«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

11 сәуір 2017

«Ақ жол» партиясы мен «Тұрғынүйжинақбанкі» басшылығы журналистермен кездесті

        10 наурыз 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Баспана - бүгінде үлкен әлеуметтік проблема болып отыр. Осыған орай елімізде түрлі бағдарламалардың  қолға алынғаны да белгілі. Осынау түйткілді мәселені шешудің бір жолы «Тұрғынүйжинақбанкіне» келіп тірелетіні де рас.Осыған орай , осы аптада «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бастап, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, партия мен банк өкілдері, «Алаш айнасы», «Абай.кз» «Жас алаш», «Қазақ үні» және тағы да бірқатар басылымдардың тілшілері қатысқан басқосу болды.

Отырыс барысында журналистер банк басшысына әртүрлі сауалдар қойды. Сұрақтар негізінен мемлекеттік банк арқылы үй алудың түрлі тетіктері хақысында болып, оған нақты жауаптар алынды. Банк ережесі бойынша, алғыңыз келетін үйдің елу пайызын банкке салсаңыз (жинақтап) қалған сомасын банк беріп, үй алуыңызға болады. Қысқасы – осы. Ал, қазіргі нарықтағы бағамен алып қараған күннің өзінде жұмыссыз, бірақ үкіметтің есебіне «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуші» болып еніп кеткен, үлкен қаланың іргесінен үй жалдап, жан бағып жүрген мыңдаған адамдар банк арқылы алар баспананың 50% жинай ала ма? Бұл сұраққа ешкім кесімді жауап бере алмайды. Ал, біздегі есептердің бәрі орташа айлық жалақымен есептеледі. Банктер зейнетақы қорыңызға аударымдар жүйелілігін бәрібір талап етеді. Өйткені, төлем жасайтын жағдайыңыз бар екеніне көз жеткізуі тиіс. Қайтпек керек? Осы ойларды қорыта келе, отырыс барысында банк басшыларына «кез келген зейнетақы қорындағы ақшасын банкке салып, соның есебінен үй алуға бола ма?» деген сауал қойылды. Ләззат Ибрагимова ондай жүйе қарастырылмағанын айтты. Әңгімеге Азат Перуашев араласып, бұл сауалдың орынды екенін, тиісті жерде өзінің көтеретінін атап көрсетті. «Тұрғынүйжинақбанкі» басшысы сондай-ақ, соңғы уақытта осынау мемлекеттік мекемеде болып жатқан оң өзгерістерге де тоқталып өтті. Мысалға, бұған дейін аталмыш банктен есеп-шот ашу үшін салымшы қомақты қаражат төлеуі тиіс болған. Банк қазір қарапайым адамдарға оңтайлы болуы үшін бұдан бас тартып отыр. Пайызды есептеу бағытында да біраз жеңілдіктер бар.

Басқосуға қатысушылар мұндай пайдалы басқосуларды келешекте де ұйымдастырып тұруға уағдаласып тарасты.

 


Видео

23 сәуір 2017
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс