«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

03 шілде 2017

Азат Перуашев ЭКСПО-2017-дегі «Қорғас» ШЫХО жобасының тұсаукесер рәсіміне қатысты

3 шілде 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Азат Перуашев өткен бейсенбі күні ЭКСПО-2017-дегі қытай павильонында «Қорғос» ШЫХО жобасының тұсаукесер рәсімінде сөз сөйледі. Өзінің құттықтау сөзінде депутат екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының маңыздылығын, онда Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы буын ретінде стратегиялық жағдайға ие екендігін атап өтті.  
           Шыхо жобасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бұрынғы ҚХР төрағасы Цзян Цзэминямен бұл бағыттағы бірлескен бастамасы ретінде пайда болды, ол аймақтағы сауданы жандандыру және көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағғыталған.

«Ақ жол» партиясының көшбасшысы өткен жылдың қазан айында Қазақстан жағынан ШЫХО құрылыс нысандарын салу қарқынын, әсіресе қытай тарабымен салыстырғанда, қатаң сынағанын еске салды. Ол Орталықтың жаңа басшылығымен кемшіліктерді жою үшін айтарлықтай жұмыс жүргізілгендігін, кедендік рәсімдер мен ШЫХО-ның дамуына ықпал етуге күш жұмсағанын атап өтті.

Көрнекі мысал ретінде ол қытай тарабының дерегі бойынша  егер он жыл бұрын ШЫХО-да туристер саны жылына 200-300 мың адамнан аспаса,  2016 жылы келушілер саны 5 млн-нан асқаны туралы дерек  келтірді.  Сонымен бірге,  Қорғас қаласының (ҚХР) мэрі Мұрал Әбілмажиннің айтуы бойынша, ағымдағы жылы ішкі Қытай, сондай-ақ басқа елдерден келетін туристердің күрт өсуіне әкелетін әуежай құрылысы басталады. Бұның барлығы ШЫХО-да Қазақстанның экспортын арттыру үшін мүмкіндіктер жасайды, ең алдымен көрші мемлекеттегі жоғары сұранысқа ие азық-түлік тауарлары: ұн, ұн өнімдері, ет және сүт өнімдері бойынша. Жақында белгілі болғандай, Орталық аумағында сертификаттау талаптарын растайтын рәсімдер үшін зертхана құрылуда, ол  осындай өнімдердің ағымдағы кедергілерін жояды.  

«Алға ілгерілеу айқын, мұны тек құптауымыз керек және депутаттар бұл стратегиялық жобаны сәтті жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетуге дайын екенін», - Перуашев атап өтті және белгіленген жоспарларды іске асыруда табыстар тіледі. 

Шараға жобаның жауапты басшылары – Қазақстан мен Қытайдың өкілдері қатысты. Орталықтың қазақстандық тарап бойынша одан әрі дамыту жоспарлары туралы  "Қорғас "ШЫХО" АҚ президенті Қахарман Джазин айтты. Қорғас қаласының мэрі Мұрал Әбілмажин Қытай бөлігіндегі нысандардың құрылысы, инвестициялық нысандар, инвесторлардың жағдайлары мен болашағы туралы ақпарат берді. 


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс