«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

11 қазан 2017

Жақып Асанов «Ақ жол» депутаттарын Бас прокуратураның жаңа жобаларымен таныстырды

Бүгін ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Азат Перуашев бастаған Парламент мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының депутаттарын құқық қорғау саласында жүргізіліп жатқан елеулі өзгерістерден хабардар етті. Бұл туралы «Қазақ үні»ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

Басты өзгерістің бірі ол – прокуратура ғимаратында халықты қабылдау орталығының ашылғаны. Бұл орталықтың оңтайлы тұсы – кез-келген тұрғын осы жерде өз шағымын айтып, адвокаттардың тегін көмегіне жүгіне алады. Сонымен қатар, прокурордың атына өз видео үндеуін де жолдай алады. Ол үшін арнайы бейне жазба жасау бөлмесі де қарастырылған. Қабылдау орталығындағы мамандар арыз арқалап келген азаматтарға қажетті кеңес беріп, аз уақыт ішінде олардың шағымына жауап та қайтаруға тырысады.


      Бір қуантарлығы прокуратура мамандары мемлекеттік тілге де немқұрайлы қарамайды. Жобаны таныстыру аясында белгілі журналист Арман Сқабылұлы «Қазақ тілінде қалай қызмет көрсетесіңдер?» деп сұрады. Журналистің сауалын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев та қостап, «Бұл өте маңызды сұрақ!» деп атап өтті.Қабылдау бөліміндегі мамандар болса іс жүзінде өздерінің екі тілге (Мемлекеттік және ресми) де жүйрік екендіктерін көрсетті.
Сонымен қатар, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов «Ақ жол» депутаттарына құқық қорғау саласында болып жатқан елеулі өзгерістер туралы баяндады.
Асановтың айтуынша, қазіргі уақытта Бас прокуратура бастамасымен қылмыстық процесс, әкімшілік іс секілді бағыттар бойынша ІТ-жобаларды енгізу жүргізіліп жатыр. Сондай бірегей жобаның бірі «Заңдылық» деп аталады. Прокуратура мамандары әзірлеген бұл жоба электронды түрде іс жүргізуге мүмкіндік беріп, қағазбастылықтан арылтады. Ең бастысы, бұл құқық қорғау саласындағы ашықтықты қамтамасыз етпек.

Өз кезегінде, «Ақ жол» депутаттары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, игі істің елге септігі тиюін тіледі.

            Деректеме: Qazaquni.kz


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс