«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

18 қыркүйек 2017

А.Перуашев: Латын әліпбиіне көшу - рухани отарсызданудың тура жолы
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі біздің әлемдік өркениетке енуіміздің жаңа белесі. Бұл реформа - рухани отарсызданудың тура жолы. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында хабарлады.

«Алдымен қазақ тілінің латын қарпіне көшу жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстарына зор алғысымды білдіремін. Латын қарпіне көшу жөніндегі шешімнің ұлттық мемлекетіміз бен қазақ ұлтының дамуында үлкен рөл атқаратындығына және дер кезінде қабылданғандығына сенемін. Енді кешігуге болмайды», - деді сөз басында Азат Перуашев.
Сонымен қатар, ол «Ақ жол» партиясы 2007 жылдан бері өзінің бағдарламалық құжаттарында, мәлімдемелерінде қазақ тілін латын қарпіне көшіруді жақтап бірнеше бастамалар көтергенін еске салды.
«Олкездебұлбәлкімертерекболғаншығар,ал, қазіроныкейінгеқалдыруғаболмайды. Кеше ерте болса, ертең кеш болады. Бұл біздің әлемдік өркениетке енуіміздің жаңа белесі. Бұл реформа -  рухани отарсызданудың тура жолы!», - деп ағынан жарылды депутат.
Бүгінде қоғамда қазіқ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне байланысты қызу пікір талас жүріп жатыр.
«Меніңше ол өте дұрыс. Себебі бұл халықтық талқылауға ұсынылған жоба. Қазіргі ұсынылып отырған нұсқадағы ерекше бір белгілер мен әріптерді қоспай-ақ әлемдік ақпарат кеңістігіндегі дайын символдарды ұсынған дайындаушылардың ниетін де түсінуге болады. Олардың ойы - әлемдік ақпарат кеңістігіне еш кедергісіз ену екені де түсінікті. Сонымен бірге қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері мен үндестігін, сұлулығын, шұрайын сақтап қалуға тиіс екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Оның түйткіл тұстарын қазақ тілін зерттеуші тіл мамандарының өздеріне тапсырып, олардың дұрыс жолды таңдайтынына сенгеніміз дұрыс», - деп толықтырды ол.
Сөз соңында халық қалаулысы қазақ тілінің әсем  де көркем, бай тіл екеніне тоқталды.
«Тіл – ұлттық мінездің көрінісі. Қазіргі қазақ тілі ешқандай бұралаңды білмейтін өрліктің, табандылықтың, шешендіктің белгісі. Сұлу да сүбелі тіл. Қазақтың ұлы билерінің бірі Қазыбекті Қаздауысты деп тегін атамаған ғой. Бүгінгі мақсат біреу - түрлі ұсыныстарды ескере отырып, латын қарпіне көшудің ортақ нұсқасына келуіміз қажет. Одан соң, бір атаның балаларындай бірігіп, бүкіл халық болып қолдау, тарихи реформаны тоқтатпай әрі қарай қозғау – бәріміздің ортақ міндетіміз», - деп түйіндеді А.Перуашев.

            Деректеме: 
Strategy2050.kz


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс