«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

13 қараша 2017

Мәжіліс депутаты Перуашев жер қойнауын пайдаланудағы пара беру мен жемқорлық жайында мәлімдеме жасады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында  пара беру мен корпоративтік жемқорлық жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Tengrinews.kz корреспонденті. 

Парламенттің төменгі палатасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілетін түзетулер талқыланды.

«Ең алдымен жергілікті қамту мәселелері бойынша осы заң жобасына сұрақтар бар. Аталмыш заң жобасында ресми түрде жарияланған ашықтық, айқындық және бәсекеге қабілеттілік мәлімдемелерінің бәріне  бірқатар наразылық пен күмән туындап отыр. Мысалы, қазақстандық қамту жайлы ақпаратты  құпия мәліметтер қатарына жатқызу ұсынылуда. Не себепті? 2002 жылдан бастап кен өндіруші компаниялардың ашықтығы туралы бастама болды - Қазақстан 2005 жылдан бастап осы бастамаға қосылды.  Шетелдік және біздің жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті жабдықтарды, тауарларды сатып алу талаптарын қаншалықты орындайтынын қоғам білуге толық құқылы, жергілікті қызметкерлер жұмысқа қабылдана ма?», - деп атап өтті Азат Перуашев.

Депутат елдегі кез-келген ірі жер қойнауын пайдаланушылар төңірегінде сырттан ешкімді жолатпайтын, жабдықтаушылар мен мердігерлердің дәстүрлі пулы қалыптасқандығы туралы айтты. «Онда пара беру орын алады, корпоративтік жемқорлық та орын алады, ол туралы да айту керек. Онда қарапайым  бәсекелестікті шектеу және  аффилирлену орын алуда.

Егер біз қазір, осы мәселелерді реттеу функцияларын қандай да бір қауымдастыққа бағыттасақ, онда дәл осы жерде айтамын бұл - корпоративтік жемқорлықты заңдастыру», - деді мәжілісмен.

            Деректеме - Tengrinews.kz

 

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс