«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

12 қазан 2017

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы өте ыңғайлы – Азат Перуашев

Қазақ тіліндегі латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қолдануға өте ыңғайлы. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

«Президентке таныстырылған қазақ тіліндегі латын әліпбиінің жаңа нұсқасы өте ыңғайлы. Себебі, осыған дейін ұсынылған латын әліпбиін диаграфтармен ұсынғанда күмәнді болды. Оны мен ғана айтқан жоқпын. Білімді азаматтар, ғалымдар, тіл мамандары (алғаш рет ұсынылған қазақ тіліндегі латын әліпбиін – автор) басқаша қабылдады. Осыған қатысты көп сын айтылды, тараптар ол мәселені қызу талқыға салды», - деді А.Перуашев.

Халық қалаулысы Президентке ұсынылған латын әліпбиінің негізгі ерекшелігіне тоқталды.

«Апострофтардың негізгі артықшылығы, ол кез келген клавиатурада бар. Яғни жаңа, бөлек әріпті шығарудың қажеті жоқ. Тіпті, ағылшын тіліндегі клавиатура болса да, сіз латын әліпбиімен қазақша жаза аласыз. Сонысымен ол қолдануға өте ыңғайлы», - деді депутат.

Сонымен қатар депутат жаңа латын әліпбиінде кейбір кезде диаграфтарды қолдану қажеттігін айтып қалды.

«Мысалы, «ә», «ү», «ұ», «ө» деген дауысты дыбыстарды белгілеу үшін апострофтар өте ыңғайлы. Ал «ш» - «sh», «ж» - «zh» сияқты дыбыстарды таңбалауға әріптестерім айтқандай, «ш» - «sh», «ж» - «zh» сынды диаграфтарды қолдануға болар еді. Көрейік. Мұны ғалымдар, тіл мамандары қарастырсын», - деді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, қазақ тілінің жаңа әліпбиге көшу жобасына халық белсенді түрде атсалысуы керек.

«Жалпы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – үлкен тарихи маңызы бар бастама. Билік пен үкімет аталған мәселені алдымен халықтың назарына ұсынды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде латын әліпбиінің соңғы нұсқасы маған да, әріптестеріме де ұнады. Елбасымыз, комиссия басшылары латын әліпбиіне қатысты кез келген азамат өз пікірін, өз ұсынысын айтуға құқылы деді. Егер ұсыныстар болса, комиссия оны қабылдайды, қарастырады. Олар ары қарай осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырады. Әрбір нұсқаны қолдаушылар да, оған келіспеушілер де болады. Ал біз осы реформаны елімізді біріктіру үшін пайдалануымыз керек. Қазақ тіліндегі латын әліпбиінің шешуші нұсқасын таңдағаннан кейін, біз пікір таластыруымызды қойып, бір атаның баласындай сол латын қарпіне көшуді қолдауымыз қажет», - деп түйіндеді сөзін Азат Перуашев.

Деректеме: Baq.kz

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс