«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

27 шілде 2017

Ветеринар мамандарына қолдау қажет

Ауылға қызмет етуге баратын мал дәрігерлері «Дипломмен ауылға» бағдарламасына кірмей қалған екен


Бұл туралы жас мал дәрігерлері «Ақ жол» партиясының депутатымен өткен кездесу барысында айтты.

Бүгінгі күні ауылдық аймақтарда кадр жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында мемлекет «Дипломмен ауылға» бағдарламасын енгізді. Бағдарлама дәрігелер мен ұстаздар үшін тиімді қызмет етіп келеді. Алайда, ауылға қызмет етуге баратын кей мамандық иелері бұл бағдарламаның тізіміне кірмей қалды. Мал шаруашылығына тікелей қажетті ветеринар және технолог мамандар «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тізімінде жоқ екен. Ал бұл мамандық иелерінің жұмысы тікелей ауылдың тыныс-тіршілігімен байланысты.

- Жақсы жұмыс орнына орналассаң, жұмыс беруші саған қолдау көрсетеді. Алайда, мемлекет тарапынан ветеринар, технолог мамандарға еш қолдау жоқ. Бізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасына кіретін мұғалімдер, дәрігерлер сияқты ауылға қызмет етуге барамыз, - деді жас маман.

Расымен, ауылдық жерде 5 жылдық жұмыс өтеушілікпен әлеуметтік сала мекемелерінде (денсаулық, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт) бастаймын немесе жалғастырамын десе, онда жастар мемлекеттік әлеуметтік қолдауға ие болады. Яғни, қаржылай қолдау, баспанамен қамтамасыз етілу және т.б.

- Осы уақытқа дейін мен мұндай мәселенің барын естімеген екенмін. Расымен мал дәрігерінің маңыздылығы бүгінде адам денсаулығын емдейтін дәрігерлермен тең. Өйткені, қазір ауылда мал дәрігерін табу қиын. Біз сіздің сауалыңызды міндетті түрде парламент отырыстарында көтерілетіндей, шешімін табатындай жұмыс істейтін боламыз, - деп атап өтті депутат Берік Дүйсембинов.

           Деректеме - Ustinka.kz


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс