«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

13 сәуір 2017

Президенттің тапсырмасы. Перуашевтің ұсынысы. Үкімет үнсіз қалмауы керек!

Өткен аптада Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Азат Перуашев пен Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төрайымы Ләззат Ибрагимова ханым Алматыда журналистермен кездесу өткізді.

Ол жерде «Abai.kz» ақпараттық порталының контент-редакторы Нұргелді Әбдіғаниұлы ұсыныс айтып, ауылдан келген, ірі қалаларда баспанасыз, тіркеусіз жүрген азаматтарды уақытша болса да бөлек бөлмемен қамтамасыз ету үшін уақытша жатақжай (арендное жилье) салу мәселесін көтерді.

Кеше Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мырза «Abai.kz» ақпараттық порталының ұсынысы негізінде аталған мәселені Парламент мінберінде көтерді.

Баспанасыз босып жүрген көп жастың көкейіндегі мәселе еді бұл. Алайда, Қазақстандағы орыс тілді БАҚ Мәжіліс депутатының  бастамасын бұра сөйлеп, қарсы көзқарас танытуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі жастарға барынша қолдау көрсету керектігін әр сөзінда айтып жүр. Жастарды, жас шаңырақ иелерін баспанамен, жұмыспен қамтамасыз ету керек деген Елбасының пәрмені көптің де қолдауына ие болуда.

Перуашев мырза Парламентте көтерген бұл мәселе – Президент жүктеген сол тапсырманы жүзеге асырудың жолы еді. Оны бұрмалап әкеткен орыс тілді БАҚ Президенттің тапсырмасын орындауға құлықсыз ба деген ойға қалдық, орта жолда.

Жоғарыдағы үйсіз жүрген жастардың дені қазақ балалары екені жасырын емес. Енді міне, сауал жолданған соң біраз басылымдар бұл ұсынысты бұрмалап беріп, мысқылдай күлуде. Күлушілер - орыс тілділер. Əрине, "тоқ бала аш баламен ойнамайды"! Қаңғып жүрген қазақтың қайғысын түсіну қайда оларға!

Деректерге көз жүгіртсек,  елімізде 2017-2031 жылдар аралығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1,5 миллион баспана салынбақ көрінеді. Ал, Abai.kz ақпараттық порталы көтерген мәселені негіз еткен Перуашев мырзаның  депутаттық сауалындағы ұсыныс іс жүзіне ұласар болса, 2021 жылға дейін 35 мың отбасының орнына 49 мың отбасын пәтермен қамтуға әбден болады.

Өткен жылғы уақытша тіркеу кезінде ресми түрде 690 мың ішкі мигрант тіркеліпті. Шын мәнінде бұл көрсеткіш әлдеқайда көп екені түсінікті. Демек 690 мың баспанасыз Қазақстанда бар деген сөз. 2016 жылды қорытындылаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарының саны 2 миллионға жеткенін айтқан еді. Алматы Қазақстандағы ең ірі мегаполис саналатындықтан, әйдік шахарға келушілердің саны да өзгелермен салыстырғанда едәуір көп.

ҚСЗИ жүргізген деректерге сүйенсек, Алматының 70 пайыз халқы өзге қалалардан келгендер екен. Олардың 50,7 пайызы ішкі мигранттар.
Бұл еліміздің ішкі мигранттары туралы жалпы дерек:


Бұларды бірден баспанамен қамтамасыз ету мүмкін еместігін ескеретін болсақ, уақытша жатақжай салу бастамасы халықтық қолдау табуы керек. Осы ретте біз Жатақжай жайын бастама етіп көтерген депутат Перуашев пен қоғамда белгілі тұлғалар Әділ Ахметов пен Берік Әбдіғалиден пікір сұрадық.
 
АзатПеруашев, Мәжілісдепутаты:
-Мынау орыс тілді БАҚ-тың қарсы шыққанына мен таң қалған жоқпын.  Естеріңізде болса, бір-екі апта бұрын мен Парламентте«Қазақстаназаматтығыналуүшін, қазақтіліненжәнетарихынанемтихаттапсырукерек» деген бастама көтердім. Ол кезде де орыс тілді БАҚ өре-түрегеліп қарсы шыққан.
Менің бұл ұсынысым – ауылдан қалаға келіп жұмыс істеп жүрген еліміздің жастарын қолдау. Қазір базарлардың маңына барып тексерсеңіз, көресіз: біреудің ауласында 10-15 отбасы қысылып-қымтырылып өмір сүріп жатыр. Олар жетіскенен жүрген жоқ. Баспана алуға, ипотека төлеуге мүмкіншілігі жоқ. Бұндай  азаматтар қаншама?.. Олар да біздің елдің азаматтары. Үкімет қабылдаған «Нұрлы жер» деген бағдарламада уақытша баспана беру мәселесі көтерілген еді. Бірақ, ол бойынша тек әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың ішінде қала азаматтары ғана баспана ала алады. Қалғандары бұл санатқа кірмейді.
Біз жұмыс іздеп қалаға келген жастарды кері итермеуіміз керек? Болашақ министрлер, болашақ құрылысшылар, болашақ банкирлер солардың арасында жүр. Мына жоба бойынша біз бірінші кезекте сол жастарды қолдаймыз.
Маған кешелі-бері төрт бірдей құрылыс компаниясының басшылары хабарласты. Олар жатақжайды салайық деп құлшынып отыр. Тіпті, мұндай уақытша жатақжайлардың ақысы әдеттегіден екі есе төмен болады екен.
Егер осы жолы жолданған ұсынысымыз Үкіметтен кері қайтарылатын болса, мен қайтадан бастама көтеремін. Өйткені, бұл қазір қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі.

 
Әділ Ахметов, экс-депутат:
-Өз басым жастарға баспана салып беру керек деген бастаманы толық қолдаймын. Бәріміз де жас болдық. Баспана деген бірінші орында тұратын мәселе. Жастар еліміздің ертеңі. Оларды қолдау керек. Баспанасыз жүрген жастарға Мемлекеттік бағдарламамен жалдамалы, уақытша тұратын баспана салып берсе, кейін аяққа тұрып алған соң, әркім өз үйлерін алып, тұрмысын жақсартып кететіні анық.
Мемлекетіміз жастарға қамқорлық көрсетіп жатыр ғой. Міне, Перуашев мырзаның айтып, көтеріп отырған мәселесі сол қолдаудың бір түрі. Және тиімді түрі.
Ал орыс тілді сайттардың ұлардай шулап жатқанына қатысты айтарым: пікір әр түрлі болуы мүмкін. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» , - деген бар.

Берік Әбдіғали, саясаттанушы:
-Жалпы уақытша баспана мәселесі өте ауқымды мәселе. Азат Перуашевтың айтқанындай, арзанға және тезірек, бірақ барлық функциясы қамтылған баспана салып беру – мәселені шешудің оңай жолы шығар. Мемлекеттің бюджетінде қаражат бар ғой қазір. Сондықтан бұны «жатақхана» дегеннен гөрі, бұрынғы «малосемейный» деген секілді, ішінде жуынатын бөлмесі, ас үйінен бөлек бір бөлмесі бар, шағын тұрғын үйлер салу мәселесі ретінде қарастырған дұрыс болар еді. Ол да жатақхана болып есептеледі.  Жай студенттік жатақхана емес, жас отбасыларға немесе отбасын құрмаған, қызметтегі жастарға арналған Мемлекеттік жалдамалы пәтер.
Екінші мәселе, бұл әр қаланың экономикалық мүмкіншілігіне байланысты жүзеге асырылатындықтан, нақты зерттеп, қаржылық жағынан тиімді, тиімсіздігін анықтап алу керек.
Менің айтарым: бұл мәселе Үкіметтің басты назарына алынуы және шешілуі керек.  Жастарға «Қолжетімді баспана» деген Мемлекеттік бағдарлама аясында мұндай мүмкіншіліктің жасалғанын қолдаймын. Мен бұндай үйлерді Англиядан көрдім. Тағы басқа да дамыған мемлекеттерде бар тәжірбие. Бұл жастардың аяғынан тұрып алыуна үлкен көмек болар еді. Жалдамалы пәтерлер жекешелендіруге жатпайды.
Сосын, бұл тек Алматы мен Астанада ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында жүзеге асырылуы тиіс.

Деректеме - Abai.kz


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс