«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

11 қазан 2017

Азат Перуашев: Отбасылары далада қалмас үшін, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарақшылардың қолынан қаза табу керек пе?

 11 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Отбасылары далада қалмас үшін, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарақшылардың қолынан қаза табу керек пе?– Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасын әзірлеушілеріне оны талқылау барысында осындай сұрақ қойды.

Аталған зан жобасы қазақстандық әскери қызметкерлерін, ішкі істер органдары қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді көздейді. Жұмыс тобының қарауына «Ақ жол» фракциясының депутаттары әскери қызметкер қайтыс болған жағдайда, оның отбасымен қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігіне қатысты түзетулер енгізілген болатын. Түзетуді әзірлеушілер қолдамады. 

Бүгін пленарлық отырыста Азат Перуашев енгізілген түзетулерді еске салып, осы мәселе бойынша заң жобасын әзірлеушілерге сұрақтар қойды.

Түзетулер құқық қорғау органдарының қызметкерлері кенеттен қайтыс болған жағдайда, оның отбасыларын қорғау мақсатында енгізілгенін атап өтті ол. Мәселен, «Ақ жол» ҚДП-да 20 жылдық еңбек өтілі бар әскери қызметкерлердің отбасыларының шағымдары бар, оларға қызметкер қайтыс болып, жекешелендіруге құжаттарды дайындап үлгере алмағанына байланысты үйді жекешелендіруден бас тартқан.

      «Неліктен үлкен еңбек өтілі бар, қайтыс болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жанұясына жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіруден бас тартады?  Әзірлеушілер қызметкер қызметтік міндетін орындау барысында емес, аурудан қаза болды-деген жалғыз дәлелді алға тартады.  Сонда олар отбасылары далада қалмас үшін, қарақшылардың қолынан қаза табу керек пе?», - деген сұрақты «Ақ жол» фракциясының жетекшісі әзірлеушілерге-мемлекеттік органдардың өкілдеріне қойды.
         Сұраққа жауап беру кезінде Инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр бұл мәселе екінші оқылымда пысықталады деп сендірді.
Осыған орай, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин фракция оған да хабарласқанын атап кетті – бұл мәселені ол А.Перуашевпен бірге талқылады.  Сондықтан, Мәжіліс спикері, әзірлеушілерге теріс жауаптарына қарамастан, осы мәселеге қайтып оралып, шешімін табуды тапсырды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда. 
 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс