«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

08 тамыз 2017

Кәсіпкерлердің айтар шағымы аз болған жоқ

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық баспасөз қызметі, 2017 жылдың  8 тамызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Алдымен, депутат Парламенттегі жұмысы жайлы хабарлама жасады. «Ақ жол» партиясының фракциясы қаншама бастамаларға ұйытқы болды. Депутаттық сауалнамалар бойынша да жасалған жұмыстарды саралады. Алдағы сессияларда атқарылатын шараларды да тілге тиек етті. Оның ішінде салық төлемдері туралы заң жобасын қарау маңызды болып табылады.

Кәсіпкерлердің алды болып Еңбекшілдер ауданында орналасқан «Қазгерқұс» кәсіпорнының басшысы Борис Оздоев мемлекеттік субсидиялау жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылу барысындағы түйткіл жайлармен бөлісті. Оның айтуынша, мұндай жаңа бағдарламалар өте көп. Бірақ, бөлінген қаржы көлемі көңіл көншітпейді. Мысалы, бір терімен бір тонды да, бірнеше тонды да тігуді ұсынғандай көрініс.

Халық қалаулысы ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау мәселесін жүйелеу аса қажет екенін атап көрсетті. Жергілікті осыған жауап беретін мемлекеттік органдардың өкілдері қазір өткен жылға субсидия төленіп жатқанын, енді биылға межеленген қаражат толық игерілетінін айтты. Кейбір болашағы жоқ жобалардан қаражат тиімділігі мол салаға аударылып жатқанынан да хабардар етті.

Көкшетаулық кәсіпкер Владимир Свидерский жанармай саласындағы жөнсіздіктерді айтып, шағымданды. Жанармай өткізетін кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыс кезінде жақындағы Павлодардан емес, батыс өңірлердегі мұнай зауыттарынан өнім алуға мәжбүрлейді. Бұл мұндай кәсіпорындарды шығынға ұшыратады.

Атбасардан келген жеке кәсіпкер Дин-магамед Асаев үн үктіретін диірмендерде жергілікті шикізат жоқтығын ашына айтты. Сапалы бидай өнімдері шетелге экспортқа жөнелтіледі. Осының кесірінен жергілікті диірмендер тек 60 пайыз қуатында ғана жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл жұмыс орындарын да қысқартуға әкеліп соғады.

Ең өкініштісі, сапалы шикізат болмағандықтан, кәсіпкерлер ұн үктіру кезінде оған әртүрлі химиялық қоспалар қосады. Сонда астықтың астында тұрып, сапалы өнімді сыртқа тасып, өз халқымыз сапсыз, химиялық қоспасы көп өнімді тұтынуға тура келеді.

Енді бір шеке шаруалар мал өсіруге жергілікті жерде жайылымдық жер жоқ екендігін жеткізді. Бұл мал өсіруге ынталы шаруалардың аяғына оралғы болып отыр. Басқа аймақтардан бөлінген жерге шаруалар бәрін тастап барғысы жоқ. Депутат Меруерт Қазбекова бизнеспен айналысу үшін барлық тәуекелге бару керек екендігін ескертті. Оңай олжа табу оңайлықпен келмейді ғой.

Кездесу барысында ол қандай мәселе болсын бірлесіп шешуге болатынын баса айтты. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлер палатасына жүгініп, сол арқылы жоғарыға мәселені жеткізсе, бұлай жағдай күрделенбес еді. Халық қалаулысы өз тарапынан барлық түйткіл мәселелерді шешуге атсалысатынын да айта келіп, осындай өңірлерге сапары барысында қаншама өзекті жайларға қанығатынына жұрт назарын аударды.

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс