«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

21 қыркүйек 2017

Кәсіпкерлер көзбен көргенді қолмен ұстай алмай отыр

20 қыркүйек 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 

Бәрімізге белгілі, өзінің көрегендігі мен берік ұстанған салиқалы саясаты негізінде Президент Н.Ә. Назарбаев қатал халықаралық бәсекелестік жағдайында ұлттық экономикамызға ішкі, сол сияқты сыртқы инвестициялар тарту үшін барынша күш салуда.  

Атап айтқанда, осы мақсатта «Ұлт жоспарында» бірден алты қадам – 55-тен бастап 60-қа дейін – қайта өңдеу секторына трансұлттық корпорацияларды тарту бойынша қадамдар көзделді.  

Осы орайда Үкіметпен инвестицияларды қолдау және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша дер кезінде шаралар әзірленіп, тиісті нормалар Кәсіпкерлік кодексіне енген болатын. 

Салық преференциялары мен инвестициялық субсидияны қамтитын бұл нормалар, шынымен де, айтарлықтай тартымды көрінеді, сондай-ақ «Ақ жол» фракциясының оларды тек ірі ғана емес, сонымен бірге шағын және орта бизнеске де қатысты қолдануды ұсынғаны кездейсоқтық емес.  

Алайда, бұл жердегі басты гәп: тіпті, ірі бизнеске қатысты қолданғанның өзінде, іс жүзіндегі нәтижелер бизнес-қауымдастықтың, сондай-ақ мемлекет басшылығы тарапынан қатаң сынға алынуда.   

Мысалы, үстіміздегі жылдың 25 тамызында Президент «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының жұмысына қатысты өзінің қатал көзқарасын білдірген болатын, айта кету керек, бұл компания инвестицияларды тарту мақсатында құрылған еді.  

Елбасы былай деді, үзінді келтірейін:

«…экспорттау тауарларын қалыптастыру және әлем нарықтарына шығу үшін қайта өңдеу секторына кем дегенде 10 трансұлттық компания тарту міндеті алға қойылған болатын. Өткен жылы «Тенарис», «ЭФКО» және «Кока-кола» компанияларымен іске асырылған небәрі үш бірлескен жоба іске қосылды. Бұл жерде айта кету керек, «Кока-коланы» шығаратын компания біздің елде өткен ғасырдан бері жұмыс істеп келеді.   

Ағымдағы жылы он бір жаңа жобаны іске қосу туралы баяндалды. Сегізі – іске асырылу үстінде, үшеуі – пысықталуда. Сөйтіп, «ЭФКО»-дан басқа, экспорттық нарықтарда шынайы жұмыс істеп тұрған ТҰК әлі де жоқтың қасы».

Сонымен бірге, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясына отандық, сол сияқты шетел инвесторларынан жоғарыда аталып өткен инвестициялық преференциялардың қолданысын нақтылау туралы өтініштер көптеп түсуде. Яғни, тартымды бизнес-ахуал туралы жарнамаға сенген кәсіпкерлерде  «мұрныңның астындағы қиял» секілді әсер қалыптасуда: көзбен көресің, бірақ қолмен ұстай алмайсың.   

Осылайша, «Азия Трафо» ЖШС қазақстандық компаниясы Шымкент қаласында күш трансформаторларын шығаратын зауыт құрылысы бойынша ірі жобаны іске асыруда. Бұл жоба басым инвестициялық жобаның барлық талаптарына сай келеді. Жұмсалатын қаражаттың қомақты мөлшеріне байланысты компания қаржыландырудың бір бөлігін несиелеу арқылы тарту үшін Қазақстан Даму Банкі және «ҚДБ-Лизинг»-ке өтініш жіберді.   

Енді, бұл жерде мынадай мәселе туындап жатыр: егер қаржыландыру көзі ретінде бюджеттік қаражат тартылған болса, онда кәсіпорын, олар қаншалықты тартымды болғанымен, преференцияларды қолдана алмайды екен. 

Алайда, бұл тәсіл мына жайтты ескермейді: тіпті, инвестор несиені мемлекеттік банк арқылы алған болса да, бұл ақша оған «сыйға» берілген жоқ қой, қандай жағдай болмасын, ол бұл ақшаны өз қаражатынан қайтаруға міндетті! Сондықтан, бұл жағдайда, яғни, егер кәсіпкер мемлекеттік қатысуы бар банкіге несиені қайтарым, қауырттылық және төлеу қабілеттілігі қағидаттары негізінде өтейтін болса – ол инвестициялық преференцияларды қолдану құқығына ие болуы тиіс. 

Инвестициялық заңнамаға осындай нақтылау енгізу қажет деп есептейміз. 

Тағы бір мысал, жоғарыда аталып өткен «ЭФКО» трансұлттық компаниясына қатысты. Елбасы оны табысты, әрі сәтті мысал ретінде келтірген еді.  

Бұл компания 2015 жылы сауда барысында, бұған дейін банкротқа ұшыраған және өз жұмысын тоқтатқан тамақ өнеркәсібі зауытының мүліктік кешенін сатып алған болатын, онда қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарын жүргізді, бұл мақсатта өз қаражаты есебінен 30 млн долларды жұмсады. Кәсіпорын Президент Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір аясында 2016 жылғы 1 шілдеде салтанатты түрде іске қосылды. Бүгінгі таңда «ЭФКО-Алматы» ЖШС-і күніне 140 тонна өнім шығарады және басқа елдерге майлы-құнарлы тауарлар мен жемшөпті экспорттаумен айналысады; кәсіпорында 800 жұмыс орны ашылған.

Дегенмен, инвестор заң бойынша тиесілі инвестициялық субсидия алу үшін биылғы жылдың көктемінде мемлекеттік органдарға жүгінген кезде, оған ресми түрде үш мәрте мынадай жауап қайтарылды: экономика министрлігі мен қаржы министрлігі бұл преференциялармен келіспейді және оларды өзгертуге қатысты құжат әзірлеуде (хаттардың көшірмелері қоса беріледі).  

Сонда қалай, министрліктердің шенеуліктері жаңа кәсіпорындарға, сол сияқты қайта инвестициялау мен терең жаңғырту арқылы инвесторларды тартуды талап етіп отырған Елбасымен келіспегені ме?! Мұндай тапсырманы Нұрсұлтан Әбішұлы 2016 жылдың 6 қаңтарында Ақорданың ресми сайтында жарияланған «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында баса атап өтті.   

Шынтуайтына келетін болсақ, егер қандай да бір министрлікте орындаушы берілген тапсырмамен келіспейтін болса – Елбасымыздың салиқалы саясатына кедергі келтіретіндей шаруалармен айналысқанша, ол жұмыстан кетуі тиіс. Шенеуліктердің көңіл-хошына қарай заңдарды ауыстырғаннан гөрі, заңды орындамайтын шенеунікті жұмыстан босату – меніңше, ең дұрыс, әрі оңай жол.  

Ойланып қарайтын болсақ, инвесторды – ірі халықаралық компанияны – біз өзімізге тартымды преференциялармен қызықтырып, шақырған кезде, басқаға уәде бердік. Енді, инвестициялар салынып, зауыт іске қосылған кезде – ережелерді өзгертеміз деп өз сөзімізге өзіміз қарсы шығамыз ба?!   

Сонда инвестицияларды қорғау кепілдігі қайда қалды? Бұлтартпайтын заң қағидаты ше? Келтірілген мысалдың нәтижесін айтатын болсам, ҚР Кәсіпкерлік кодексімен және Үкіметтің Инвестициялық субсидия беру туралы қағидаларымен (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1120 қаулысы) көзделген тәртіпте «ЭФКО-Алматы» ЖШС-не инвестициялық субсидия беру туралы шешім белгісіз мерзімге созылып кетті. Жалғыз сәтті болған жобаға былайша салғырт қараған кезде, қандай инвестициялық ахуал туралы сөз қозғауға болады?!

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс