«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

21 қараша 2017

Қостанайда Байқаудың алғашқы жүлдегерлері анықталды

20 қараша 201жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 «Ақ жол» демократиялық партиясы дәстүрге енген, Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы ізденушілер арасындағы биылғы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының екінші кезеңін өткен жұмада - 17 қараша күні Қостанайда, Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің конференц-залында өткізді. Бұл тіпті де кездейсоқтық емес еді.

         
           Байқауды салтанатты жағдайда ашқан «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев: «Биылғы жылы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының маңызды белесін Қостанайда өткізгеніміз жөн деп шештік. Оның себебі Қостанай жері, басқаларды айтпағанның өзінде, Алаш арыстары: Ахмет пен Міржақыпты дүниеге әкелген қасиетті өлке.Ал, Қостанай Мемлекеттік университеті Ұлт ұстазы атанған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов атын иеленіп отырған еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі» деп атап көрсете келе, ««Алаш» қайраткерлерінің идеялық көзқарастары қазіргі заманғы Қазақстан үшін де өзекті» деп мәлімдеді. Партия көшбасшысы Астанадағы финалдық сайысқа шығуға үміткер болып отырған жас ғалымдар мен ізденушілерге шығармашылық табыс тіледі.

«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің идеологиялық жұмыс бойынша хатшысы, Байқаудың модераторы Сәбит Байдалы жиналған қауымға Қостанай қаласы бойынша Қазылар алқасының төрағасы, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, ф.ғ.к., PhD Сұлтан Хан Аққұлы Жүсіпті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессорлары: ф.ғ.д. Алмасбек Әбсадықовты, ф.ғ.к., жазушы, қоғам қайраткері Ақылбек Шаяхметті таныстырды. Байқаудың шарттарына сәйкес, төрт номинация бойынша, атап айтқанда - Бірінші: «Конституциялық реформа және Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектеріндегі мемлекеттік құрылыс, демократиялық құндылықтар мәселелері»; Екінші номинация: «Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың мәселелері және осы идеяларды қазіргі заманғы  Қазақстанда дамыту»; Үшінші номинация: «Алаш қозғалысы қайраткерлерінің жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның рухани-мәдени жаңғыруы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі»; Төртінші: «Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер»атты номинациялар бойынша келіп түскен зерттеу еңбектерінен Астанада ЕҰУ-нің алаштанушы ғалымдарының сараптамасынан өтіп, іріктелген 20 жұмыстың авторлары жұрт алдында баяндама жасап, өз еңбектерін қорғады. Бір айта кетерлігі, екі ізденушіге: Түркиядан және Австриядан онлайн режімімен қосылуға рұқсат етілді. Байқауға қатысушыларға Қазылар алқасының мүшелері, конкурсқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар жиналған қауым: зиялы қауым өкілдері, университет ғалымдары, студенттер, бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері тарапынан да түрлі сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды.

Нәтижесінде, Қазылар алқасының шешімімен бірінші номинация бойынша Астанадағы «Қазконтент» АҚ журналисі, әлеуметтік ғылымдар магистрі Құмырзақұлы Алтынбектің: «Алаш Орда идеясы – Қазақ мемлекеттілігінің төлқұжаты» атты еңбегі,сондай-ақАлматыдан екі жұмыс: Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының докторанты Әубәкір Арманның «Мемлекеттік идея сабақтастығы: Көне Түрік қағандығы, Қазақ хандығы, Алаш Орда» тақырыбындағы зерттеуі  және   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің 4-ші курс студенті Қамза Айнұрдың «ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элитаның мемлекеттілік идеясына қатысты көзқарастары» жұмысы Астанадағы Жалпыұлттық байқаудың қорытындысын шығаратын ғылыми-тәжірибелік конференцияда сарапқа салынатын бас бәйге үшін өтетін бәсекеге жолдама алды. Екінші номинация бойынша Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының «Бұқар жырау жаршысы» газетінің тілшісі, әлеуметтік ғылымдар магистрі Әбікеева Назерке Мадиярқызының «Алаш қозғалысының әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарының бүгінгі қазақстандық қоғамдағы үндестігі» атты жұмысы, Австрия астанасы Вена университетінің студенті Төлеубаева Иляйлим Серікқызының «Алаш баспасөзі: нарық қатынастарының алғашқы көріністері» еңбегі және Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистріШагимолдин Ержан Өмірханұлының: «Мәшһүр Жүсіптің мәдени-ағартушылық идеясының Алаш қозғалысының экономикалық айқындамасының қалыптасуына ықпалы» атты зерттеуін ақтық сайысқа жіберу ұйғарылды. Үшінші номинация бойынша Түркияның Kocaeli университетінде оқитын Бектөре Мансұровтың «Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы медицинаны дамытушы Алаш қайраткерлері», Қостанай қаласы № 115 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, «тарих» мамандығы бойынша педагогика ғылымының магистрі Дастан Мұратұлының «Әліби Жангелдин және Алаш зиялылары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында» еңбектері және Талдықорған қаласындағы «Алатау» қоғамдық-саяси газетінің журналисі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 1-ші курс магистранты Жеңісқызы Шынардың «Алаш қайраткері М.Тынышбайұлының өміржолына қатысты кейбір деректер» зерттеу жұмысы финалға шықты. Ал, төртінші номинация бойынша Алматы облыстық «Жетісу» газетінің редакция меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі   Тұнғатар Қуаныш Абайбекұлының «Бір ғасыр бұрынғы бостандық» атты Алаш қайраткерлерінің қатысуымен болған белгісіз оқиғалар туралысериялық мақалалар топтамасы, ІІМ Қарағанды академиясының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Жағыпар Әділет Бауыржанұлының  «Алаш қозғалысы тарихындағы ЕСЕП – елін сүйген ерлер партиясының мәні мен маңызы» ғылыми жұмысы және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистранты Ғазизов Ғибрат Дулатұлының «Жақсылық Төленұлы hәм Алаш қайраткерлері» атты еңбегі ақтық сайысқа жолдама алды.  

Сонымен Қостанайда өткен «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық Байқауының екінші кезеңінің қорытындысымен қазірдің өзінде жүлдеге ие болуды қамтамасыз еткен зерттеу еңбектерінің авторлары «Алаш» автономиясының, «Алаш» партиясының, «Алашорда» үкіметінің құрылуының 100 жылдығына арналған Астанадағы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық конференциясында баяндамалар жасап, 4 номинация бойынша бас бәйгелерді сарапқа салатын болады. Ол үшін Астана қаласынан – 3, Алматыдан, Қарағандыдан, Талдықорған қалаларынан екі-екіден, Қостанайдан бір, сонымен қатар Түркиядан және Австриядан бір-бірден, барлығы 12 үміткер күресетін болады. Желтоқсан айының бірінші онкүндігінің ішінде өтуі жоспарланған соңғы турға дейін олардың өз жұмыстарын әлде де жетілдіріп, жақсарта түсетін мүмкіндіктері бар. Ал мұның өзі осымен 5-ші мәрте өткізілейін деп отырған Жалпыұлттық байқаудың Астанадағы финалының мазмұнды өтетініне үміт ұялатады.

Қостанайдағы байқаудың барысында, сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының жыл сайын шығарып жатқан «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» сериялы ғылыми жинағының 4-ші және 5-ші шығарылымының тұсаукесер рәсімі жасалды, осы және Азат Перуашевтің «Полемическая экономика», Сәбит Байдалының «Жұртымның бір керегіне жарасам деп...»  кітаптары университет кітапханасына, байқауға қатысушыларға сыйға тартылды.

    

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс