«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

02 қазан 2017

Қытай коммунистік партиясының 19-шы съезі қарсаңында Азат Перуашев бірқатар қытайлық БАҚ-ына сұхбат берді
29 қыркүйек 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Қытай коммунистік партиясының 19-шы съезі қарсаңында Азат Перуашев «Жэньминь жибао» тілшілеріне, «Қытай» ақпарат агентігіне, Қытайдың халықаралық радиосына және Синьцзян телевидениесіне сұхбат берді.

ҚКП бүкілқытайлық съезі 2017 жылдың 18-ші қазанында Бейжің қаласында өтеді. Ол қазақстан-қытай қарым-қатынасының одан әрі дамуыту үшін маңызды рөль атқарады.
«Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» бастамасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасымен түйіндесіп, Қазақстандағы экономикалық белсенділікке және Орталық Азиядағы барлық аймақтарға позитивті ықпал етеді», - деп Азат Перуашев атап өтті.
Ол «Ақ жол» партиясы қытай инвесторларымен кездесулерінде, конференцияларда Қазақстанның ұлттық мүдделерін барша есепке алуды: қазақстандық жұмыскерлердің жұмыс орындарының сақталуын, қазақстандық мердігерлерді, қызмет көрсету ұйымдарын, жабдық және тауар жеткізушілерді тартуды ұсынатынын әрдайым айтып отыратынын еске салды.
«Біз сондай-ақ Қазақстандағы қытайлық инвесторлардың алдында тұрған проблемаларын зерттеп, олардың қызметін жеңілдету үшін ұсыныстар ұсынып отырамыз», - деді Перуашев, - сондай-ақ, Қазақстаннан Қытайға біздің елімізде шығарылған тауарлар мен өнімдерді импорттауда кедендік бажды алып тастау қажет. Бұндай өтініш, көбінесе ұн, ет және өзге де тағам өнімдерін өндірушілерінен түседі.

«Қытайдың әлемдік экономикадағы рөлін жоғары бағаламау мүмкін емес. Басшылықтың икемді экономикалық саясатының арқасында Қытай әлемдегі негізгі тауар өндірушілердің бірі болып табылады. Алайда, мұндай қарқынды өсудің кері әсері де бар, ол қоршаған ортаның ластануы. Сондықтан, ҚКП 19-ші сьезінің күн тәртібінде «жасыл энергетиканы» және экологиялық таза технологияларды дамыту мәселелері көрініс табатынына сенімдіміз.
Тілшілердің сұрақтарына жауап берген «Ақ жол» партиясының көшбасшысы ҚХР-ның жемқорлыққа қарсы саясатына басты назар аударды: «Жемқорлықпен күрес – біздің партия бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.  Осы бағытта сіздердің елеулі табыстарға қол жеткізгендеріңізді көріп отырмыз. Осыған орай, өткен жылдың күзіндегі ҚКП ОК Халықаралық бөлімдеріндегі кездесулерде, мен, жемқорлардың өз халқынан ұрлаған қаражаттарын отанға іздестіріп және қайтаруға біздің жігерімізді біріктіруге ұсындым.
Осы сұрақтар бойынша жемқорлықтың жолын кесу мен қаражаттарды қайтарып алуда үлкен тиімді тәжірибесі бар ҚХР-сымен өзара әрекеттесу өте қажет. Сондай-ақ халықаралық журналистердің тергеу деректері бойынша бүгін «сыбайлас жемқорлықтан алынған ақшалардың ізін жою» Еуропада ғана емес, азиялық оффшорларда да бар. Сондықтан біз ҚХР тәжірибесі туралы көбірек білгіміз келеді және осындай күш-жігерді үйлестіруге дайынбыз».
Азат Перуашев ҚКП мен «Ақ жол» КДП арасындағы қарым-қатынастарына жоғары баға  берді: «Біздің ынтымақтастығымыз тек қана саяси емес, сонымен бірге экономикалық сипатқа да ие. Бизнес партиясы болғандықтан, біз өзіміздің делегациямызды үйлестіреміз, оның құрамына қытайлық серіктестермен сауда-экономикалық қатынастар орнату мүмкіндіктері мен мүдделері бар іскер адамдарды қосамыз. ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің және ондағы қытай компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетін экономикалық ынтымақтастық орталығы жұмыстарын атап өткім келеді. Біздің партиялық қарым-қатынастар ашық сипатқа ие, бір-бірімізбен кез келген сұрақтарды, соның ішінде жағымсыз нәрселерді де ашық талқылаймыз» деді.
Оның ойынша, тағы бір бірге қызмет істейтін өріс - қытайлық серіктестіктердің жетістігі ерекше айқын болған инновация және технология сондай-ақ, IT саласын және экономиканы цифрлау болуы мүмкін.  Ынтымақтастықтың тағы бір саласы Қазақстандағы қор нарығын дамыту болып табылады. Сонымен бірге, Перуашевтің пікірінше, қатынастардың дамуының жаңа векторы қаржылық ынтымақтастық болуы мүмкін. Өйткені қазақстандық банктердің мөлшерлемесі тым жоғары –бизнес ұзақ және түсінікті инвестицияларға қызығады.
«Соңғы он жылдықта Қытай әлемдік саясатта мықты ойыншыға айналды.  Қытай өзінің сыртқы саяси доктринасын ең алдымен, проблемалық нүктелерде қалай қалыптастырады, -  бұл дана, ақылды және қалыпты басшылықтың арқасында.  Бір жағынан, Қытай— өз мүдделерін кез-келген қажетті тәсілдермен қорғауға дайын екенін мәлімдейтін мемлекет. Қазақстан үшін осындай теңдестірілген және прагматикалық көршінің болуы өте маңызды.
Біз ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге және ҚКП басшылығына барлық жоспарларды жүзеге асыруда табандылық пен жігерлік тілейміз», - деді Перуашев. 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс