«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

29 қыркүйек 2017

Кәсіпкерлікті қолдау нормалары толық іске аспай отыр

           

           Экономикасы дамыған елдердің бәрінде ішкі жалпы өнімнің кем дегенде 50 пайызын осы ШОБ өнімдері құрайды. Біздің Президентіміз де 2050 жылғы мерзімге дейін ІЖӨ-нің 50 пайыздық көлемін ШОБ өнімдерінің құрауына қол жеткізу керектігін нақты айтып, Үкіметтен осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді талап етті. Кәсіпкерлікті реттейтін ең негізгі заңнамалық құжат – Кәсіпкерлік кодексінде де осы бағытқа толықтай бір тарау арналып, ШОБ-ты қолдауды реттеудің мәселелері қарастырылды. 

             Өкінішке орай, осы кодекстің қабылданғанына бір жарым жыл өтсе де оның барлық нормалары өмірде орындалып отырған жоқ. Мәселен, кодекстің 98-бабында Үкімет мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес шағын және орта бизнес субьектілерінен сатып алатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) номенклатурасын және көлемін бекітеді делінген. Отандық өнім шығарушыларға жеңілдікті қарастырған заңның осы нормасы ШОБ үшін өте маңызды. Бұл норма тіпті біз мүшесі болып енген ДСҰ-ның талаптарына сәйкес жазылып, ШОБ-ты қолдау жөніндегі преференцияларды қарастырған. Іс жүзінде осы преференцияларды отандық ірі компаниялар ғана қолдана алып отыр, өйткені ШОБ өз өнімдерін алыс шетелдерге, соның ішінде Америка мен Еуропа елдеріне шығара алмайды.

            Әрине, осы тұрғыдан алғанда аталмыш норманың ірі кәсіпкерлік үшін маңызы зор. Алайда, аталмыш норманың талаптары ШОБ-қа қатысты қолданылмай, мемлекеттік сатып алу жүйесінде шағын және орта бизнес өнімдерінің номенклатурасы әлі күнге жасалмай отыр. Дәл осындай жағдай квазимемлекеттік секторда да орын алған. Бұл заңнаманың талаптарын орындамау ғана емес, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүддесіне қарама-қайшылық деп санауға болады. 
Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшелері Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа төмендегідей талаптар қойылған сауал жолдады: 
1) Үкімет актісінің деңгейінде мемлекеттік сатып алулар қатарына шағын және орта бизнес субьектілері өнімдерінің номенклатурасы жасалып, бекітілсін; 
2) Дәл осындай номенклатура квазимемлекеттік сектор үшін де жасалсын; 
Осы сауалға «Ақ жол» демократиялық партиясының Мәжілістегі фракциясының барлық мүшелері қол қойды.

            Деректеме - "Егемен Қазақстан" газеті
 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс