«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

11 шілде 2017

«Октябренок» тағдыры шешілді ме?
«Октябренок» балаларды оқыту және сауықтыру орталығының ашылғанына биыл 23 жыл. Орталық Кеңес Одағының шаңырағы шайқалған заманда ашылған



            Бүгінгі күнге дейін, бұл орталықтың тағдырына келгенде не керегі бар, не керегі жоқ деген сұрақтар көтерілмеген болатын. Тек соңғы екі жылдың ішінде «Октябренок» орталығының төбесінде үлкен сұрақ белгісі пайда болды.
- Бұрын облыс және қала әкімдері бізді жақсы танысып, бізге келіп тұратын, - дейді орталық директоры Лариса Клостер. – 2016 жылы қалалық білімі бөлімінің басшысы Мәдениет Ахметова біздің орталықтың стандартқа сай еместігін айтты. Шынымен, біз стандартқа сай емеспіз, себебі бұл орталық ерекше ашылған болатын. Бұл Қазақстандағы жалғыз қант диабетіне шалдыққан балаларды қабылдайтын орталық. Биыл бұл орталық жабылмақ. Лариса Александровнаның айтуынша, бұл орталық стандартқа сай болмағандықтан ғана жабылмақ. Әйтпесе, бұл оқу-сауықтыру ордасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен балалар келеді. Атап айтқан, республиканың екінші шетіндегі Орал, Балхаш қалаларынан да келіп тұрған.
- Былтырғы жылы орталықтың статуысын өзгерту сұрағы көтерілгенде, бекітілген қаулыға дейін ұйымдастырылған нысандар өзгеріске ұшырамауы керек екенін анықтадық, - дейді Лариса Клостер. – Осыдан кейін орталықты қосымша білім беру ордасына айналдыру көзделді. Алайда біз бұл статусқа да келмедік.
Оқу-сауықтыру орталығы шынымен «ақ қарғаның» күйін кешті деуге болады. Себебі бұл балабақша, мектеп пен интернаттың үйлескен түрі болып шыға келген. Бұл қажетті лицензияны алуға келмеген.
- Жуықта 4 мыңнан астам адамның қолы жиналған петицияны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жібердік, - дейді Лариса Клостер. – Бұл петицияға қол жинауға Алматы қаласынан да қосылған адамдар болды. Қазір бұл жерде барлығы 65 бала білім алып, әртүрлі ем қабылдайды. Олардың 30-ы оқушылар. Бұл жерде балалар 3 жастан 14 жасқа дейін тәлім алады. Ұжымда да 47 адам жұмыс істейді. Егер қарапайым балабақшаға айналатын болсақ, қызметкерлер арасында қысқару болуы мүмкін.
Қазақстандағы ерекше мекеменің тағдыры да республикалық деңгейде шешілетін болды. Бұл сұратқар бойынша Қазақстан Республикасының Парламент депутаты Азат Перуашев арнайы Өскеменге келіп мекеме ұжымы мен ата-аналардың пікіріне қанық болды. Себебі, депутат бұл орталықтың тағдырын өз бақылауына алған болатын. Сол сияқты бұл сұрақтар Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкинаның бақылауында.
- Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенетін болсақ, 2016 жылдың басынан қант диабетімен 234 адам тіркелген, - дейді Ольга Булавкина. – Ал, 2017 жылдың басында мұндай дертпен 266 адам тіркелген. Оның ішінде 187 бала мен 79 жасөспірім бар. Эндокринолог дәрігерлермен 91 пайызға қамтылған. 14 жасқа дейінгі балаларға Өскемен қалалық ана мен бала орталығында және Семей қалалық мемлекеттік медициналық орталығының Медицина орталығында мамандандырылған стационарлық көмек көрсетіледі.
Бұл деректерге сүйенетін болсақ, Өскемен қаласында және жалпы облысымызда аталмыш ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсету жағдайы толық қарастырылған. Осыған байланысты, аталмыш орталыққа қатысты Өскемен қаласы әкімінің қаулысы да шыққан. Қаулы бойынша, Өскемен қаласы әкімдігінің «Октябренок» балаларды оқыту-сауықтыру орталығы» КМҚК атауы Өскемен қаласы әкімдігінің «№12 «Святлячок» балабақшасы» КМҚК атауына қайтадан ауыстыралады. Мұнымен қоса бұл жердегі барлық сауықтыру қызметі сақталатын болады. Яғни, «балабақша» ұжымындағы барлық қызмет пен қызметкерлер орнында қалады.
- «Ақ жол» партиясы көп жағдайда кәсіпкерлердің мәселесімен айналысуда, - дейді парламент депутаты Азат Перуашев. – Бір ай бұрын аталмыш сауықтыру орталығына қатысты сауалнамамызды жібердік. Міне, жауап жуықта келді. Өскемен өңіріндегі экологиялық ахуалға байланысты 20 жыл бұрын ашылған мектептің статусы Білім басқармасының және қала әкімдігінің шешімімен өзгергелі отыр.
 Парламент депутаты аталмыш сұрақтар бойынша 4 бағытты нақтылап атап отыр. Оларға, ауру балалардың жағдайы, тәрбиесі, екіншіден - ұжым мәселесі, үшіншіден – қала орталығында орналасқан мекеме болғандықтан, қарапайым балаларға да балабақша жетіспеуі сұрағы. Төртіншіден – қаржы сұрағы.
- Аса қуантарлық жағдай, қала әкімдігінің бұл сұраққа құр сөзбен емес, қаржылай қолдауымен қатар келіп отырғаны, - дейді Азат Перуашев. – Қазіргі таңда технологиялардың әлдеқайда шарықтап кеткенін көруге болады. Орталықты аралап шығып, балаларға барлық жағдайдың жасалғанын көрдік. Алайда, медициналық құралдардың ескілігі байқалады. Әкімдік бұл ретте жаңартулар ұсынып отыр.
 Қалалық кәсіподақ әкімдіктің бұйрығы мен оны жүзеге асыру жолдардындағы сәйкестіктің жоғына алаңдаушылық білдіріп отыр. Яғни, ұжымдағы қысқарту сұрақтарын Азат Перуашов бақылауда ұстауға уәде берді.

            Деректеме - Ustinka.kz



Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс