«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

22 қыркүйек 2017

Семейде Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды

Қазақтың рухани астанасы - Семей шаһарында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ескерткіштің ашылу салтанына жиналған халықпен бірге Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Гумилев атыдағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Ғарифолла Есім мен проректоры Дихан Қамзабекұлы, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов т.с.с. қатысты. Ұлт көсемінің рухына тағзым етуге жиналған белгілі жазушылар мен ақсақалдар ізгі тілектерін білдірді.

«Бұл ескерткіш өскелең ұрпақтың болашағы үшін, еліміздің бостандығы үшін жандарын пида еткен көсемдердің рухтарына тағзым ететін, Тәуелсіздіктің қандай ұғым екенін түсінетін, бостандықтың не екенін білетін адамдардың киелі орнына айналары сөзсіз», - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Оның айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай үлкен шаралар ұйымдастырылған. Ал, ескерткіш жобасын осы шараларға жауапты республикалық комиссия қабылдаған.
        «Сол комиссияның шешімімен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Бақытбек ағамыздың эскизі қабылданып, бүгін ескерктіштердің ашылуына куә болып отырсыздар. Мен бүгін тарихи әділдіктің жеңген күні деп ойлаймын», - деді Нұрымбек Сақтағанов.

Сонымен бірге, ескерткіштің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Ермак Сәлімов бүгінгі күн ұлттың рухын асқақтату тұрғысында аса маңызды күн екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі күн арман ақиқатқа айналған, Алаштың қыраны тұғырына қонған күн.
            Айта кетерлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алаштың 100 жылдығын қалай тойлау керектігі жөнінде республикалық жоба қабылдаған. Семейде осы жоба арқылы барлық жоспарланған шаралар жүзеге асатын болды. Осы ретте Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіштің ресми ашылғаннан кейін, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте ғылыми-тәжірбиелік конференцияның өткізілмек. Сонымен бірге, Алаш қайраткерлеріне арналған жаңа экспозияциялық көрме залының Абай музейінің бөлімінде салтанатты түрде тұсауы кесілмек.

          Деректеме: Inform.kz

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс