беру жөніндегі шешімі елімізде парламентаризмді дамытуға үлкен үлес болып қосылары даусыз».
       Модератор сөз кезегін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жанындағы «Алаш» рухани-мәдени және ғылыми зерттеу институтының директоры, белгілі ғалым Сұлтан Хан Аққұлына берді. 


     Әлихантанушы-ғалым аталған тақырып аясында негізгі баяндама, ал клуб жетекшісінің орынбасары, жас әдебиеттанушы Елдос Тоқтарбай қосымша баяндама оқып, өз ойларын ортаға салды.
Баяндамалар оқылған соң, ф.ғ.к., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, ақын, Ә.Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты Бақытжан Тобаяқов, жазушы-драматург Өтен Ахметұлы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, а-ш.ғ.к. Өмірзақ Сұлтанов, «Ақ жол» ҚДП ОК хатшысы, журналист Арман Сқабылұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов, «Ақ жол» ҚДП-ның «Астана» филиалының аппарат жетекшісі Абзал Әбенов,  клуб мүшесі, жас зерттеуші Дархан Жанғазы, клуб мүшесі, жас тарихшы Алдияр Даниярұлы сынды азаматтар жарыссөзге шығып, жеке пікірлерін білдірді. Кейбір пікірлер қызу талқыға ұласып, тартысты өтті.

Сонымен қатар, осы «Алаштың Ақ жолы» клубының отырысында аталған тақырыптан бөлек те мәселелер қозғалды. Мысалы, ғалымдар халық қалаулыларының назарына бүгінгі күнгі ғылым саласындағы өзекті мәселе – ғалымдардың ғылыми дәреже, ғылыми атақ алу үшін мақалаларын шет елдік басылымдарға жариялату жағының тиімсіздігі; ҚР БҒМ Ғылым комиитеті тарапынан берілетін ғылыми гранттық жобалардың қаржыландыруының мардымсыз екені, оның жүзеге асырылу жайында жылына берілетін есеп-қисап, қағазбастылық жұмыстарының көптігі; Ұлттық университеттердегі «профессор», «доцент» ғылыми атағы бар оқытушылардың жалақыларының аздығы; ЖОО–дағы оқытушылардың имиджін көтеру, жас ғалымдарға жағдай жасалынбағаны және т.с.с. олқылықтар ғалымдардың назы ретінде көтерілді.
Жиында тағы бір мәселе төңірегінде өткір мәселелер қозғалды. Ол – қоғамдық дау-дамай тудырып жатқан 26 бапқа енгізілетін өзгеріс пен толықтыру мәселесі. Клуб отырысына қатысушылар, осы баптың бірінші тармағына «әркім» сөзінің енгізілуіне қарсылықтарын білдірді. Бұл мәселе турасында партия төрағасы да өзінің пікірін білдіріп, жиналған қауымға түсінік берді.
Отырыс соңында «Ақ жол» партиясының көшбасшысы А.Т.Перуашев  партияның Парламенттік фракциясының депутаттары жиналған қауымның  тарапынан айтылған ойға қонымды пікір-ұсыныстардың ескеріліп, оны Конституцияға өзгерістер дайындайтын Мемлекеттік комиссиясының назарына ұсынатындығын білдірді.


Видео

16 ақпан 2017
А.Перуашев Қазақстанда франчайзинг жүйесін дамытуды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс