«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

23 мамыр 2017

Үкіметтің жатақжайларды «Нұрлы жерге» енгізбеуі заңға қайшы

               

             Жуырда БАҚ Премьер-министр Б. Сағынтаевтың біздің сауалға жауабын жариялады, онда  ол: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қызметтік тұрғын үй және жастарға арналған жатақханалар құрылысына 2017 жылы 1,4 млрд. теңге көзделген», - деп мәлімдеді. Алайда жатақханалардың «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына енгізілуін үкімет «әлі ерте» және негізсіз «бюджеттік қаражаттың жұмсалуы» деп есептейді. Одан бөлек, премьер мұндай тұрғын үйлерде санитариялық нормалардың сақталуымен проблемалардың туындайтынын атап өтті.

            «Ақ жол» фракциясының депутаттары бүгінгі жолданып отырған жауап хатында Үкіметке жатақханалар құрылысы мәселесіндегі түбегейлі қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдіреді, дегенмен мынадай себептер бойынша оның көлемдерімен қанағаттанбайды.

     Біріншіден, қалаға көшіп келіп отырған ауыл жастарының тұрғылықты жерлеріндегі жаппай антисанитария БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗІНДЕ КЕҢ ЕТЕК ЖАЮДА. Бұл тақырыпта әлеуметтік желідегі пікір-таластар мен роликтер барактар мен жертөлелердің барынша мардымсыздығы мен қорлығын көзге жайып салды, бүгінгі таңда бұндай жағдайда біздің жүздеген отандастарымыз күн көруде.

            «Ақ жол» партиясының алға қойып отырған міндеті – осы «шанхай» мен «гарлемдерден» жастарды құтқару, оларға адамға лайық, мейлі шағын көлемді болса да, жеке баспанасына қол жеткізу мүмкіндігін беру. Санитариялық торап мәселесі бұл жерде екінші кезекте және де тұрғын үйдің құнын қысқартудың көрнекі мысалы ретінде келтірілген. Шын мәнісінде, жатақханалар дәліздік/секциялық үлгіде (кампустар), сол сияқты қонақ үй үлгісінде (жеке сантораптармен) де болуы мүмкін. Және де бұл біздің «ойлап тапқанымыз» емес, бұл 2015 жылғы 3 наурызда Ұлттық экономика министрімен бекітілген қолданыстағы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» 41-тармағы. Одан басқа, осы қағидалардың 10-тармағымен тек жалпы санитариялық талаптар ғана емес, сонымен бірге «су өтпейтін шұңқыры бар аулалық дәретхана» көзделген, біз бұны қолдамаймыз. Сондықтан, антисанитарияға сылтау жасамас бұрын, Премьер-министрдің жауабын әзірлегендерге – ең алдымен – Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс комитетінің төрағасына – өз құзырсыздығымен басшылығына көлеңке түсірмес үшін заңнаманы білгені жөн болар еді.

            Тағы да айтамыз, санитариялық торап мәселесі басты емес. Ең бастысы: көпшілік, тіпті, 6-10 млн теңге құнымен бір бөлмелі пәтерлерге қол жеткізе алмай отырғанда, шағын көлемді жатақханалар тұрғын үйдің құнын 1,5-2 есе азайтуға мүмкіндік береді. Бірқатар құрылыс компаниялары мұндай баға бойынша тұрғын үй құрылысына дайын екендерін мәлімдеді. Және де бұл көптеген қазақтандықтар үшін тығырықтан шығудың бір жолы. Неліктен, әлеуметтік шағын көлемді тұрғын үй үшін құрылыс нормалары болғанымен, үкімет оны мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына енгізбейді? Біздің ойымызша, бұл – өзіне қымбат пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ халықты кемсіту боп табылады. Сонда олар қайда тұруы керек?

            Толық жабдықталған жатақханаларға қарсы шығатындар біздің отандастарымызды олар бүгін күн кешіп отырған жерлерінде: лас, әрі суық барақтарында қалдыруды ұсынады. Олардың орнына ештеңе де ұсынбайды. Біз болсақ, осы қиын жағдайдан шығу жолын іздеу – біздің парызымыз деп санаймыз.

            Екіншіден, мұндай міндеттің «әлі ерте» дегеніне келетін болсақ: «Нұрлы жер» бағдарламасы жыл сайын 100 мың пәтерден пайдалануға енгізуді жоспарлап отыр және 15 жыл ішінде 1,5 млн. мұқтаж адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейді. Мұндай тәсіл екі маңызды факторды ескермейді: а)  мұқтаж адамдардың саны үнемі өсетін болады. Елдегі халық саны жыл сайын 200-250 мың адамға көбейеді, ал олар бағдарламада ескерілмеген; ә) сондай-ақ урбанизациялау үдерісі: соңғы жылдары ауылдан қалаға жыл сайын 100 мыңнан астам адам көшіп келеді, ал 2015 жылы олардың саны, тіпті, 300 мың болған.

Басқаша айтқанда, қазіргі редакциядағы «Нұрлы жер» бағдарламасын қаншалықты сәтті іске асырғанымызбен, 15 жылдан кейін тұрғын үй мәселесі шешілмейді, ал мұқтаж адамдардың саны 2-2,5 млн. адамға дейін жететін болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасында жатақханалар құрылысына көзделген 1,4 млрд. тг – теңізге құйған бір тамшы тәрізді: «Нұрлы жер» бағдарламасының нормалары бойынша бұл қаражатқа 500-ден аспайтын тұрғын үй салуға болады, ал жыл сайынғы қажеттілік 300 есе жоғары.

Сондықтан «әлі ерте» туралы айтып та керегі жоқ: керісінше, біз бұл проблеманы шешумен тым кешеуілдеп жатырмыз.

Үшіншіден, Үкіметтің «Бюджетке қаржылық жүктеме» мен «қаражаттың негізсіз жұмсалуы» туралы пайымдауларын дауласуға тұрарлық деп есептейміз.

Сөйтіп, «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыттары (жалдамалы тұрғын үйді қоспағанда), банкіден несие алумен байланысты, тіпті, ЖТҚ-ні қоса алғанда, мұнда жер телімдерінің иелері әкімдіктің таңдауы бойынша құрылысшыларды жалдауға міндетті. Бұл жерде мемлекеттік қолдаудың соңғы бенефициарлары банктер мен құрылыс компаниялары болып табылады. Мүмкін, банк секторы мен тұрғын үй нарығын жандандыру аясында бұл қажетті шара шығар.

Дегенмен, ЖТҚ үшін кез келген меншік иесі, құрылысшыға қарағанда, өзі үшін тиімді, әрі үнемді баспана салып алады. Әкімдіктерге құрылыс сапасын бақылауды қалдыру жөн болар еді, ал құрылыс компанияларын жалдауды тек нұсқау ретінде ұсынатын болса. Нәтижесінде едәуір қаражат үнемделеді, оларды шағын көлемді тұрғын үйлер құрылысына жұмсауға болар еді.

Одан бөлек, мұндай тұрғын үйді ипотекалық немесе жинақтамалы несиелеу бағдарламасына енгізуге болады. Ranking.kz сарапшыларының есептеулері бойынша, 1-бөлмелі пәтердің ипотекасын төлеуге орташа табысы бар қазақстандық үшін 14 жыл керек. Бүкіл көрсетілген уақыт бойы адам қаржылық міндеттемелерінің қысымында жүреді және балаларға арналған тауарларды қоса алғанда, тауарлардың басқа түрін сатып алуда өзін шектейді.

Шағын көлемді тұрғын үйлерді несиелеу бағдарламасына енгізу – бұл мерзімдерді және азаматтарға қаржылық қысымды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, ол қатысушылардың санын кеңейту есебінен мұндай несиелеуді шынайы жандандыруға және қарыздардың шағын сомалары тұрғысында оның қатерін төмендетуге қабілетті.

Және де, ең көкейкесті мәселе. Елбасымыздың жуырда шыққан«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында, барлық этикалық бағдарлануы жағдайында, терең әлеуметтік-экономикалық мәселелер де қозғалған болатын. «Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», - деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл жерде әлеуметтік менменшілдікті және этникалық сенімсіздікті жою; ұлттың «нағыз» және «шала» қазақтарға бөліну үдерісі; радикализм мен құқықтық нигилизмді болдырмау туралы сөз болуда деп есептейміз, осы аталғандардың көбісіқоғамның үдейіп бара жатқан әлеуметтік жіктелуіне түрткі болады.

Бұны Нұрсұлтан Әбішұлы прагматизм қағидаты арқылы жоюды ұсынады: халықтың шынайы мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өмірдің сапасын жақсарту. «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», - деп атап өтеді Елбасы.

Тұрғын үй мәселесі – осындай жіктелудің көрнекі құбылысы. Көптеген қазақстандықтар үшін жеке меншік баспаналы болу әлі де байлықтың бір түрі боп саналады. «Нұрлы жер» бағдарламасы да бұл пайымды тек негіздей түседі, өйткені ол тек 1,5 млн  адамға ғана шақталған, солардың ішінде негізінен: мемлекеттік қызметшілер, бюджет қызметкерлер, ипотеканы төлеуге қабілетті ауқатты адамдар (табысты кәсіпкерлер мен ұлттық компаниялардың менеджерлері), не болмаса әкімдіктердің кезегі бойынша аз қамтылған азаматтар.

Қалған отандастарымыз бағдарламадан тыс қалды. Шын мәнісінде қарайтын болсақ, тұрғын үй жағдайын жақсартып жатқан азаматтардың саны тіптен аз. Ауқатты отбасылар жаңаның үстіне жаңа (екінші, үшінші, бесінші) пәтерлерді сатып алуда – және де тек жалдауға ғана ақшасы жететін адамдарға жалға береді, солардың есебінен өз ипотекаларын өтейді. Сөйтіп, әлеуметтік теңсіздік үдейе түседі, біреулері мемлекет есебінен өз ақшалай қаражатын көбейтіп жатса, басқалары – құр алақан қалады. Алайда, олар да – біз бен сіздің отандастарымыз!

            Сол себепті, «Ақ жол» фракциясы құны неғұрлым қолжетімді болатын шағын көлемді тұрғын үйлерді «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізуді ұсынды. Бизнесте мынадай заңдылық бар: ұсыныстар желісі неғұрлым ауқымды болса, әр сатып алушының өзінің қалтасы көтеретіндей тауар сатып алу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Сондықтан тұрғын үй құрылысына олардың мүмкіндіктеріне сәйкес халықтың барынша кең санаттарын жұмылдыру – тұрғын үй нарығын жандандырып, оның құнына ықпал етуге қабілетті.

«Біз тұрғын үйді мақтанатын байлық емес, өмір нормасы етуді ұсынып отырмыз. Бұл біртіндеп қоғамдағы әлеуметтік жіктелуді жою үшін қажет, біздің болашағымызды лас барақтардан алып шығу үшін қажет. Сонымен бірге, бұл шешу жолы еліміздің өзге де неғұрлым маңызды міндеттерге бет бұруына жол берер еді», - делінген хатта.

 

Abai.kz


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс