«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

09 қазан 2017

«Ақ жол» партиясында жеке және заңды тұлғалардың дәрменсіздігі мен банкроттығы туралы мәселелер талқыланды

 

9 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясында жеке және заңды тұлғалардың дәрменсіздігі мен банкроттығы туралы мәселелер талқыланды – «Жетісу» банкроттық рәсімдерінің кәсіби басқарушы Одағымен бірлесіп ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге»   депутаттар, мемлекеттік органдардың, Жоғары соттың өкілдері, кәсіпкерлер және Қазақстанның барлық өңірлерінен конкурстық және дағдарысқа қарсы басқарушылар қатысты. Шараға «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалдары бейнеконференция байланыс режимінде қатысты. 

2013 жылы Үкімет «Ақ жол» депутаттары дайындаған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы бөлімді «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына қосудан бас тартқанын еске сала кетейік. Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы дербес заңды өз бетінше даярлауға ниетті екенін жариялады. 2015 жылдың желтоқсанында фракция банктердегі ипотека мен несиелерді төлеуге қабілетсіз азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау туралы заң жобасын ұсынды. Ведомствоаралық комиссия жобаны қолдамады,  өйткені, отырыс барысында ұқсас заң жобаны Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесе дайындап, 2017 жылы қабылдауға жоспарланып отырғаны мәлім болды.

Өз сөзінде Азат Перуашев бүкіл әлемде банкроттық процедуралар -  күрделі жағдайда көмек көрсету,  «қайта қалпына келтіру» және кәсіпорынның сақталуы дегенді білдіретінін атап өтті. Бізде  бұл процедуралар кәсіпорынның таратылуымен байланыстырылады.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік кіріс комитетінің өкілі Елена Мотовилова Қаржы министрлігі дайындаған «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру» заң жобасын таныстырды. Оны қабылдау кірістерді жалпыға ортақ декларациялауды енгізумен қатар үйлестіру жоспарланып отыр.

«Жетісу» Одағының жетекшісі Марияш Қабикенова өз сөзінде банкорттық рәсімдердің кәсіби басқарушылары кездесетін бірқатар проблемаларын атап өтті.

Қаржыгерлер қауымдастығы құқықтық қамтамасыз ету орталығының басқарушы директоры Әліби Өтеғұлов  банкроттық пен оңалтудың халықаралық тәжірибесі, банкроттыққа мамандандырылған соттардың тәжірибесін қолдану қажеттілігі туралы айтты. Сонымен қатар, ол әзірленген заң жобасындағы кейбір кемшіліктерді де атап өтті.



Жоғары соттың өкілі Клара Утетлеуова әзірлеушілер ​​борышкерлердің саны туралы ақпарат бермегенін атап өтті. Оның пікірінше, заңның қабылдануы сот жүйесіне қосымша ауыртпалықтар туғызады.

Қаржы министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Борис Парсегов мемлекеттік орган ұсынған заң жобасын қатаң сынға алды. «Заң жобасының атауы жаңылыстырады, «төлем қабілеттілігі» ұғымының негізгі түсінігі анықталмаған, мәтінде кемшіліктер мен қарама-қайшылықтар өте көп,  сұрақ көп, бірақ жауап жоқ. Мұндай құжатты ескертулер мен ұсыныстармен жақсарту мүмкін емес, ол пысықтауға қайтарылуы қажет», - деп мәлімдеді ол. Парсегова ұстанымы дөңгелек үстел қатысушылары арасында қолдау тапты – оның барлық дәледеріне отырғандар қол шапалақтады.

Пікір талас барысында Қызылорда, Ақмола, Қарағанды облыстарынан және Астана қаласынан конкурстық басқарушылар сөз сөйледі. Олар банкроттық және оңалту рәсімдерін ұйымдастырудағы  ағымдағы жағдайлары туралы айтып берді, банкроттық басқарушылардың мәртебесін күшейту жөніндегі ұсыныстарын жариялады, Қаржы министрлігі өкіліне сұрақтар қойды. Сөз сөйлеушілер өңірлердегі мемлекеттік кіріс комитетінің тиімсіз жұмыстарына тоқталды.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе,  Азат Перуашев кездесу барысында көтерілген мәселелер «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмыстарында да жалғасын табатынын атап өтті: тиісті түзетулер, қажет болса – депутаттық сауалдар дайындалатын болады. Ол қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдірді және оларды Мәжілістегі заң жобасын болашақтағы талқылауына қатысуға шақырды.

 

 

  


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс