«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

18 мамыр 2017

Халықтың ақшасына бір-бірінен асып түскісі келеді - депутат шенеуніктердің қымбат көліктері жайында



         "Ақ жол" фракциясы қазақстандық шенеуніктердің шетелдік қымбат көліктеріне қатысты шағым айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Мәжілісмен Кеңес Әбсаттиров үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, Президенттің Қазақстан халқына жолдауында, "Қазақстан-2050" стратегиясында отандық өндірушілерді қолдау міндеттелгенін еске салды.  "Мемлекеттік орган өкілдерінің көбі шетелдік көлікті сатып алып, Елбасының тапсырмасын елемей отыр. Жыл басынан бері шенеуніктер 400-ден аса қымбат шетелдік көлік сатып алды. Соның ішінде, ең жаңа Land Cruiser 200 және Land Cruiser Prado маркалары бар. 100-ден аса Toyota Camry. Қазақстанда жасалған көліктер қолдануға ыңғайсыздау деген сылтауларға ешкім сенбейді", - дейді депутат.  Оның сөзінше, мемлекеттік органдардың көлік өндірушілерге ресми талаптары туралы ақпарат жоқ.

Мемлекет отандық автомобиль өнеркәсібіне үлкен қаржы құйып отыр, сондықтан, талап қою орынды. Депутат осы талаптар арқылы көліктерді мемлекеттік органдар үшін ғана емес, қарапайым халық тұтынатындай жақсартуға болады деген ойда.  "Сондықтан, біз көліктер жайсыз деген сылтаулар Forbes журналындағы ауқатты бизнесмендер сияқты шалқып жүргісі келетіндер үшін. Бірақ бизнесмендер оған өз қаражатын жұмсайды", - дейді Әбсаттиров.  "Мәселен, атыраулық музыка колледжі Land Cruiser Prado сатып алды. Жамбыл облыстық филармониясы Land Cruiser 200 алды. Музыкалық мекеме жетекшілері 80 мың долларға көліксіз жүре алмайтын болғаны ма? Олардың шығармашылық ұжымында басқа қиындықтар жоқ, бюджет қаражатын қайда жұмсарын білмей отыр ма?", - деп наразылығын білдірді депутат.  Депутат "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласында Президент прагматизм қағидасын енгізу керектігін тура айтқанын еске салды.  "Ал шенеуніктер тура керісінше істейді: халық ақшасына барынша бірі-бірінен асып түсуге тырысады", - деп атап өтті ол. 

"Ақ жол" фракциясы Бақытжан Сағынтаевтан қызметтік көлік алуға бағытталатын мемелекеттік сатып алу мәселесін қайта қарастырып, Елбасының тапсырмасын елемеген мемлекеттік орган басшыларын жауапқа тартуды сұрады. 

            Деректеме - Tengrinews.kz


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс