«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

13 қараша 2017

«Ақжолдың» талабы бойынша үкімет халық тұтынатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын органдарды айқындайды

13 қараша 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақжолдың» талабы бойынша үкімет халық тұтынатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын органдарды айқындайды – бұл туралы фракцияның депутаттық сауалына жолданған жауаптан белгілі болды.

Ү.ж. 4-ші қарашасында Азат Перуашев нарықты жосықсыз импорттан қорғау талабымен үкіметке сауал жолдағанын еске сала кетейік. Депутат Қазақстанға әкелінетін өнімдердің 40%-дан 60%-ға дейініне ешқандай қауіпсіздік бақылау жасалмайтыныны туралы және БАҚ-ы «сиыр етінің текшесін» сату мысалдарын келтірді (шын мәнінде шошқа және құс қалдықтарынан тұратын);қауіпті қосалқы бөлшектер мен жинақталымдардың себебінен қайғылы оқиғалардың орын алуы; техникалық регламент және Құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып салынған ғимараттардың құлауы, тамақтан улану және т.б. туралы атап өтті.  

«Әлі күнге дейін, тұтыну және азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, техникалық регламенттің сақталуын бақылау қай мемлекеттік органға жүктелгені туралы түсінік жоқ. Тұтынушылардың құқығын қорғау комиеті қайта ұйымдастырылғаннан кейін бұл функция кімге қалғаны қоғамға белгісіз.

Қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін тауарларды алып тастаудың толық жүйесі жоқ. Нәтижесінде, тіпті бір өніммен улану фактісі анықталса да,  мемлекеттік органдар барлық партияны алып тастай алмайды, ал ол уланудың жалғасуына қауіп төндіреді», - деп «Ақ жол» жетекшісі атап өтті және нарықта айналатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылауға жауапты уәкілетті мемлекеттік органды анықтауды, техникалық регламенттерге сəйкес келмейтін өнімдерді айналымнан шығару туралы мəселені қарастыруды ұсынды.

Перуашевтің осы сөздері кезекті растауын тапты, ү.ж. 10-шы қарашасында «Тенгриньюс» сайты Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің ағымдағы жылы 38 тоннаға жуық жалған ет өнімдері тәркіленіп, ал қазақстандық және ресейлік өндірістерінің сиыр өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылғаны туралы ақпаратын жариялады. Бүгін келіп түскен Премъер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қолы қойылған Үкіметтің жауабында, нарық айналымындағы азық-түлік өнімдерді, органикалық өнімдерді өндірудің қауіпсіздігін бақылау және қадағалау өкілеттігі, техникалық регламент талаптарының сақталуын ҚР Денсаулық сақтау Министрлігіне берілді.

Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерді бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды анықтау мәселесі қаралуда.

Бұдан басқа, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен сәйкес келмейтін өнімдерді алу және шығару ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде: техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді алу және қайтарып алу тәртібін айқындау және функцияларын белгілеу.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.

 

 

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс