«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

23 қазан 2017

Азат Перуашев Парламентте сыртқы қарыз мәселесін тыңдауды ұсынды

23 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 

Азат Перуашев Парламентте сыртқы қарыз мәселесін тыңдауды ұсынды және  шетелден тартылған қаражатты тиімді жұмсау бойынша бақылау жүйесін қатайтуды талап етті – бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында мәлімдеді.

Мәселен, автомобиль жолдарын дамытуға 705 млрд. теңге бағыттау көзделген, оның 60%-ын сыртқы қарыз құрайды. «Бұл бағдарлама экономика мен халық үшін өте маңызды, қазірдің өзінде тораптар арасындағы жол жүруді орташа есеппен 23%-ға қысқартып, бизнестің ЖЖМ шығындарын және жүктерді тасымалдау шығыстарын төмендетеді. Сондықтан біз оны сөзсіз қолдаймыз», - деді Перуашев.

Алайда, оның ойынша, ұсынылған қаржыландыру форматы белгілі бір қауіп-қатер тудырады - қазірдің өзінде ҚР сыртқы қарызы ЖІӨ-нен 124% -дан асты, ал еуропалық стандарттарға сәйкес шекті өлшем 60% -ды құрайды.

Демократтар фракцияның жетекшісі Ұлттық қордың қаражатын пайдалану тұжырымдамасында Ұлттық қордың валюталық активтері көлемінде Үкіметтің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызының көлеміне шектеу енгізгенін атап өтті.

«Квазимемлекеттік сектордың кредиттік міндеттемелерін Ұлттық қордың активтерімен кепілдендіру әдістемелік тұрғыдан дұрыс емес деп санаймыз. Бұл ұлттық компанияларды жеке кәсіпкерлік субъектілері ретінде құру идеологиясына мүлдем қайшы келеді... Ұлттық компаниялардың төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мемлекеттің есебінен емес, сақтандыру, тәуекелдіктерді хеджирлеу және т.б. сияқты тиісті нарықтық тетіктер негізінде болуы тиіс.», - деп атап өтті Перуашев.

«Ақжолдықтар» 2020 жылға қарай қарызға қызмет көрсетудің жылдық шығыны  700 млрд.теңгеден асып кететінін ескере отырып, сыртқы қарызды тиімді тарту және жұмсау бойынша бақылау жүйесін қатаңдатуды талап етеді. 

Азат Перуашев жақындағы инфрақұрылымдық қарыздар жағдайын талқылау барысында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин қарыздарды тартудың өте ауыр шарттарына назар аударғанын, олардың 60%-ы шетелдік кеңесшілерге миллион доллардан тұратын қаламақы төлеуге кететінін еске салды.

«Өткен аптада БАҚ-ы Амстердам соты 5 млрд.АҚШ долларынан астам Ұлттық қордың қаражатына тыйым салғаны туралы хабарлады. Аталған сот қазақстанның Әділет министрлігі мен Ұлттық банктің ұстанымын ғана емес, сонымен бірге британдық соттың шешімін де елемеді.

Біз Үкіметтен бұл жағдайдың себептерін түсіндіруін күтеміз, сондай-ақ жауапты адамдар мен теңгемен 1 трлн.650 млрд-тан астам орасан көлеміндегі ақшаны құтқарып қалудың ықтимал шараларын анықтауды сұраймыз», - деді ол.

Азат Перуашев бұл сыртқы қарыздарға ғана емес, біздің елімізге шетелдік инвесторларды тарту барысында қабылданған міндеттемелерге де өте абай болу керек деп есептейді.

 

«Әлбетте, Парламенттің сыртқы қарыздардың нәтижелері мен тиімділігін, олардың біздің экномикадағы рөлін және іліспе тәуекелдіктерін жеке зерттеу қажеттілігі туындайды», - деп түйіндеді ол. 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс