«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

05 сәуір 2017

Депутат: тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы


Депутаттар "Халық қаһарманы" атағы иегелеріне үкімет қаулысымен мәртебе беруді ұсынды


"Ақ жол" партиясы фракциясының депутаттары "Халық қаһарманы" атағы иегелеріне үкімет қаулысымен мәртебе беріп, Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында халық қаһармандары аллеясын ашуды және елді мекендердегі әлеуметтік объектілер мен көшелерге олардың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Халық қаһарманы аталған батырларымыздың қоғамда алып отырған орны мен насихатталуы, оларға көрсетілген сый-құрмет көптеген сұрақ туғызуда. Батырларымыз жанқияр ерлікті жеңілдік я болмаса өтемақы алу үшін жасаған жоқ. Тіпті арамызда жүрген аз ғана қаһармандардың өздері бұл туралы әңгімені қозғағанды намыс көреді. Батырлық пен қарапайымдылық қатар жүретіні белгілі", — деді бүгін мәжілістің жалпы отырысында үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Берік Дүйсембинов.

Депутаттың айтуынша, олардың ерлігін ұрпаққа паш етіп, лайықты бағасын беру біздің елдігімізге сын. Жас ұрпаққа идея болатын отан қорғау, патриотизм деген қасиетті ұғымдарды паш ететін осы қаһармандарымыз екені анық. "Мектеп түлектерінің тест сұрақтарына бір күндік шоу бизнес өкілдерінің аттарының орнына, соғыста көзсіз ерлік көрсетіп, бейбіт күнде ең басты құндылық адам өміріне араша түсіп, жанын шүберекке түйген ерлердің есімі неге тұрмасқа?! Олар жайында оқулықтарда мүлдем айтылмайды деуге болады. Халық қаһарманы атағы тиісті әлеуметтік статуспен бекітілмеген. Ал көрші мемлекетте Ресей батыры атағына ие болған қандасымыз Серік Сұлтанғабиевтің ерлігіне ең жоғары мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіліп жатқанын өз көзімізбен көріп отырмыз. Мысалы, басқа да әлеуметтік көмектерден тыс, олар 75 мың рубль ай сайын жәрдемақы алады. Жарақаттарына қарамастан ерліктің символы ретінде әскер қатарында қалдырылып, әскери бөлімге командир болып тағайындалды", — дейді Дүйсенбинов.
Депутат атап өткендей, Ресейде ондай батырлардың саны 1,5 мыңнан астам болса да, оларға бөлінетін қаржыны ешкім бюджетке артық жүк деп санамайды. Ал біздің бейбіт елде соғыс қаһармандарының саны саусақпен санарлық болса да, оларға мемлекет көрсететін шығындарды бюджетке қымбат түседі деп қорқып отырмыз.

"Заңнамада белгіленген халық қаһарманына берілетін жеңілдіктердің ішінде жиырма шаршы метр қосымша баспана мен тегін қабір тасын ғана атап өтуге болады. Осыған орай "Ақ жол" фракциясы келесі шараларды жүзеге асыру керек деп санайды. Біріншіден, "Халық қаһарманы" атағы иегелеріне үкімет қаулысымен мәртебе беру. Екіншіден, Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында халық қаһармандары аллеясын ашу және елді мекендердегі әлеуметтік объектілер мен көшелерге олардың аттарын беру. Батырлардың өмірбаяны, ерлік жолдарын жинақ қылып шығарып, мектеп бағдарламасына енгізу", — деп түйді сөзін депутат.

Деректеме - Sputnik.kz



Видео

23 сәуір 2017
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс