«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

15 мамыр 2017

Лингвист-ғалымдар латын қарпіне жылдамырақ көшуіміз керек дейді

12 мамыр 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Лингвист-ғалымдар латын қарпіне жылдамырақ көшуіміз керек дейді»,-деп хабарлайды «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі. 12 мамыр күні Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен зиялы қауым өкілдері мен лингвист-ғалымдар, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысқан дөңгелек үстел болып өтті.


     Шара Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне "көшіру туралы және жаңа графикадағы бірыңғай қазақ әліпбиін қалыптастыруға байланысты«Ақ жол» партиясының Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияға ұсынған ұсынысы төңірегінде болды. Қоғамдық-саяси маңызы зор алқалы жиынға белгілі лингвист-ғалым, ф.ғ.д., профессор Бекжан Әбдуәлі, профессор Советхан Ғаббасов, алаштанушы Сұлтан Хан Жүсіп, қоғам қайраткері Алдан Смайыл, ақын Бақытжан Тобаяқов, еңбек ардагері Роза Бисенова және партия активі, БАҚ өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысып, Елбасы мақаласында айтылған өзекті жайттар туралы және «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашевтің ұсынған ұсынысының мән-мағынасы туралы өз ойлары мен көзқарастарын ашық білдірді. 


         Профессор Б.Әбдуәлі латын қарпіне көшу барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары бекіткен әліпби жүйесін пайдалану керектігін және латын қарпі арқылы түркі дүниесімен, бауырлас халықтарменен одан әрі жақынырақ қарым-қатынасқа түсіп, Тәуелсіздігімізді сақтап, санамызды жаңғырта алатынымызды айтып өтсе, лингвист, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту орталығының маманы Салауат Кәрім А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында латын қарпіне көшуге арнайы дайындалған 6 әліпбидің үлгісі бар екенін және латын әліпбиіне уақыт өткізбей көшу керектігін айрықша атады. 

Өзекті мәселеге арналған жиынның жарыссөзінен партиямыздың да белді тұлғалары шек қалмай, өз ойларын ортаға салды. Мәселен,  партия төрағасының орынбасары Қ.Иса латын қарпіне ертерек көшкен түркі халықтарының бүгінгі жай-күйін нақты мысалдармен дәлелдесе, ОК хатшысы С.Байдалы латын қарпі арқылы түркілік мәдениет пен бірегейлікті сақтап қалатындығымызды айтса, ОК хатшысы А.Сқабылұлы партияның ұсынған ұсынысының мәнін, сондай-ақ әліпбидегі қазақтың төл дыбыстарының таңбалуы керектігін білдірді. Жалпы жиында сөз сөйлегендердің басым бөлігі латын қарпіне көшу мәселесін тағы да науқаншылдыққа айналдырмай, жуық арада өтуімізді қолдап отыр.


       Шара соңында партия төрағасы А.Перуашев дөңгелек үстел барысында айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстардың хаттамаға түсіріліп, құзырлы органның қарауына жолданатынын айтып, жиынға қатысып, пікір білдіргендерге алғысын білдіріп, шараны қорытындылады. 

 

 


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс