«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

16 қазан 2017

Азат Перуашев адал кәсіпорындарға қатысты салықтық рақымшылық өткізуді ұсынды

16 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Азат Перуашев салық органдары бөтен қарыздарды аудара салған адал кәсіпорындарға қатысты салықтық рақымшылық өткізуді ұсынды – бұл туралы ол Мәжілістің соңғы өткен пленарлық отырысында мәлімдеді.

Фракция жетекшісі жалған кәсіпкерлік туралы мәселесі ү.ж. 6-шы қыркүйегіндегі кезекті депутаттық сауалда көтерілгенін еске салды.  

«Біз Cалық кодексіндегі салық берешегі туралы түзетпе жасау нормалары адал кәсіпкерлердің мүдделерін жаппай бұзуына әкелетінін көрсеттік. Сот жалған кәсіпорын деп бір кәсіпорынды таниды, ал қаржылық санкцияларды, адал бизнесті қоса алғанда, оның барлық контрагенттеріне қолданылды.

ҚҚС, КТС бойынша айыппұл мен өсімпұлдар ондаған миллион теңгемен үстеме есептеулері тек шағын және орта бизнесті қана емес, сонымен бірге ірі кәсіпорындарды да құлдырауға алып келеді. Бас прокуратураның мәліметі бойынша елдегі кәсіпорындардың тең жартысы (заңды тұлғалар формасында) - басқалардың бұзушылықтарынан осындай қаржылық санкцияларға тартылды, ал олардың санаулысы ғана жалған кәсіпкер деп танылды»,-деп атап өтті Перуашев және жаңа Салық кодексінің жобасында соттың заңды күшіне енген үкімі немесе сот қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушілермен жасалатын мәмілелер бойынша корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығының сомаларын есепке алуға тыйым салатын нормалар жоқ»-деген Үкіметтің жауабын келтірді.

Сонымен, жалған кәсіпкерлікті қылмыс деп танымаумен бірге, «Ақ жол» партиясының ұсыныстарына сәйкес, алдағы уақытта адал бизнеске санкцияларды кері қайтару принципі жойылатын болады. Осыған орай, Азат Перуашев мыңдаған кәсіпкерлердің атынан Үкіметке бұл кешенді шешім үшін шын ризашылығын білдірді. 

Сонымен қатар, ол бұл жауап бұрынғы қолданыстағы нормаларға сәйкес басқа адамдардың күнәлары үшін қаржылық айыппұлдарға ие болған осы адал кәсіпорындардың тағдырларын ескермейтінін мәлімдеді. Олардың көпшілігі үшін бұл сомалар  ауыр және құлдырауға ұшырайтын болады деген мысалдар келтірді.

 Мәселен, «Ақ жол» партиясына Қазақстан өнеркәсібінің флагманы - Алматы ауыр машина жасау зауыты хабарласты, оларға 79 млн.теңге көлемінде қосымша салық салу туралы хабарландыру және 33 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы өндірістік кәсіпорын 112 млн.теңге төлеуге тиіс, бұл қазіргі қиын жағдайларда апаттық талап болып тұр.

«Ал Мемлекеттік кіріс комитеті бұл санкцияларды талап етіп тұр, тіпті,
Жоғарғы соттың жалған кәсіпорындарға өздері жасасқан мәмілелері үшін салынған санкциялардың үкімдерін жойғанына қарамастан! БАҚ-нан бұрын жалған кәсіпкерлікке байланысты сотталған адамдардың босатылғаны туралы білдік. Біз осы адамдар үшін және олардың отбасылары үшін қуаныштымыз. Бірақ енді жалған кәсіпорын кінәлі емес деп есептелініп, ал қарыздары әлі де олардың адал контр-серіктестерінен өндіріледі» деп атап өтті  және «Ақ жол» көшбасшысы басқа  мысал келтірді.

Қарағанды облысындағы құрылыс компаниялары арасында салық комитеті ресми түрде «ең жақсы салық төлеуші» ретінде мойындаған ТОО «Inter-marketing»-ке 40 млн.теңгеге қосымша салық және айыппұл салынды, ал нәтижесінде компанияның қызметі толықтай тоқтап, 100 ден аса адам жұмыссыз қалды.  

Осыған орай, «жалған кәсіпкерлік» мәселесін түпкілікті шешу және адал бизнесті қорғау үшін «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы
Салық кодексінің бұрынғы редакциясының 115-бабының 2) тармағында және 257-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген қайтару қағидаты шеңберінде адал кәсіпорындарға оның ішінде контр-серіктестерге салынып, есептелген, бірақ әлі өндірілмеген  санкцияларға қатысты салықтық рақымшылық  өткізуді ұсынды.

«Ақ жолда» бұл шара отандық кәсіпорындар үшін елеулі ынталандыру және адал бизнестің әділеттілікке қатысты онжылдық күресі үшін лайықты нәтиже болып табылатына сенімді.  

«Бизнесті жалған кәсіпкерлік үшін әділетсіз қудалау мәселесі өткеннің еншісінде қалады деп сенеміз», - деп  атап кетті Перуашев.

 

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және отандық бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда. 

 

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс