«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

13 сәуір 2017

Азат Перуашев: Кейбір Бұқаралық ақпарат құралдарында «дәретханасыз» пәтерлер салу «ұсынысы» жайлы хабарламалар шындыққа жанаспайды

«Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі, 2017 жылдың 13 сәуірі


«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев кейбір БАҚ-да тараған депутаттық фракция сауалында біздің «дәретханасыз пәтерлер салуды» ұсынғанымыз жөніндегі ақпараттың жалған екендігін хабарлайды.
Біз ауыл жастары үшін тұрмысқа жайлы жатақхана салуды ұсынып отырмыз.
Пәтерлермен келтірілген мысал пәтердің ауқымындағы санитарлық торап пен асхана көлемінің арақатынасы қандай болу керектігі жөнінде түсініктеме ретінде келтірілген болатын.
Ас бөлмесі мен дәретханалар алынған бөлек орналасқан жатақханаларда пәтерлердің бағасы автоматты түрде 40%-ға төмендейді.
Бұл жатақханалар халықтың аз қамтылған топтары үшін қол жетімді тұрғын үй болатындығын ескере отырып, біз Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасына жатақханаларды салу бағытын ұсынған едік.  
Қосымша, бүгін таңмен бізге ҚР құрылысшылар Одағы, сондай-ақ әртүрлі аймақтардан, оның ішінде Астана мен Алматыдан 4 құрылыс компаниялары хабарласып, бағасы 40%-ға төмен тұратын бұндай жатақханаларды салуға дайын екендігіне ниет білдірді.
Сондықтан біз ұсынымызды негізді және жеке пәтер сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін маңызды деп есептейміз.
 


Видео

23 сәуір 2017
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс