«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

12 қыркүйек 2017

Білім және Ғылым Министрлігі ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-ны қабылдау емтихандарымен ауыстыруға дайын–Білім және Ғылым Министрлігі басшыларының қатысуымен өткен «Ақ жол» фракциясының отырысында «ақжолдықтардың» жақындағы сауалында білім беру жүйесінде анықталған мәселелер талқыланды

12 қыркүйек 2017 жыл«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Білім және Ғылым Министрлігі ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-ны қабылдау  емтихандарымен ауыстыруға дайын – бұл жөнінде вице-министр Асхат Аймағамбетов «Ақ жол» фракциясының кеңейтілген отырысында фракцияның ү.ж. 6-шы қыркүйегіндегі сауалын талқылау барысында мәлімдеді.   

        «Қолданыстағы гранттарды бөлудің жүйесі «жастардың шетелге кетуін» ынталандырады, - деп сауалда аталған. - ҰБТ мен гранттарды тағайындаудың даулы сипаты, сондай-ақ осымен байланысты эмоциялық күйзелістер, көптеген жастардың  басқа жолдарды іздеуіне түрткі болады. Оған қоса, тегін оқу мүмкіндігін Ресейдің, Чехияның, Қытайдың және басқа да елдердің жоғары оқу орындары ұсынып отыр. Олардың арасында көптеген жас мамандар енді Қазақстанға оралмайды».

         «Ақжолдықтар» бұл мәселені шешудің мүмкін жолдарын ұсынды. Сонымен, ҰБТ-дан бөлек, қабылдау емтихан жүйесі арқылы жоғары оқу орнына түсудің баламалы нұсқаларын талапкерлер таңдауына енгізу мүмкіндігі ұсынылды.

Сондай-ақ, «ақжолдықтардың» ойыңша, 110 баллдан жоғары жинаған, бірақ таңдаған мамандығымен грант иеленбеген талапкерлерге келесі кезекте ҰБТ бойынша пәндер айырмашылығын тапсыру талабымен бөлінбенген гранттары бар, басқа мамандықтар бойынша грант алу мүмкіндігі болуы керек.

Вице-министр А.Аймағамбетов ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-ны қабылдау емтихандарымен ауыстыруға министрліктің дайынекенін мәлімдеді. Фракция депутаттары бұл жаңалықты мақұлдағанымен, екіұшты шешім деп есептейді: себебі шетелдік ЖОО-ы біздің түлектерді ҰБТ-сыз қабылдап қана қоймай, оларға өздерінің гранттарын тағайындайды.

Асхат Аймағамбетов сонымен бірге, министрлік биылғы ҰБТ-дан жоғары балл жинаған талапкерлерге бөлінбеген гранттары бар басқа мамандықтар бойынша гранттар тағайындау мүмкіндігін қарастырып жатырғанын хабарлады.

Отырыс барысында «Ақ жолдың» колледж түлектеріне арналған ҚТБ-ны жою, оқушыларды 5 күндік оқуға ауыстыру туралы ұсыныстары  талқыланды.

        «Біз балаларды шамадан тыс ақпаратпен жүктеуге емес, білім алуға  үйретуіміз керек, - деп Перуашев атап өтті.– Балалардың оқу жүктемесі қазір ересек адамның жұмыс жүктемесінен де жоғары – еңбек заңнамасында, жұмыс уақытының ұзақтығы бес күн және 40 сағаттан аспайтын тәртіп белгіленсе, ал лицейлерде балалар 45 сағаттан оқиды. Әңгіме балалардың денсаулығы туралы болғандықтан, бұл мәселені шешуді ұсыныс ретінде емес, міндетті сипат деп қарастыру керек».

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және сайлаушылардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс