«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

10 қазан 2017

«Адал ақша» тұжырымдамасы: Азат Перуашев нарықты жосықсыз импорттан қорғауды талап етеді – Қазақстанға әкелінетін өнімдердің 40% -дан 60% -ға дейіні қауіпсіздік бақылауынан өтпейді
           9 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі


        Азат Перуашев отандық тауар өндірушілерді әділетсіз бәсекелестіктен қолдауды және нарықты жосықсыз импорттан қорғауды талап етеді: Қазақстанға әкелінетін өнімдердің 40% -дан 60% -ға дейіні ешқандай қауіпсіздік бақылау жасалмайды  – бұл жөнінде демократтар фракциясының жетекшісі өткен сәрсенбідегі Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді және «адал ақша тұжырымдамасы» нарығында тәртіп орнату қажет екенін атап өтті. 
            «Ақ жол» фракциясы бірнеше жылдар бойы техникалық реттеу жүйесіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойып келе жатырғанын естеріңізге сала кетейік –дәл осында ішкі нарықты қорғаудың негізгі қажетті құралдары және ЕАЭО нарығында қазақстандық тауарларды ілгерлету мүмкіндіктері қарастырылған. Және дәл осы техникалық реттеу жүйесі өнеркәсіптік және тұтыну өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын анықтайды.
           Перуашев соңғы жылдары БАҚ-ы «сиыр етінің текшесін»сату мысалдарын келтірді (шын мәнінде шошқа және құс қалдықтарынан, химиялық хош иістендіргіштер мен бояғыштар заттардан тұрады, кейін біздің дүкендердің сөрелеріне түсетін тартылған «сиыр еті», шұжық, тұшпаралар секілді өнімдерге қайта өнделеді); қауіпті қосалқы бөлшектер мен жинақталымдардың себебінен қайғылы ЖОО орын алуы; техникалық регламент жәнеҚұрылыс нормалары мен ережелерін бұзып салынған ғимараттардың құлауы, тамақтан улану және т.б. туралы атап өтті.  
«Барлық осы фактілер техникалық регламенттердің сақталуын бақылаудағы олқылықтарға тікелей байланысты. Қауіпсіз және сапалы тауарлар өндіргеннен гөрі, мұндай өнімдерді саудалау әлдеқайда тиімді екені анық.
            Бұл әділетсіз бәсекелестікке және адал өндірушілерді ығыстырып тастауға алып келеді», - деп атап  өтті және 2014 жылдың 3-ші қарашасында өткен Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау органы Қазақстанға әкелінетін өнімдердің 40% -дан 60% -ға дейіні техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуіне ешқандай бақылау жасалмайды деген мәліметтерінен мысал келтірді. Сол отырыстың қорытындысынан кейін Комитет ұлттық экономика және инвестициялар және даму министрліктеріне 16 ұсынымнан тұратын ресми тізім жіберді, олардың көпшілігі әлі жүзеге асырылмады, ал жағдай әлі де алаңдаушылық туғызады.
         «Әлі күнге дейін, тұтыну және азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, техникалық регламенттің сақталуын бақылау қай мемлекеттік органға жүктелгеніне туралы түсінік жоқ. ТҚҚК қайта ұйымдастырылғаннан кейін бұл функция кімге қалғаны қоғамға белгісіз.Қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін тауарларды алып тастаудың толық жүйесі жоқ. Мысалы, тіпті бір өніммен улану фактісі анықталса да,  мемлекеттік органдар барлық партияны алып тастай алмайды, ал ол уланудың жалғасуына қауіп төндіреді», - деп «Ақ жол» жетекшісі атап өтті.
           Оның ойынша, әділетсіз импорттың басым болуының себептерінің бірі  Кедендік кодексінің 301-ші «шартты түрде босату» деп аталатын бабы болып табылады, ол импорттаушыларға тауарларды бүгін әкелуге мүмкіндік беріп, ал қауіпсіздік талаптарына сәйкес құжаттарды мерзімі шектелмеген уақытта, болашақта тапсыруға мүмкіндік береді.
            Тіпті сапасыз өнімдер табылған жағдайда, оларды жұмсақ жазалау күтіп тұр - мәселен, ең қауіпті тауарды алып тасмастан 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысындағы импорттаушылардың бірі 130-дан астам рет айыппұлға ұшыраса да, улы балалар ойыншықтарын әкеліп, балаларды улай беруіне кедергі келтірмейді. 
         Сонымен қатар, Перуашев, қолдағы сәйкестік сертификаттарының дұрыстығына байланысты сұрақтар бар деп есептейді. Мысал ретінде ол (СТ-КЗ) –тың банандарға арналған қазақстандық өндіріс сертификатын беру жағдайын келтірді. «Кәсіпорын басқа зауыт өндірген трансформаторларға берілген, сертификат бойынша тендер ұтып алған жағдай болды, ал ол зауыттың өзі тендерге қатыстырылмайды. Және мұндай мысалдар жетіп артылады», - деді ол.
        «Ақ жол» партиясы  бизнесті дәйекті қолдайды. Алайда, біздің саяси бағдарламамызға сәйкес, бизнестің мақсаты жай ғана сол және өзге де адамдарды кез-келген жолмен байыту емес, әділ бәсекелестік және адал өнім шығару, оның ішінде адамдарға қауіпсіз және пайдалы тауарлар өндіру.
            Сондықтан біз «ақшаның иісі жоқ» деген принципті жоққа шығарамыз және біз «адал ақша» ұғымын қолдаймыз,-делінген сауалда. –Инвестициялар және даму министрлігімен осы бағыттағы тәртіпті қалпына келтіру бойынша күш-жігер жұмсалып жатырғаны бізге белгілі. Бірақ мәселелердің кешенді сипатын ескере отырып, біз барлық мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді қажет деп есептейміз».
Осыған орай «Ақ жол» фракциясы ұсынады:
1. Нарық айналымдағы өнімдердің қауіпсіздігін бақылауға жауапты уәкілетті мемлекеттік органды анықтау;
2. Техникалық регламенттің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті түбегейлі арттыру;
3. Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді нарық айналымынан шығарып тастау мәселесін пысықтау;
4. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін жүргізетін растау рәсімдерінің дұрыстығын және жалған сертификат беретін органның жауапкершілігін қамтамасыз ету;
      5. Кедендік тазарту рәсімдерінен өнімдерді шартты түрде босату мүмкіндігін алып тастау.
             «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда. 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс