«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

09 қазан 2017

ЕҰУ-де Алаштың 100 жылдығына арналған конференция өтті

Алдағы желтоқсан айының ортасында Алаш жалпыұлттық партиясы және Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Нақтырақ айтсақ, ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейде болған төңкерісшіл қозғалыстардың әсерінен қоғам жаңа форматқа ауысып, бодан халықтардың еркіндікке деген аңсары оянды. Осы тұста қазақ оқығандары бас қосып, ел болудың қамына кірісті. Соның бір дәлелі – 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен ІІ Жалпықазақ құрылтайы. 

Жиынды ұйымдастырушылар күн тәртібіне Қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселесін қойып, оны аса ұқыптылықпен талқылады. Алашшыл арыстардың бұл бастамасы кеңестік большевиктердің билікке келуімен аяқсыз қалды. Бірақ бұл ұлт көсегесін көгерту жолындағы ұмтылысқа бүгінгі тарихшылар «азаттықтың алғашқы аңсары» деген баға беріп жүр.  Осы орайда, жоғарыдағы азаттық аңсаған арыстарымыздың жанкешті еңбегін еске алу мақсатында – өткен жұма күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ғылыми кітапханасында «Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі: бастауы, қызметінің негізгі кезеңдері және Отан тарихындағы орны» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Маңызды басқосуды ұйымдастырушылар – «Қоғамдық келісім» қоры мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы. Шараға Ж.Мәлібеков, Д.Қамзабекұлы, С.Аққұлы, А.Мұсағалиева, З.Қабылдинов, М.Тайжан, С.Байдалы, Қ.Кемеңгер, С.Негимов, К.Ілиясова бастаған алаштанушылар мен отаншыл-елшіл азаматтар қатысып Алаш қозғалысының басталуы мен оның саяси партияға айналуы, кейінгі қуғын-сүргін жылдарындағы алаш арыстарының тағдыры т.б. тақырыптар бойынша шағын баяндамалар жасады. 

Негізгі баяндамашылардың бірі «Ақжол» демократиялықпартиясыныңхатшысы СәбитБайдалы Елбасы тарапынан көтеріліп отырған рухани жаңғыру идеясының бір саласы – Алаш құндылығында жатыр, сондықтан бұл істі жастарды отаншылдыққа тәрбиелейтін идеологияның өзегіне айналдыру керек десе, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдин соңғы жылдары «Алаштану» тақырыбы елімізде кең қанат жайып келе жатқанына тоқталды. Оған дәлел ретінде Зиябек Ермұқанұлы өзі басқарып отырған институт қабырғасында ғылыми-зерттеу ісімен шұғылданып жүрген 12 магистранттың 6-уы, 3 докторанттың 2-уі аталмыш тақырып негізінде ғылыми еңбек жазып жатқанын жеткізді. 

Конференция соңында Алаш қозғалысы мен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге байланысты студенттер арасында жарияланған ең үздік ғылыми мақала авторлары анықталып, оларға арнайы тағайындалған марапат табыс етілді. 

 

БекенҚАЙРАТҰЛЫ,

 «ЕгеменҚазақстан»



Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс