«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

18 мамыр 2017

Перуашев БЖЗҚ туралы: Халықтың ақшасын желге ұшырып жатыр



"Ақ жол" фракциясы БЖЗҚ қаржысын қиындыққа ұрынған Әзірбайжан банкіне салғандарды жазаға тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  "Ақ жол" фракциясының мүшесі Азат Перуашев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа жолдаған сауалында, партияға тәуелсіз сарапшы Рахым Ошақбаев хабарласып, БЖЗҚ қаржысына құны 78 миллион теңге болатын Халықаралық Әзірбайжан банкінің облигациялары сатып алынғанын айтқан. Перуашев "Қазинвестбанктің" жұмыс істеу рұқсатының айырылуына байланысты БЖЗҚ-ның үш миллиард теңгесіне қатысты да сауал жолдағанын еске салды.  "Осындай жолмен БЖЗҚ басшылығы KASE-де бес миллиардқа шыққан жері белгісіз қауіпті құнды қағаз сатып алды. Бұл мысалдар азаматтардың зейнетақы жинағын жауапсыз пайдаланып, желге ұшырып жатқандығын көрсетеді. Ұлттық банк БЖЗҚ-ның басты міндеті инвестиция емес, сеніп тапсырылған қаржыны сақтау екенін айтқан. Ал енді не болып жатыр?", - дейді Перуашев. 

Перуашев 2014 жылы БЖЗҚ Халықаралық Әзірбайжан банкіне қаржы құятын кезде "Халық банк" басшылығы шетелдік бнктің жағдайы сенімсіз деп бағалап, өз қаржысын шығарып алғанын еске салды.  "БЖЗҚ неге керісінше кетті? Бұл басшылықтың біліксіздігінен болды ма, әлде, басқа себеп бар ма? Оның үстіне, БЖЗҚ әлі де қаржысын сенімсіз банктерде сақтап келеді және қаржының ең үлкен бөлігін. 2016 жылы төмен В рейтингіндегі 161 миллиард теңге депозит құйылған, ал рейтингі ең жоғары банктерде - 79 миллиард, яғни, екі есе төмен. Ал еш рейтингі жоқ банктердің құнды қағаздарына 61 миллиард теңге салынған, ал ең жоғары ААА рейтингі бар банктерде - 983 миллион, яғни, 65 есе төмен", - деп қоса айтты ол. "Қаржыны біле тұра қауіпке тігіп, дұрыс экономикаға салмайтын бұл қандай инвестициялық саясат? Мәселе Әзірбайжан банкінде ғана емес. Бұл біздің азаматтардың ақшасын желге ұшыру. Жеке бизнесте мұндай менеджерді басшылық қасақана банкроттыққа жеткізгені үшін баяғыда түрмеге қамайтын еді", - деп атап өтті депутат.  Перуашев БЖЗҚ қаржысын тексеріс жүргізіп, қауіпті банктердің орнына ұлттық экономикаға құюды ұсынды.  "Халық коммунистері" фракциясының өкілі Айқын Қоңыров үкімет басшысы мен Ұлттық банк басшысына сауал жолдады. 

          Деректеме - Tengrinews.kz



Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс