«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

12 қыркүйек 2017

А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек


Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жолында асығуға да, кешігуге де болмайды. Халық қалаулыларының пікірі осындай. Бүгін Мәжілістің Парламенттік тыңдауында күнтізбедегі басты тақырып бойынша депутаттар баяндамаларын оқып, филологтар мен тарихшылар өз ұсыныстарын білдірді.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, жаңа әліпби нұсқасына көшу барысында бірінші кезекте төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына баса мән беру керек.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Түркия тәжірибесіне қарасақ, олар латын қарпіне көшу үрдісін асығып жасағаннан кейін кейбір дыбыстар жоқ болып кетті. 90 жыл болды, кейбір түрік тілді әдемі дыбыстар жоқ. Біздің мақсатымыз – ерекшелігімізді жоғалтпауымыз керек.

Дәрия Қожамжарова, тарих ғылымдарының докторы:

– Тіл дегеніміз не? Тіл – ойлаудың құралы. Тіл болса, мемлекет те болады. Тіл болса, дініміз де болады. Тіл болса, біздің халықаралық аренадағы мәртебеміз көтеріледі.

           Деректеме - Хабар 24



Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс