«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

18 мамыр 2017

Қарағандыда Елбасының мақаласына қатысты дөңгелек үстел өткізді

2017 жылдың 18 мамыры, «Ақ жол» ҚДП-ның Қарағанды облыстық филиалы

Қарағанды қаласында  «Ақ жол» облыстық филиалының бастамасымен Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласына орай дөңгелек үстел болып өткізді.


         Дөңгелек үстелге партия белсенділері мен облыстық кеңестің мүшелері, сондай-ақ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Бектұрсын Қалиев және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары, тарихшы-ғалым Темірғали Аршабеков қатысып сөз сөйледі.

Ғалымдар тақырыпқа байланысты өз тұжырымдарын айта келе  латын әліпбиіне уақыт өткізбей көшу керек деген туралы ойларын ортаға салды. Мысалы:  таяу араларда КарМу-де латын әіліпбиі бойынша даярлық курстары 1 қыркүйектен бастап жүргізілетінін айтты. Жарыс сөзде сөйлеген партия белсенділері Қ.Ділдәбеков, Ғ.Әбсәмат  және «Ұлт тағдыры» облыстық бірлестігінің төрағасы А.Халенов латын қарпіне көшуді бір ауыздан қолдады. Жиынға облыстық әкімдігі ішкі саясат басқарамасының бөлім басшысы Д.Малдыбаев және облыстық  Тілдер басқармасының бөлім басшысы Ә.Қашқынбек  қатысып өз пікірлерін айтты.

         Шара соңында филиал төрағасының орынбасары  Қ.Ділдәбеков жиынға қатысып пікір білдірген ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне алғыс білдіріп, айтылған ұсыныстардың хаттамаға түсірілетінін  айтып, отырысты қорытындылады. 


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс