«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

28 тамыз 2017

Азат Перуашев Алматы қаласында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнография институтының ғалымдарымен кездесті
 

2017 жылдың 28 тамызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Азат Перуашев 24 қыркүйек күні Алматы қаласында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнография институтының ғалымдарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты қоғамды жаңғырту бағдарламасын талқылап, қазіргі қазақ мемлекеттілігіндегі оның маңыздылығын түсіну төңірегінде пікір алмасты. Иституттың ғылыми қызметкерлері депутатқа жасалып жатқан жобалар мен кейбір көкейтесті мәселелер жөнінде әңгімелеп берді. Институт директоры Зиябек Қабылдинов, тарихи ескерткіштерді кешенді зерттеу идеясы және әр облыстағы қасиетті жерлердің картасын жасау жөнінде ой қозғады.

Ғалымдар «Ақ жол» партиясына өткен жылы жоғары оқу орындарының бағдарламаларынан «Қазақстан тарихы» пәнін алып тастамақ болғанда араша тұрғаны үшін алғыстарын айтты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар сондай-ақ, ЭКСПО-2017 кезінде шетелдік туристердің отандық тарихқа қызығушылығының артқанын атап өтіп, бұл мүмкіндікті туристік бизнесті дамытуға пайдалану қажеттігін, Қазақстандағы тарихи ескерткіштердің үлкен қорын сақтап қалу үшін тарих ғылымын қаржыландырудың басты рөл атқаратындығын атап өтті. Осы орайда, әйгілі ғалымдар өткен жылдың соңынан бері жалақыларын алмағандықтарын жеткізді. Аталған мәселе көп кешікпей шешілді. Олар зерттеу жұмыстарын осындай жағдайлардан қорғауды сұрады.

 Кездесу барысында зерттеу жұмыстарын жариялауға қаржының жетіспейтіндігі де айтылды. Осы мәселеге байланысты А.Перуашев ғалымдарға заманауи цифрлық технологияны белсенді түрде қолдануға шақырды. Өйткені қазіргі оқырман негізгі ақпаратты кітапханалардан емес, интернет-ресурстарынан іздейді.

Тарихқа қатысты тағы бір мәселе – рушылдық бағыттағы жалған ғылыми жарияланымдарға байланысты болды.

-Соңғы жылдары кейбіреулер өздерін тарихшы деп есептеп, қазақстың өткен заманы туралы көптеген мақалалар жариялап, кітап жазып, тарихымызды рушылдыққа айналдырып отыр. Кімнің батыры мықты, «кімнің атасы басқалардан артық» деген аңгіменің соңы дауға айналып кетуде. Ұятта болса айтайын, мұндай мәселемен кейде тарих пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің өзі айналысып кетеді. Мұндайда ұлттық сезімнің рушылдықпеналмасатыны тіпті өкінішті. Олар өз аталарын мақтап, басқалардың бабаларын жамандағаннанм қазақ халқының ортақ абыройына зиян келтіріп отырғандарын түсіне ме екен?  Бұл жерде тарихшылардың негізгі міндеті – қазақ халқының бірлігі екендігі атап көрсетілді. Тарих – ойыншық емес, тарих – ғылым. Тарихты ғылыми әдістермен, дәлелденген, күмәнсіз деректерге сүйеніп қана дамытуға болады. Ал, жалған деректерге сүйенетін, ел бірлігінің жігін ажырататын псевдоғылыми әрекеттерге кәсіби тарихшылар жол бермеуі керек!  Тарихшылар халқымыздың өткенін ғана зерттеп қоймай, оның келешегін де қалыптастыруы қажет! - деді Азат Перуашев өз сөзінде.

Аталған институт директоры З.Қабылдинов, «Алаш» ұстанымдарын мемлекеттік деңгейде үнемі көтергені, сондай-ақ жас алаштанушылар байқауын ұйымдастырғаны үшін «Ақ жол» партиясына алғыс білдіріп осы бағыттағы зерттеулер кеңейе берсе деген тілек айтты. Ал, А.Перуашев «біз тарихшы емеспіз, бірақ, ғалымдарды қолдаймыз. Біз саясатта жүргендіктен алаш ұстанымдарын іс-тәжірибеде қолдануды көздейміз. Бізге сенім білдіргендеріңізге рақмет! Осы ортақ жұмысты әрі қарай да бірлесе жүргізе беруге біз де мүдделіміз» деп жауап берді. Кездесу соңында Азат Перуашев «дөңгелек үстел» барысында көтерілген мәселелерге байланысты жақын арада депутаттық сауал дайындалып, үкіметке жіберілетіндігін айтты.



 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс